"Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 28 шілдедегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 сәуірде № 6887 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.24 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасындағы патенттік сенім білдірілген өкілдердің санын арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегі № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 15 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықтың 2-қосымшасында:
      Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақта:
      3) тармақшасында «төрт» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           P. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады