"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер Министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 08-1-1-1/563 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 желтоқсанда № 10053 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 09.12.2016 № 11-1-2/585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер Министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6783 болып тіркелген, 2011 жылы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды;

      Шетелдердегі мекемелер ресімделген материалдарды өзінің қорытындыларымен бірге Сыртқы істер министрлігіне жолдайды, Сыртқы істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен және өз қорытындысын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс органына ұсынады;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығын тіркейді;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындайды.

      4. Азаматтықты өзгерту мәселелеріне байланысты өтініштер міндетті түрде тіркелуі және қаралуы тиіс.

      Қолдаухатты беруші адамдар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шет елдердегі мекемелер:

      халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан азаматына қатысты оның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кіргенін растайтын құжаттар не басқа анық мәліметтер болса;

      егер азаматтықты көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынғаны анықталған болса;

      егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.".

      2. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е.Ыдырысов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады