Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, жерлерді тиімді пайдалану және жер құнарлығын арттыру мақсатында, ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып Теректі аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теректі ауданының келесі елді мекендердің шекаралары (шегі) өзгертілсін:
1) Ақсуат ауылына 1210,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 2578,9 гектарына өзгертілсін;
2) Барбастау ауылына 131,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 849,1 гектарына өзгертілсін;
3) Богданов ауылына 442,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 948,5 гектарына өзгертілсін;
4) Долинск ауылына 2362,7 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3687,2 гектарына өзгертілсін;
5) Жайық ауылына 639,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1069,0 гектарына өзгертілсін;
6) Мамбетбай ауылына 43,3 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1089,8 гектарына өзгертілсін;
7) Жаңа Өмір ауылына 964,3 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3353,9 гектарына өзгертілсін;
8) Новопавлов ауылына 350,2 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 1582,4 гектарына өзгертілсін;
9) Подстепный ауылына 1589,6 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 2893,6 гектарына өзгертілсін;
10) Покатилов ауылына 1017,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 3947,0 гектарына өзгертілсін;
11) Тоқпай ауылына 360,2 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 369,1 гектарына өзгертілсін;
12) Федоров ауылына 1605,9 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 6777,6 гектарына өзгертілсін;
13) Юбилейный ауылына 105,0 гектар ауылдың аумағына енгізіліп, 212,6 гектарына өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Теректі ауданының әкімі
С. И. Серікқалиева А. Ю. Горобцов
Аудандық мәслихат хатшысы
М. О. Төлегенов