Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда № 6947 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 377 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 1-тармағына және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 1-тармағына сәйкес және екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер беретін банк заемдары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер беретін банк заемдары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді ставкасы 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
      Банк заемы шартын, микрокредит беру шартын, кредиттік шартты жасау, банк заемын, микрокредитті немесе кредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты сыйақы ставкасы өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді ставкасы осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Зерттеу және статистика департаменті (Шайқақова Г.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан шағын қаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Зерттеу және статистика департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігі
      Төрайым __________ Е. Бахмутова
      2011 жылғы 11 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады