Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6827 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 20 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.02.2016 № 65 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т. Төлебаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет министрінің    
2011 жылғы 28 ақпандағы  
№ 38 бұйрығымен      
бекітілген        

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағын мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын орындау үшін әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:
      1) бақылау субъектісі - қызмет барысында іс жүргізуде тілдерді Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес қолданатын орталық және жергілікті атқарушы органдар;
      2) тәуекел - орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шара қолданбауы.
      3. Тәуекел дәрежесіне байланысты субъектілер мынадай жоспарлы тексеріс жүргізу мерзімділігімен жоғары, орташа және болмашы тәуекел топтарына жатады:
      объектілердің жоғары дәрежелі тәуекелінде - жылына бір реттен; объектілердің орташа дәрежелі тәуекелінде - үш жылда бір реттен объектілердің болмашы дәрежелі тәуекелінде - бес жылда бір реттен жиі емес.
      4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына бөлінеді:
      1) тәуекел дәрежесінің болмашы тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден 5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан 11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады.
      6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:
      іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;
      көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы - 2 балл;
      азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы - 3 балл;
      құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі — 4 балл; актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы - 5 балл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады