2011 жылы Шыңғырлау ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 19 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 7-13-136 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 01.04.2011 № 1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Шыңғырлау ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шыңғырлау ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде қамтамасыз етсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы       Б. Үмбетәлиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Шыңғырлау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Шутанов Мейрам Болатұлы
      09.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Шыңғырлау
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Қалмен Толыбай Қалменұлы
      09.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады