"Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 наурызда № 6807 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6359 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 28 тамызда № 228 (26289) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босатудың ережесінің:
      5-тармағында «салық төлеушінің бюджеттік сыныптамасының» деген сөздер «бюджеттік сыныптамасы бойынша салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармағының 2) тармақшасында «Есепті» деген сөз алдынан «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады

      Министр                                            Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады