"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 8 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6823 тіркелді

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
      1-тармақтағы «(жеке және заңды тұлғалар үшін)», «(жеке тұлғалар үшін)» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер – осы Ережеге сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері;»;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақшамен толықтырылсын:
      «16) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер - осы Ережеге сәйкес тұтынушы - жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясының тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік).»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер тұтынушының электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.
      Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1) Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу тұратын жеке тұлғалардың санын ескере отырып анықталады, оны анықтауға азаматтарды тіркеу кітабы немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен расталған тұратын заңды тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Елді мекендерде азаматтарда пәтер иелері кооперативінің және азаматтарды тіркеу кітабы болмаған жағдайда тұратын жеке тұлғалардың санын анықтау үшін қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi берген тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама негіз болып табылады.
      Тұрғын үй-жайларды өзінің кәсіби қызметін орындау үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар және сот орындаушылары үшін тұратын тұлғалардың санына үй иелерінің немесе сол тұрғын үй-жайларды жалға алушыларының саны теңестіріледі, оны анықтау үшін құқық белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.»;
      11-тармақта:
      «арналған», «қарай» деген сөздерден кейін тиісінше «сараланған» деген сөзбен толықтырылсын;
      «Ереже» деген сөзден кейін «екі деңгейлік және үш деңгейлік тарифтерді қолданып» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Көпставкалы есептеу кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын екі зоналық есептеу жүйесі пайдаланылатын тұрмыстық мұқтаждарға электр энергиясын жұмсайтын тұтынушы-жеке тұлғаларды қоспағанда, үш зоналық есептеу жүйесін пайдаланады.»;
      16-тармақ алып тасталсын;
      17-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Wо – өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалатын тұтынылған электр энергиясының тәуліктік көлемі, кВт.сағ.;
      18-тармақта:
      бірінші абзацтағы «жылдың тиісті маусымы үшін» деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші, алтыншы және сегізінші абзацта «тәуліктік» деген сөздің алдынан «өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      25-тармақтағы бесінші абзацта «зона (УДВ)» деген сөздердің алдынан «өңірде (энергетикалық жүйеде) режим күнінің (желтоқсан, маусым) тәуліктік жүктеме кестелерінің орташа есебі бойынша айқындалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тараудың тақырыбындағы «электр» деген сөздің алдынан «екідеңгейлік тарифтерді қолданып» деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақта:
      бірінші бөлігі алып тасталсын;
      «жобасында» деген сөзден кейін «немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта» деген сөздермен толықтырылсын;
      32-тармақтағы «электр энергиясына оны» деген сөздердің алдынан «екі деңгейлік тарифтерді қолданып» деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау тәртібі

       37-1. Асыра тұтынғаны үшін екінші және үшінші деңгейлік тарифтер бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамаларын электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін жергілікті атқарушы органның (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің) келісімі бойынша жеке уәкілетті орган белгілейді.
      Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға ҚНжЕ-ге сәйкес газдандыруға жатпайтын, не егер үйдің құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық паспортта оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.
      Асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейлік тариф (бұдан әрі – V2) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасайтын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін өлшемдерді ескере отырып айқындалады.
      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлік тариф (бұдан әрі – V3) бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасы саны жалпы тұтынушылар санынан 10-15% аспайтын ең жоғары тұтынған тұтынушыларда энергия үнемдеу үшін ынталар жасалуын ескере отырып айқындалады.
      37-2. Электр плиталарын пайдаланатын (Т1 с э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т1 с э/п = (Tо*Wо с э/п – Т2*W2 с э/п – Т3*W3 с э/п) / W1 с э/п, мұндағы:                                                       (13)
      Т2 - (15) формуласы бойынша белгіленген екінші деңгейлік тариф;
      Т3 - 16) формуласы бойынша белгіленген үшінші деңгейлік тариф;
      Wо с э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W1 с э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W2 с э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V2 асырған, бірақ V3 шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W3 с э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ
      37-3. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т1 без э/п) жеке тұлғалар үшін бірінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т1 без э/п = (Tо*Wо без э/п – Т2*W2 без э/п – Т3*W3 без э/п)/W1 без э/п, мұндағы:                                                       (14)
      Wо без э/п – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;
      W1 без э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырмаған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W2 без э/палдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V2 асырған, бірақ V3 шектерде жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;
      W3 без э/п - алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын, V3 асырған жеке тұлғалар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ
      37-4. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Т2) екінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т2 = 1,2*Tо, мұндағы:                                     (15)
      То - электр энергиясына босату тарифі.
      37-5. Үшдеңгейлік тарифтерді қолданып электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтер есептеу кезінде (Т3) үшінші деңгейлік тариф мынадай формула бойынша белгіленеді:
      Т3 = 1,5*Tо, мұндағы:                                     (16)
      То - электр энергиясына босату тарифі.
      37-6. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес формулалар бойынша есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы (П) белгіленеді.»;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары үшдеңгейлі тарифтерді қолдануымен электр энергиясына арналған тарифтерді оны жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерге кезең-кезеңмен көшіруін қамтамассыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы                     А. Шкарупа

Қазақстан Республикасы Табиғи 
монополияларды реттеу агенттігі
төрағаның міндетін атқарушы   
2011 жылғы 8 ақпандағы № 47-НҚ
бұйрығына қосымша     

Тәулік зоналары бойынша және    
(немесе) оны жеке тұлғалардың   
тұтыну көлеміне қарай электр    
энергиясына арналған тарифтерді 
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың
саралау ережесіне 5-қосымша     

Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін бір тұтынушыға шаққанда нақты тұтынылған электр энергиясының көлемі

Есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақыны есептеу формуласы

V2 асырмаған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*Wнақты, мұндағы:
Wнақты  есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу айлары үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

V2 асырған, бірақ V3 кем тиісті тұтынушылар үшін

П = Т1*n *Wуст1 + Т2*( Wнақты - n * Wуст1), мұндағы:
n – тұратын жеке тұлғалардың саны.
Wуст1 – бірінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.

V3 асырмаған тиісті тұтынушылар үшін

П=Т1*n*Wуст12*n*(Wуст2-Wуст1)+Т3*(Wнақты-n*Wуст2), мұндағы:
Wуст2 – екінші деңгейдің шамасына сәйкес бір жеке тұлғаның электр энергиясын тұтыну шамасы, кВт.сағ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады