Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2011 жылғы 19 мамырдағы № 81 шешіміне, сондай-ақ «Кеден одағының сыртқы шекарасына мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін көшіру бойынша жоспарларды орындау туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5897 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 188 (1611) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Дәрілік заттарды таңбалау ережесінде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1. ҚР-ДЗ белгілеуі түрінде дәрілік заттың тіркеу нөмірі.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Таласпаева А.С.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнама белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен он күнтізбектік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы С. Мусинов