Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-П бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 29-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 сәуірде № 6901 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 57-П бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5689 тіркелген, «Заң газеті» Республикалық күнделікті газетінде 2009 жылдың 3 шілдесінде № 100 (1694) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулығында:
      5-тармағында:
      1) тармақшасында «жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасын әзірлеумен бір уақытта» деген сөздер «жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылдағаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін» деген сөздерге ауыстырылсын;
      2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы қабылданғаннан кейін» деген сөздер «жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылданғаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін» деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу мерзімі, пайдалануы жердің бүлінуіне байланысты болған жағдайда, жер учаскесін беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінде бекітіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі департаментінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасы осы Бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Райымбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Ө. Өзібеков

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      ___________ С. Қайрбекова
      2011 жылғы 3 наурыз

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрі
      ___________ Н. Әшім
      2011 жылғы 31 наурыз

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2011 жылғы 1 сәуір

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Мұнай және газ министрі
      ___________ С. Мыңбаев
      2011 жылғы 28 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады