Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе (бұдан әрі - Тізбе) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Тізбенің 1-тармағының 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы, жетінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «ЖСН (БСН)», «БСН» деген аббревиатуралар «СТН» деген аббревиатура болып, «Жеке сәйкестендіру нөмірі», «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздер «Әлеуметтік жеке код», «әлеуметтік жеке кодты» деген сөздер болып, «клиенттің сәйкестендіру нөмірі», «бизнес - сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып саналсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Министр ______Г. Әбдіқалықова
2011 жылғы 23 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр _______Б. Жәмішев
2011 жылғы 15 маусым
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір
қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру
мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 52 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.