"Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаладың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 наурызда № 6804 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6369 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 246-247 (26307-26308) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін:
      1-тармағында «уақытша әкелу кезінде» деген сөздердің алдынан «олар» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармағында:
      бірінші бөлігінде «уақытша әкелу кезінде» деген сөздердің алдынан «олар» деген сөзбен толықтырылсын;
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;»;
      екінші бөлігінде «уақытша әкелінген тауарлар» деген сөздер «осындай уақытша әкелінген тауарлардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармағында:
      14) тармақшасында:
      «уақытша әкелінген тауарлар» деген сөздерден кейін «бойынша» деген сөзбен толықтырылсын;
      «көрсетіледі.» деген сөз «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) салық салу базасы көрсетіледі.»;
      көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                          Б. Жәмішев

«Тұрақты мекеме құрмай қызметін   
жүзеге асыратын резидент емес     
заңды тұлғалардың Қазақстан       
Республикасының аумағына уақытша  
әкелінуі қосылған құн салығын     
төлеуден босатылатын тауарлар     
тізбесінде көзделмеген тауарларды 
Қазақстан Республикасының аумағына
уақытша әкелу кезінде қосылған құн
салығы бойынша салық міндеттемесін
орындау ережесін бекіту туралы»   
Қазақстан Республикасы Қаржы      
министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 350 бұйрығына толықтырулар мен  
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің    
2011 жылғы 25 ақпандағы № 101     
бұйрығына қосымша           

«Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге  
асыратын резидент емес заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының аумағына      
уақытша әкелінуі қосылған құн салығын   
төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде
көзделмеген тауарларды Қазақстан        
Республикасының аумағына уақытша әкелу  
кезінде қосылған құн салығы бойынша салық
міндеттемесін орындау ережесіне қосымша 

нысан     

Уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде
көлік құралдары туралы мәлімет

Нөмір  Күні  Айы  Жылы





Беті | 1 | -ден |    |

Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі

СТН/(БСН|ЖСН)
Елдің коды

01 _________________________________________________________________
               (резидент-емес заңды тұлғаның атауы)

02 _________________________________________________________________
                      (Орналасқан (тұрғылықты) жері)

03 Шарттың (келісімшарттың)№ ______
Шарттың (келісімшарттың) күні__________ 20___ж.
№ сертификациялау _______, _______ сертификациялау күні ____, ____

№ р/с

Тауардың атауы

СЭҚ ТН коды

Тауардың өлшем бірлігі

Тауар саны

Тауардың құны

Валюта

Салық салу базасы

ҚҚС сомасы

Көлік (тауарға ілеспе) құжат

Әкелу күні

Болжамды әкету күні

Коды

Коды

Сериясы, нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Барлығы:

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х


х

______________________________/__________/ «____»_________20____жылғы
 (салық төлеушінің атауы)      (қолы)       (күні)

М.О.
___________________________________________/_____________/
(нысанды қабылдаған қызметкердің аты-жөні)     (қолы)

Нысанды қабылдау күні «____»__________________20____ жылғы салық қызметі органның М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады