"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 17-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 наурызда № 6806 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А. Манабаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Г. Әбдіқалықова

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ С. Қайырбекова
      2011 жылғы «__» __________

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      ____________ Б. Жұмағұлов
      2011 жылғы «__» __________

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 21 қаңтардағы  
№ 17-ө бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты     
әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 286-ө бұйрығымен бекітілген

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері», 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750  «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы», 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» қаулыларына сәйкес әзірленген және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеудің тәртібін белгілейді.
      2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) - мүгедекті оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.
      ОЖБ организмнiң бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды.
      ОЖБ жүргізілген сарапшылық-оңалту диагностикасының нәтижесіне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты әзірленеді.

2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу тәртібі

      3. ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедекті куәландырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлейді.
      4. ОЖБ мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) өтініші негізінде, мынадай құжаттардың:
      1) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінің, он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін – туу туалы куәліктің көшірмесінің және салыстыру үшін түпнұсқасының;
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы. Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);
      3) 088/у нысаны немесе медициналық ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысының (мүгедектігі куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда немесе ОЖБ түзеткен жағдайда);
      4) мүгедектігін растайтын анықтама көшірмесінің және салыстыру үшін түпнұсқасының (мүгедектігі куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда немесе он алты жасқа толғанға дейін);
      5) динамикалық тексерілуді талдау үшін амбулаториялық науқастың медициналық картасының;
      6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік көшірмесінің және салыстыру үшін түпнұсқасының;
      7) ОЖБ кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін:
      - еңбек қызметі туралы мәліметтің (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі);
      - еңбек сипаты мен еңбек жағдайын өзгертуге мұқтаж мүгедектер үшін өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәліметтің;
      8) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін тәрбиелеудің, білім берудің түрлері мен нысандарын айқындау үшін көрсетілімдерді белгілеген жағдайда - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының ұсынылуымен әзірленеді.
      5. ОЖБ әзірлеу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) оңалту-сараптамалық диагностика жүргізу;
      2) оңалту іс-шараларының түрлерін, шарттарын, көлемі мен орындау мерзімдерін айқындау.
      6. Оңалту-сараптамалық диагностика - клиникалық болжамның, оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.
      Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректерді, аурудың этиология, патогенез және ағымының ерекшеліктерін, тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған жарақаттар мен кемістіктердің салдарын талдауға, тиімді емдеу мүмкіндіктеріне негізделген аурудың, жарақаттар мен кемістіктердің даму және аяқталу болжамы.
      Клиникалық болжам былайша бағаланады:
      1) қолайлы – организмнің бұзылған функцияларының және тіршілік-тынысы шектелуінің толық сауығуы (толығымен қалпына келуі) немесе орнының толтырылуы;
      2) біршама қолайлы – аурудың, жарақаттың немесе кемістіктің қалған белгілері сақталған толық емделмеу, организмнің бұзылған функцияларының және тіршілік-тынысы шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы немесе ішінара орны толтырылуы;
      3) қолайсыз – денсаулық күйін тұрақтандыру, патологиялық процестің өршуін тоқтату және организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін төмендету мүмкіндігінің болмауы;
      4) күмәнді – аурудың, жарақаттану немесе кемістік салдарының түсініксіз ағымы.
      Оңалту әлеуеті – денсаулық күйінің (толық саулықтан функциялардың айқын білініп бұзылуына дейін), тіршілік-тынысының (қалыптысынан әрекет етуге, оның ішінде еңбек қызметін атқаруға қабілетсіздікке дейін) және әлеуметтік жағдайының (қалыптысынан өзге адамдарға толығымен тәуелді болуға дейін) сипаттамасын талдауға негізделетін биологиялық, психофизиологиялық және әлеуметтік-орта факторларының кешені.
      Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:
      1) жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
      2) қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;
      3) төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;
      4) оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өздігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.
      Оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды ықтималдығы және мүгедектің қоғамға кірігуінің болжамды деңгейі.
      Оңалту болжамы былайша бағаланады:
      1) қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысындағы шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігу мүмкіндігі;
      2) біршама қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелуі санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі, олардың шектелу дәрежесінің төмендеуі немесе тұрақтануы, мүгедектің кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілетінің кеңеюі;
      3) күмәнді – болжамның анық болмауы;
      4) қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
      Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
      Оңалту-сараптамалық қорытындының мазмұны мен құрылымы клиникалық болжамға, оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады.
      7. ОЖБ әрбір оңалту іс-шарасының іске асырылу мерзімін көрсете отырып, мүгедектіктің белгіленген мерзіміне әзірленеді.
      Аумақтық бөлімше орындалған оңалту іс-шараларының тиімділігін, сапасы мен толықтығын бағалау және ОЖБ уақтылы түзету мақсатында мүгедектік куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдар үшін динамикалық бақылау күнін белгілейді.
      Оңалту іс-шараларының орындалмауының себептеріне байланысты, көрсетілімі болған кезде аумақтық бөлімше оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері бойынша қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.
      8. ОЖБ:
      1) ОЖБ картасынан (1-қосымша);
      2) ОЖБ картасынан үзінді көшірмеден (2-қосымша);
      3) ОЖБ медициналық бөлігінен (3-қосымша);
      4) ОЖБ әлеуметтік бөлігінен (4-қосымша);
      5) ОЖБ кәсіптік бөлігінен (5-қосымша);
      6) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәліметтерден (6-қосымша) тұрады.
      ОЖБ медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты әзірленеді.
      9. ОЖБ медициналық бөлігі медициналық ұйымдардың 088/у нысанда көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының негізінде, ал мүгедектігі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген және/немесе ОЖБ түзетуге мұқтаж адамдарға медициналық ұйымның ДКК қорытындысында көрсетілген ұйғарымдардың негізінде әзірленеді.
      10. ОЖБ әлеуметтік бөлігі 088/у нысанда көрсетілген, жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің немесе медициналық ұйымның ДКК қорытындысы негізінде әзірленеді.
      11. ОЖБ кәсіптік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің негізінде әзірленеді.
      Мүгедек балалар үшін ОЖБ кәсіптік бөлігі олардың психикалық жай-күйі, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
      Жұмыс істейтін мүгедектерге оңалтудың кәсіптік бөлігі еңбек қызметі туралы мәліметтер және өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер ескеріле отырып әзірленеді.
      12. Куәландырылатын адамның деректері мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкіне (бұдан әрі – МОДБ) енгізіледі, мұнда ОЖБ қалыптастырылып, кейіннен басылып шығарылады.
      Басылып шығарылған ОЖБ оны әзірлеген бас маман және аумақтық бөлімшенің бастығы қол қояды, куәландыру үшін мөртабанмен расталады.
      13. ОЖБ картасы медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне тігіледі.
      14. ОЖБ картасынан үзінді көшірме:
      - мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі;
      - мүгедекті кешенді оңалту мақсатында амбулаторлық науқастың медициналық картасына тігіледі.
      15. ОЖБ бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері 3 жұмыс күні ішінде:
      1) ОЖБ медициналық бөлігі (3-қосымша) – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға және/немесе қызметкер зардап шеккен ұйымға (мекемеге);
      2) ОЖБ кәсіптік бөлігі (45-қосымшалар) - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына және/немесе қызметкер зардап шеккен ұйымға жолданады.
      16. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үзіліссіздігі, жүргізілген оңалту шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.
      17. Медициналық оңалтуды медициналық ұйымдары жүргізеді.
      18. Әлеуметтік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) жүргізеді.
      19. Кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары және білім беру ұйымдары жүргізеді.
      20. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай ОЖБ медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктеріне ОЖБ орындалуына жауапты басшысы қол қояды, мөртаңбалармен расталады және аумақтық бөлімшеге қайтарылады.
      ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің орындалғаны туралы деректерді халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары МОДБ енгізеді. ОЖБ медициналық бөлігінің орындалғаны туралы деректер және жұмыстағы мертігу және кәсіптік ауру салдарынан болған мүгедектің ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің орындалғаны туралы деректерді МОДБ аумақтық бөлімшелер енгізеді.
      21. Оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырады.
      22. ОЖБ іске асырылуы туралы қорытындыны аумақтық бөлімше оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалаудың негізінде алқалық талқылаудан кейін шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді және куәландыру үшін мөртабанмен расталады.

Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу  
ережесіне 1-қосымша    

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ картасы)

20___ жылғы «___» ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы «___» ___________

1. Т.А.Ә. ___________________ Туған жылы, айы, күні _________________
2. Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________
5. Мүгедектік _____ _________ ___________ дейінгі мерзімге белгіленді
6. Клиникалық болжам: (қолайлы, біршама қолайлы, қолайсыз, күмәнді)
7. Оңалту әлеуеті: (жоғары, қанағаттанарлық, төмен, оңалту әлеуетінің болмауы)
8. Оңалту болжамы: (қолайлы, біршама қолайлы, күмәнді, қолайсыз)
9. Диагноз __________________________________________________________
10. Оңалту-сараптама қорытындысы:
- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар ________________ әзірлеу күні _____ ж. ____ ______________
іске асыру мерзімі ______ ж. ____ ____________
іс-шаралар ________________ әзірлеу күні _____ ж. ____ ______________
іске асыру мерзімі ______ ж. ____ ____________

- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:

- оңалтудың кәсіптік бөлігі:

11. Динамикалық бақылау күні _____ж. ____ _______
Қорытынды (деректер МОДҚ-ға енгізіледі) _____________________________
_____________________________________________________________________
                  (динамикалық бақылау күні, қолы)

12. Тұжырымдары:
      1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
      2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.

      Т.А.Ә. ______________________________________________ ________
              ОЖБ әзірлеген аумақтық бөлімшенің бас маманы   (қолы)

      Т.А.Ә. ______________________________________________ ________
                       аумақтық бөлімшенің бастығы           (қолы)

Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу  
ережесіне 2-қосымша    

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан
үзінді көшірме

      Т.А.Ә. _______________________________________________ ________
               ОЖБ әзірлеген аумақтық бөлімшенің бас маманы   (қолы)

      Т.А.Ә. _______________________________________________ ________
                       аумақтық бөлімшенің бастығы            (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны
кесу сызығы --------------------------------------------------------

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан
үзінді көшірме
(мүгедекті жіберген медициналық ұйым үшін)

ережесіне 3-қосымша    

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі

20___ жылғы «___» ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы «___» ___________

1. Т.А.Ә. ___________________ Туған жылы, айы, күні _________________
2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________
5. Диагноз __________________________________________________________
6. Мүгедектік ____ ___________ __________ дейінгі мерзімге белгіленді

р/с

Оңалту іс-шаралары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

Орындалуы (ОЖБ іске асырылуына жауапты маман толтырады)

Орындалмау себебінің негіздемесі

курстардың ұзақтығы және еселігі

іске асыру мерзімі, ОЖБ іске асыруға жауапты

орындау орны (стационар, оңалту орталығы, санаторий)

курстардың ұзақтығы және еселігі

орындау күні, ОЖБ іске асырылуына жауапты маманның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Санаторлық емдеу (енгізіп жазу)

2.

Қалыпқа келтіру хирургиясы (енгізіп жазу)

3.

Санаторлық емдеу (денсаулық сақтау ұйымының желісі бойынша өткізіледі) (бейінді көрсету)

4.

Басқалары (енгізіп жазу)

      ОЖБ әзірлеген аумақтық
      бөлімшенің бас маманы ______________________________ __________
                                       Т.А.Ә.                (қолы)

      Аумақтық бөлімшенің
      бастығы      _______________________________________ __________
                                   Т.А.Ә.                    (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

7. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________

      Басшысы ___________________________________________ __________
                              Т.А.Ә.                        (қолы)

МО

8. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау (астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

      Аумақтық бөлімшенің
      бастығы      _______________________________________ __________
                                   Т.А.Ә.                    (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу  
ережесіне 4-қосымша    

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі

20___ жылғы «___» ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы «___» ___________

1. Т.А.Ә. ___________________ Туған жылы, айы, күні _________________
2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________
5. Диагноз __________________________________________________________
6. Мүгедектік ____ ___________ __________ дейінгі мерзімге белгіленді

р/с

Оңалту іс-шаралары

Іске асыру мерзімі, ОЖБ іске асыруға жауапты

Орындау күні

Орындаушы

Орындалмау себебінің негіздемесі,

аумақтық бөлімшенің маманы толтырады

ОЖБ іске асырылуына жауапты маман толтырады

1

2

3

4

5

6

1.

Протездік-ортопедиялық көмек көрсету:
қол протездері;
жіліншік
протездері;
жамбас протездері;
кеуде бездерінің протездері;
аппараттар, туторлар, ортездер;
балдақтар, таяқтар, жетек арбалар, корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбарлары;
ортопедиялық аяқ киім және қосымша тетіктер (кебістер, супинаторлар);
аппараттарға арналған аяқ киім

2.

Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету: есту аппараттары; бейнекомпьютерлер; көп функционалды сигналдық жүйелер; телефакс; мәтіндік хабарламасы бар және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар; саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар

3.

Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету: таяқтар; тифломагнитолла; оқу машинасы; компьютерлік тифлокешендер; Брайл жүйесі бойынша жазу құралы; рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; диктофон; дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер; нашар көретін адамдарға арналған сағаттар

4.

Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету (салмағы __, бойы__, жамбас көлемі __ енгізіп жазу):
несеп қабылдағыштар;
нәжіс қабылдағыштар;
памперстер

5.

Арнаулы жүріп–тұру құралдарымен қамтамасыз ету (кресло-арбалар) (салмағы __, бойы__, жамбас көлемі __ енгізіп жазу):
бөлмелік;
серуендік

6.

Әлеуметтік қызметтер көрсету:
жеке көмекші; ымдау тілі маманы

7.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету:

7.1

стационарлық жағдайда:

7.1.1

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған МӘМ;

7.1.2

балаларға арналған психоневрологиялық МӘМ;

7.1.3

психоневрологиялық МӘМ;

7.1.4

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ;

7.2

жартылай стационарлық жағдайда:

7.2.1

оңалту орталығы;

7.2.2

күндіз болу орталығы (бөлімшесі)

7.2.3

аумақтық орталық;

7.3

үй жағдайында:

8.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары желісі бойынша өткізілетін санаторлық-курорттық емдеу

9.

Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту

      ОЖБ әзірлеген аумақтық
      бөлімшенің бас маманы ______________________________ __________
                                       Т.А.Ә.                (қолы)

      Аумақтық бөлімшенің
      бастығы      _______________________________________ __________
                                   Т.А.Ә.                    (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

7. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________

      Басшысы ___________________________________________ __________
                              Т.А.Ә.                        (қолы)

МО

8. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау (астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

      Аумақтық бөлімшенің
      бастығы      _______________________________________ __________
                                   Т.А.Ә.                    (қолы)

Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу  
ережесіне 5-қосымша    

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігі

20___ жылғы «___» ___________ № ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне
№ ____ карта 20____ жылғы «___» ___________

1. Т.А.Ә. ___________________ Туған жылы, айы, күні _________________
2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________
4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________
5. Диагноз __________________________________________________________
6. Мүгедектік ____ ___________ __________ дейінгі мерзімге белгіленді
7. Білімі ___________________________________________________________
8. Кәсібі (мамандығы) _______________________________________________

р/с

Оңалту іс-шаралары

Іске асыру мерзімі, ОЖБ іске асыруға жауапты

Орындау күні

Орындаушы

Орындалмау себебінің негіздемесі

аумақтық бөлімшенің маманы толтырады

ОЖБ іске асырылуына жауапты маман толтырады

1

2

3

4

5

6

1.

Психологиялық- педагогикалық түзеу жұмысы, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру (енгізіп жазу)

2.

Кәсіптік білім: бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары арқылы (енгізіп жазу)

3.

Жұмысқа орналастыру

4.

Жұмысқа орналастырудың шарттары (енгізіп жазу)

4.1. Жұмыс кестесін ұйымдастыру: толық немесе қысқартылған жұмыс күні және басқа

4.2. Жағымсыз өндірістік факторлардың әсерін болдырмау

4.3. Арнаулы жұмыс орнын құру

5.

Басқалары (енгізіп жазу)

Т.А.Ә. ____________________________________________ ________
     ОЖБ әзірлеген аумақтық бөлімшенің бас маманы  (қолы)

Т.А.Ә. ____________________________________________ ________
            аумақтық бөлімшенің бастығы            (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

9. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________

Т.А.Ә. ____________________________________________ ________
                        басшысы                    (қолы)

МО

10. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау (астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

Т.А.Ә. ____________________________________________ ________
             аумақтық бөлімшенің бастығы           (қолы)

Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

МО

Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу  
ережесіне 6-қосымша    

Өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы
мәліметтер
(жұмыс беруші жұмыс істейтін адамдарға толтырады)

1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________ 2. Туған күні _____ жылғы «___» _____________
3. Ұйымның  атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Кәсібі, лауазымы, мамандығы ______________________________________
5. Тариф разряды, санаты ____________________________________________
6. Еңбек ұйымының түрі: (еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты, жұмыс ауысымы, жұмыс күнінің ұзақтығы, іссапарлар саны, еңбек және демалыс режимі) _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Функционалдық міндеттері: ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Еңбек жағдайы (жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық сипаты, зиянды өндірістік факторлардың бар болуы) __________________________________ _____________________________________________________________________

9. Тиімді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Күні 20_____ ж. «____» ________ 

Т.А.Ә. ____________________________________________ ________
                  басшысы                           (қолы)

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады