Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Төңкеріс ауылы тұрғындарының пікірін және ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 қазандағы N 1 хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Төңкеріс селолық округінің Төңкеріс ауылындағы "Садовая" көшесінің атауы "Жеңіс" болып өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төңкеріс селолық округінің әкімі А. Рахметов