"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 маусымдағы № 361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7049 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 тамызда № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «116. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жабылған стационарды ашуға санитариялық-эпиемиологиялық тексеру актісін бере отырып, тиісті аумақтағы, көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының келісімі бойынша жол беріледі.»;
      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «128. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, (пижама, ішке киетін аяқ киім) алады. Стационарда (туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда) науқастардың, жүкті әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің үй киімімен жүруіне жол беріледі.»;
      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «142. Құрылымдық бөлімшеге (бөлімшеге) ағымдық жөндеу жүргізу кезеңінде оның жұмыс істеуі тоқтата тұрылады.»;
      277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «277. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшелерде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер, әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.»;
      278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «278. «Симптоматикалық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилло бөлетін туберкулездың созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилло бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 230-1-тармақпен толықтырылсын:
      «230-1. Медициналық ұйымның жауапты адамы осы санитариялық ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналын жүргізеді.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                                С. Мусинов

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы  
№ 361 бұйрығына қосымша  

«Денсаулық сақтау объектілеріне   
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне  
13-қосымша»           

      ____________________________________ 20 ___ жылға арналған
              (объектінің атауы)

Медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналы

Медициналық
қалдықтардың
түрлері

Медициналық
қалдықтардың
көлемі

Медициналық
қалдықтарды
уақытша сақтау
үй-жайына
тапсырылды

Кәдеге жаратылды

Медициналық
қызметкердің
Т.А.Ә.

Тапсыру
күні


1

2

3

4

5

6

1.

Б класының медициналық қалдықтары






2.

В класының медициналық қалдықтары






3.

Г класының медициналық қалдықтары






4.

Д класының медициналық қалдықтары






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады