Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 қаңтарда № 6757 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.12.2020 № ҚР ДСМ-233/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 3-тармағына сәйкес және алкогольден мас күйге түсуші (уыттанған) тұлғаларды уақытша бейімдеу және детоксикация жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесі бекітілсін.

      2. "Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған тұлғаларды есепке алу, қарау және емдеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 5954 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы қаңтардағы, № 1, 366-құжатта жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған тұлғаларды есепке алу, бақылау және емдеу ережелерінде:

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орта дәрежедегі алкогольдіқ мас болу жағдайында пациенттерді орналастыру жағдайдалрынан басқа, жай алкогольдік мас болудың кез-келген жағдайында шұғыл айғақтары бойынша наркологиялық ұйымға пациенттерді емдеуге жатқызу үшін негіз болып табылмайды.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Б. Садықов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________ С. Баймағанбетов

      2011 жылғы "__" _________



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен бекітілген

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының
қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – ереже) ішкі істер органдары қызметкерлерінің немесе азаматтардың көмегімен жеткізілген, алкогольден мас күйіндегі (уыттанған) пациенттерді Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында (бұдан әрі – орталық) емдеуге жатқызу және наркологиялық көмек көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Бұл ережеде келесі анықтамалар қолданылады:

      Пациент – медициналық қызметті тұтынушы болып саналатын (саналған) жеке тұлға.

      Детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;

      Уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс.

      Мас болу (уыттану) алкогольді пайдалануы салдарынан туындайтын психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жағдай болып табылады.

      3. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы алкогольден мас болған (уыттанған) пациенттерді емдеуге арналған, наркологиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетуші, наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      4. Азаматтардың келісімінсіз наркологиялық көмек "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес көрсетіледі.

2. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының
қызметін ұйымдастыру

      5. Жеткізілген пациенттің жеке басын ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтайды және орталықтың медицина қызметкерлеріне хабарланады.

      Орталыққа жеткізілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы оны емдеуге жатқызудан және оған орталық жағдайында наркологиялық көмек көрсетуден бас тартуға негіз болмайды.

      Орталыққа жеткізілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, нарколог дәрігер медициналық құжатта жеке басы туралы деректерді оның өз сөзі бойынша жазылғандығын көрсетеді.

      Орталыққа жеткізілген пациент өзі туралы жеке басының деректерін хабарлаудан бас тартқан немесе мүмкіндігі болмаған жағдайда, медициналық құжат оның жеке басын анықтағанға дейін белгісіз пациентке берілген құжат ретінде рәсімделеді.

      6. Орталыққа жеткізілген пациент денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар бекіткен науқастарды қабылдауды және емделуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналында тіркеледі. Журнал пациенттерді қабылдау кабинетінде сақталады және орта медицина қызметкері толтырады.

      7. Жеткізілген пациентті медициналық куәландыруды ішкі істер органдары қызметкерлерінің жазбаша жолдамасы (баянхат) ұсынылғаннан кейін нарколог дәрігер жүзеге асырады.

      Орталыққа пациентті азаматтар жеткізген жағдайда медициналық куәландыру осы ереженің 6-тармағына сәйкес оны тіркеген соң өткізіледі.

      8. Орталыққа жеткізілген әр пациентке медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін орталықта жүргізілген медициналық куәландыру (бұдан әрі – қорытынды) туралы осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалынады.

      Орталыққа пациентті ішкі істер органдарының қызметкерлері жеткізген жағдайда, нарколог дәрігердің қолымен расталатын қорытынды екі данада әзірленеді. Бұл қорытындының бір данасы пациентті орталыққа жеткізген ішкі істер органдарының қызметкеріне беріледі, екінші данасы наркологиялық ұйымда сақталады.

      Орталыққа пациентті азаматтар жеткізген жағдайда, қорытынды бір данада әзірленеді және наркологиялық ұйымда сақталады.

      9. Қорытынды шығару үшін жеткізілген пациенттің клиникалық жағдайы туралы деректер негіз болып саналады. Зертханалық және аспаптық тексеру әдістері қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

      10. Қорытындыда жеткізілген пациенттің клиникалық жағдайы мынадай қорытындылар бойынша нақты түрде жазылуы тиіс:

      1) орталыққа емдеуге жатқызылады;

      2) орталыққа емдеуге жатқызуға қарсылық білдірілді.

      11. Наркологиялық көмек көрсету мақсатында орталыққа жатқызуды нарколог дәрігер шығарылған қорытындының негізінде тәулік бойы жүргізеді.

      12. Орталыққа емдеуге алкогольден мас болудың (уыттану) орташа деңгейіндегі пациенттер жатқызылады.

      13. Келесі санаттағы тұлғалар орталыққа емделуге жатқызылмайды:

      1) дәрі-дәрмектік емдеуді қажет етпейтін алкогольден жеңіл деңгейдегі мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар;

      2) жіті терапияны қажет ететін алкогольден ауыр деңгейлі мас күйдегі (уыттанған) тұлғалар;

      3) алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы бассүйек-ми жарақаты симптомдарымен, ми қан айналымының жіті бұзылу, жіті коронарлық патология, жұмсақ тіндердің көлемі үлкен жарақаты, сүйектің сынуы мен экзоуытты шок симптомдарымен және жіті немесе тиімді терапияны талап ететін және басқа жағдайдағы тұлғалар;

      4) асқыну және (немесе) декомпенсация сатысындағы ілеспелі соматикалық патологиясымен алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар;

      5) жіті психотикалық жағдайдағы алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы тұлғалар;

      6) балалар.

      14. Осы ереженің 13-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар орталықтың нарколог дәрігерінің жолдамасы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасымен тиісті медициналық ұйымның бейінді бөлімшесіне жеткізіледі.

      15. Орталыққа жеткізілген алкогольден мас болу (уыттану) жағдайындағы бала оның заңды өкілдерінің келісімімен медициналық ұйымның бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      16. Орталық жұмысын ұйымдастырылуы мен тәртібі шектен тыс тұтыну заты болып табылатын алкогольдік сусындарды және (немесе) басқа психоактивті заттарды мүлдем кіргізбеуі тиіс.

3. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының
пациенттерін емдеуге жатқызу және шығару тәртібі

      17. Жеткізілген пациентті орталыққа емдеуге жатқызу алдында медицина қызметкері жатқызылатын пациенттердің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналына пациенттің құжаттары мен жеке заттарының (киім, ақша және басқа да құндылықтар) бар екендігі жөніндегі мәліметті енгізеді. Жатқызылатын пациенттердің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналының үлгісі осы ережеге 2-қосымшада бекітілген.

      18. Журналға енгізілген құжаттар мен жеке заттардың (киім, ақша және басқа да құндылықтар) бар екендігі туралы мәліметті енгізген медицина қызметкері мен ішкі істер органы қызметкерінің немесе орталыққа жеткізген азаматтардың қолдарымен расталады.

      19. Журналдың беттері нөмірленуі, байлануы және наркологиялық ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс.

      20. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің киімі жеке шкафтарда сақталуы тиіс. Құжаттары, ақшалары мен басқа құндылықтары қапшықтарға салынып, металл шкафтарда (сейфтерде) сақталады. Киім мен қапшыққа арналған шкаф бірдей реттік нөмірде болуы керек.

      21. Орталыққа жатқызылатын пациент міндетті түрде санитариялық-гигиеналық тазартуға түседі. Жұқпалы-паразиттік аурулар анықталған жағдайда тиісті санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар өткізіледі.

      22. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына емдеуге жатқызылған әр пациентке осы Ереженің 3 қосымшасында бекітілген тұлғаның медициналық картасы толтырылады. Орталыққа жеткізілген пациентті емдеуге жатқызу барысында шығарылған қорытынды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына емдеуге жатқызылған пациенттің картасына қоса тігіледі.

      23. Орталықта наркологиялық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес көрсетіледі. Дәрігердің тағайындаулары Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің картасына енгізіледі. Пациентті динамикалық бақылау нәтижелері Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің картасына қоса тіркеледі. Дәрігерлік қарау мерзімі пациенттің жағдайына байланысты болады.

      24. Пациентті емдеуге жатқызу кезінде оның өзіне қол жұмсауына, зақым келтіруі мен басқа да жазатайым жағдайлар әрекеттеріне, сондай-ақ айналасындағылардың денсаулығына залал келтіруіне жол бермеу үшін медицина қызметкері профилактикалық шаралар қабылдайды.

      Орталықтың медицина қызметкері Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің мінез-құлқына және денсаулық жағдайына тұрақты қадағалау жасайды.

      25. Орталықта әйел пациенттер ер пациенттерден бөлек орналастырылады.

      26. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің орталықтан емделіп шығуы клиникалық айғақтары бойынша жүзеге асырылады. Шығару кезінде нарколог дәрігер Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жатқан пациенттің әрі статистикалық карта болып саналатын картасына тиісті жазулар жазады.

      27. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациентті шығаруды жоспарлы тәртіппен нарколог дәрігер пациенттің түскен сәтінен бастап бір тәуліктің ішінде орталық жағдайында одан әрі бақылау мен емдеуді қажет етпейтін жай-күйінің жақсаруына қол жеткізілген жағдайда жүзеге асырады.

      28. Пациенттің соматикалық және (немесе) психикалық жағдайы нашарлаған жағдайда оны мамандандырылған басқа медициналық ұйымдарға ауыстыруды жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады.

      29. Орталыққа емдеуге жатқызылған пациент өз құжаттары мен жеке заттарын алған жағдайда, құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналындағы жазбаға сәйкес толық алғандығын жазбаша растайды.

      30. Шығару кезінде емделіп шығушы пациенттің қалауы бойынша орталықта болғандығы туралы анықтама беріледі.

      31. Шығаруға дейін кем дегенде бір сағат бұрын орталықтың медицина қызметкері пациентті шығару туралы оны орталыққа жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне хабарлайды.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталығының
қызметі туралы ережеге
1-қосымша

Орталықта жүргізілген медициналық куәландыру туралы
қорытынды

      1. Жеткізілген пациенттің тегі, аты мен әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      Жасы (туған жылы) _____________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________

      Жұмыс орны, лауазымы __________________________________________

      Кім жеткізді және қашан (нақты уақыты) жеткізілді _____________

      _____________________________________________________________________

      Клиникалық тексеру күні мен нақты уақыты ______________________

      Кім тексерді (дәрігер) ________________________________________

      2. Жеткізудің негізі мен себебі _______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Жеткізілген пациенттің анықталған жағдайы __________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жеткізілген пациенттің сырт бейнесі (киімінің, терісінің жағдайы, зақымдардың болуы, жарақаты, көгеруі және т.б.) ____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жеткізілген пациенттің мінез-құлқы: ширыққан, тұйық, ашушаң, қозғыш, озбыр, масайраулы, сөзқұмар, беймаза, ұйқышыл, тежеулі, өз жағдайына шағымдануы ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Ақыл-ес жағдайы, орнын, уақытты, жағдайды және өз-өзін бағдарлай алуы ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Сөйлеу қабілеті: сөзінің байламдылығы, сөйлеу мәнерінің бұзылуы, міңгірлеп сөйлеу және т.б. _________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Вегетативтік-қан тамырлары реакциясы (тері қабатының, көздің, тілдің сілемейлі қабығының, тершеңдік, сілекей ағу жағдайлары) _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тыныс алуы: жиілеуі, баяулауы _________________________________

      Пульсі, артериялық қысымы _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қарашық: кішірейген, үлкейген, жарыққа реакциясы ______________

      Жан-жағына қарау кезіндегі нистагм ____________________________

      9. Қимыл-қозғалысы ____________________________________________

      Мимикасы: солғын, жанды _______________________________________

      Жүрісі (теңселуі, жүргенде аяқтарының шалынысуы), шайқалып жүруі (бұрылу кезінде теңселуі) _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ромберг позасында тұруы _______________________________________

      Дәлме-дәл қозғалыстар (еденнен тиын көтеру, саусақ-мұрын сынамасы) ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кірпіктің, тілдің, қол саусақтарының дірілі _________________________

      10. Нерв-психикалық аурулары, мидың зақымдануы, жадап-жүдеу белгілерінің болуы. Бастан өткерген жарақаттануының болуы (жеткізілген тұлғаның айтуы бойынша) ________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      11. Алкогольді соңғы тұтынуы жөнінде мәлімет: субъективті, объективті __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      12. Ауыздан алкоголь исінің білінуі ___________________________

      13. Зертханалық, аспаптық тексеру мәліметтері (олар өткізілген жағдайда) ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      14. Диагнозы, жағдайы _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      15. Қорытындылар (осы ереженің 14-тарауында көзделген): _______

      _____________________________________________________________________

      Нарколог дәрігер ________________ _____________________________

      қолы Т.А.Ә.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталығының
қызметі туралы ережеге
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

№ 055-1/е нысанды медициналық құжаттама

Ұйымның атауы

Медицинская документация Форма № 055-1/у


      Пациенттің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналы

р/с

Орталыққа емдеуге жатқызылған күні мен нақты уақыты

Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің тегі, аты мен әкесінің аты

Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің құжаты

Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің * жеке заттары

Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің ** ақшасы

Тегі, аты мен әкесінің аты лауазымы, тізімді растаушы қолы

1

2

3

4

5

6

7


      Ескертпе:

      * Орталыққа емдеуге жатқызылған пациенттің жеке заттарын тіркеп жазуда ерекше сыртқы сипатын қамтуы тиіс (түсі, мөлшері, тозуы, басқа да кемшіліктері (зақымдануы және т.б.).

      ** Ақшаларын тіркеп жазуда валютаның түрін, купюрлердің құнын, олардың саны мен жалпы сомасын көрсету қажет.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталығының
қызметі туралы ережеге
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

№ 055/е нысаңды медициналық құжаттама

Ұйымның атауы

Медицинская документация Форма № 055/у

УАҚЫТША БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ДЕТОКСИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ПАЦИЕНТТІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КАРТАСЫ

      КАРТА ЛИЦА, НАХОДЯЩЕГОСЯ В ЦЕНТРЕ ВРЕМЕННОЙ АДАПТАЦИИ И ДЕТОКСИКАЦИИ №___________

      1. Тегі (Фамилия) ___________________________________________

      Аты (Имя) _________________________ Әкесiнiң аты

      (Отчество) ___________________________________________

      2. Туған күнi (Дата рождения) /______/______/__________/

      кк/аа/жжжж (дд/мм/гггг)

      3. Жынысы (Пол): ер (муж)-1, әйел (жен)-2

      4 Ұлты (Национальность) _____________________________5. Тұрғыны (Житель): қаланың (города) – 1, ауылдың (села) – 2

      6. ЖСН (ИИН) ____|____|____|____|____|____|____|____|____|

      7. Медициналық тiркеу нөмiрi |____|____|____|____|____|____|

      (Регистрационный медицинский номер)

      8. Мекен-жайы (Место жительства)

      _______________________________________________________________

      елi, облысы, әкiмшiлiк ауданы (страна, область, административный

      район)_____________________________________________________________________

      елдi мекен, көше, үй, пәтер (населенный пункт, улица, дом, кв.)

      9. Әлеуметтік мәртебесі (Социальный статус): 1- қызметкер (служащий), 2- жұмыскер (рабочий), 3- (фермер), 4 - зейнеткер (пенсионер), 5 - оқушы (учащийся), 6- үй шаруасындағы әйел (домохозяйка), 7 – жеке еңбекпен айналысатын тұлға (лицо,занят.индивид.трудом), 8- табынушы (служитель культа), 9 - жұмыссыз (безработный), 10- басқалар (прочее), 11 - БТЖЖ (БОМЖ)

      10. Жатқызу күнi мен уақыты (Дата и время помещения)

      ______/______/______ ______/______ ______/______ ______/______

      кк/аа/жж (дд/мм/гг) сағаты, мин (часы, мин)

      11. Динамикалық бақылау мәліметтері (Данные динамического наблюдения):

Күнi мен уақыты

(Дата, время)

Объективті жағдайының мәліметтері

(Данные объективного статуса)

Көрсетілетін шаралар

(Назначения)

1

2

3





      12. Шыққан (қайтыс болған) күнi мен уақыты: (Дата и время выписки (смерти))

      _____/______/______ ______/______ _____/_____

      кк/аа/жж (дд/мм/гг) сағаты, мин (часы, мин)

      13. Өткiзген төсек-күндерi (Проведено койко-дней) _________

14.

Диагноз

ХАЖ коды (код по МКБ-10)

1. Қорытынды клиникалық диагноз

Заключительный клинический диагноз



2. Асқынулары

Осложнения



3. Қосалқы сырқаты 1

Сопутствующее заболевание 1



4. Қосалқы сырқаты 2

Сопутствующее заболевание 2



5. Патологоанатомиялық диагноз

Патологоанатомический диагноз/причина смерти




      15. Орталықта болуы немен аяқталуы (Исход пребывания): шықты (выписан) – 1, ауыстырылды (переведен) – 2,

      қайтыс болды (умер )– 3, өздiгiнен кетуi (самовольный уход) – 4

      16. Дәрiгер (Врач): Т.А.Ә. (Ф.И.О.) ______________ Код ________

      Қолы (Подпись) _______________

      17. Орталықтың меңгерушісі

      (Зав. центром): Т.А.Ә.(Ф.И.О.) ___________________ Код ________

      Қолы (Подпись) ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады