Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 02.09.2016 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 164 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 139 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс объектілері бойынша тексеру парағының нысаны, осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялау субъектілері бойынша тексеру парағының нысаны, осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 164 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 139 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 62 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 83 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6074 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй- Экономикалық даму
коммуналдық шаруашылық және сауда министрі
істері агенттігінің төрағасы
С. Нокин _____________ Ж. Айтжанова __________
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 123 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 75 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 164 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 139 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
Нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
жеке кәсіпкерлік саласында құрылыс объектілері бойынша
тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Тексерілетін объект _________________________________________________
Объектінің орналасқан жері __________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Жүргізілген тексерудің түрі:
жоспарлы тексеру: кешенді, тақырыптық (қажеттінің астын сызыңыз);
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20__ жылғы «_» ___________№ _____
актінің негізінде жүзеге асырылады.
№ |
Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар |
Иә/Жоқ/Талап етілмейді |
Түсініктеме |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуы |
// |
|
2 |
Мердігерлік ұйымда құрылыс-монтаж жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензиялардың болуы |
// |
|
3 |
Бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы |
// |
|
4 |
Сараптаманың оң қорытындысының болуы |
// |
|
5 |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы |
// |
|
6 |
Құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы рәсімдеуі |
// |
|
7 |
Бұрын бекітілген жобалау шешімдеріне жобаны әзірлеушімен келісілген өзгерістердің болуы (қажет болған кезде сараптама өткізе отырып) |
// |
|
8 |
Қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуы |
// |
|
9 |
Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сәйкестігі: |
||
9.1 |
бекітілген жобалау шешімдеріне |
// |
|
9.2 |
мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік-техникалық құжаттарға |
// |
|
10 |
Мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруы және жүзеге асыруы, оның ішінде: |
||
10.1 |
кiру |
// |
|
10.2 |
операциялық |
// |
|
10.3 |
зертханалық |
// |
|
11 |
Мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер құрылысы кезiнде техникалық қадағалауды жүзеге асыруы |
// |
|
12 |
Авторлық қадағалауды жүзеге асыру |
// |
|
13 |
Объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) тәртібін сақтау, оның ішінде: |
||
13.1 |
бекітілген жобаға сәйкес объектінің толық әзірлігі |
// |
|
13.2 |
жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуы |
// |
|
13.3 |
мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) сақтау: |
// |
|
13.3.1 |
азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша – тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
// |
|
13.3.2 |
ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
// |
|
13.4 |
Комиссияны тапсырысшының шешiмiмен тағайындауы және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылуы: |
||
13.4.1 |
қабылдау комиссиясы |
// |
|
13.4.2 |
жұмыс комиссиясы |
// |
|
13.5 |
Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындау мерзімін сақтау: |
||
13.5.1 |
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде – комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей |
// |
|
13.5.2 |
тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде – комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей |
// |
|
13.6 |
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актісінің белгіленген нысанын сақтау |
// |
|
14 |
Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының бұрын берген нұсқамаларын орындау |
// |
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 123 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 75 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.04.27 № 164 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.02 № 139 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бірлескен бұйрығы.
Нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жеке
кәсіпкерлік саласында лицензиялау субъектілері бойынша тексеру
парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Субъектінің орналасқан жері _________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Жүргізілген тексерудің түрі:
жоспарлы тексеру: кешенді, тақырыптық (қажеттінің астын сызыңыз);
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20___ жылғы «__» ___ № __ актінің
негізінде жүзеге асырылады.
р/с № |
Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар |
Иә/Жоқ/Талап етілмейді |
Түсініктеме |
1 |
2 |
3 |
4 |
Іздестіру қызметі |
|||
1. |
Іздестіру қызметімен айналысу үшін қойылатын талаптары мыналарды қамтиды: |
||
1.1 |
жеке тұлға үшін – іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің) болуы |
// |
|
1.2 |
заңды тұлға үшін – штатында іздестіру қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы |
// |
|
1.3 |
мыналармен: |
||
1.3.1 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
1.3.2 |
инженерлік-геологиялық және/немесе инженерлік-гидрогеологиялық іздестірулер үшін аккредиттелген топырақтану (химиялық) зертханасымен жабдықталған меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы өндірістік базаның болуы |
// |
|
1.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында: |
||
1.4.1 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптарымен, тетіктерімен және құрылғыларымен |
// |
|
1.4.2 |
инженерлік-геодезикалық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
1.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
1.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
Жобалау қызметі |
|||
2. |
Жобалау қызметімен айналысатын ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
2.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
2.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
2.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
2.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
2.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
2.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
3. |
Жобалау қызметімен айналысатын ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
3.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
3.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
3.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
3.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
3.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
3.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
4. |
Жобалау қызметімен айналысатын І санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
4.1 |
жеке тұлға үшін – жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
4.2 |
заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
4.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
4.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрін орындауға қажетті есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютермен ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
4.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
4.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
4.7 |
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы |
// |
|
Құрылыс-монтаж жұмыстары |
|||
5. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
5.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде екі жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
5.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде екі жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
5.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
5.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
5.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
5.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
6. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
6.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде сегіз жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
6.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
6.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
6.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
6.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
6.6 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жауапты инженерлік-техникалық қызметкердің оқудан өткені туралы растайтын құжаттарды қоса алғанда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы |
// |
|
7. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын І санаттағы лицензиаттарға қойылатын талаптары |
||
7.1 |
жеке тұлға үшін – құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он үш жыл еңбек стажының (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек стажының (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
7.2 |
заңды тұлға үшін – штатында құрылыс-монтаж жұмыстары саласында жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаж жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыс бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек стажы (еңбек қызметі) бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы |
// |
|
7.3 |
лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақталған өндірістік базаның болуы |
// |
|
7.4 |
меншік және/немесе жалға алу (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында лицензияланатын қызмет түрлерінің өтініш жасалған кіші түріне қойылатын талаптарға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың шағын жинақтары, бақылау-өлшеу құралдары, аспаптары, тетіктері және құрылғылары бар ең төменгі материалдық-техникалық жабдықталуы |
// |
|
7.5 |
өтініш беруші (лицензиат) бекіткен жұмыстарды тиісінше орындауды және сапаны қамтамасыз етуді регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша нұсқаулықтың (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) болуы |
// |
|
7.6 |

7.7 |
лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы |
// |