"Хризотил-асбест өндiретiн және қайта өңдейтін, құрамында хризотил бар бұйымдар мен материалдарды өндіретін объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға, олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 440 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 шілдеде № 7085 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

       «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1)2) және 15) тармақшаларына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Хризотил-асбест өндiретiн және қайта өңдейтін, құрамында хризотил бар бұйымдар мен материалдарды өндіретін объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға, олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы                          С. Мусинов

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 1 шілдедегі  
№ 440 бұйрығымен бекітілген

«Хризотил-асбест өндiретiн және қайта өңдейтін, құрамында хризотил бар бұйымдар мен материалдарды өндіретін объектілерді күтіп-ұстауға және пайдалануға, олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1. Жалпы ереже

       1. «Хризотил-асбест өндiретiн және қайта өңдейтін, құрамында хризотил бар бұйымдар мен материалдарды өндіретін объектілерді күтіп ұстауға және пайдалануға, олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) ғимараттарды, құрылыстарды орналастыруға және аумақты күтіп-ұстауға, өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға, өндірістік процесстерге және жабдыққа, хризотил-асбесті (бұдан әрі – хризотил) өндіруге (хризотил кенін өндіру және байыту), хризотилді жинауға және тасымалдауға, құрамында хризотил бар материалдар мен бұйымдарды тиеу-түсіру жұмыстарына, оларды дайындауға, жылу оқшаулау материалдарын өндіру үшін хризотил-тоқыма бұйымдарды пайдалануға, ғимараттарды салу, жөндеу және бұзу жағдайларына, желдеткішке және жылытуға, жарықтандыруға, жеке қорғаныш құралдарына, жұмыс аймағы ауасындағы құрамында хризотил бар шаңның құрамына, санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етуге, хризотилмен жұмыс істеу кезінде адамдарға медициналық-профилактикалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) бункер - пайдалы қазбаларды немесе жыныстарды жинауға және қысқа мерзімге сақтауға және қайта тиеуге арналған құрылыс;
      2) гидрожарғыш - жоғары қысыммен берілетін судың көмегімен жыныстарды немесе пайдалы қазбаларды бөлшектеуге немесе бұзуға арналған агрегат;
      3) дозатордың мойны - дозаторға бастапқы материалды жіберуге арналған құрылғы
      4) жеңқап сүзгісі – ұсақ тесікті беті (сүзгімата) арқылы шаңданған ауаны сору (шаңсорғыш принципі бойынша) кезінде онда шаңды ұстап қалуға арналған жабдық;
      5) кесектеуші агрегат - тұйық кеңістікте механикалық күштің әсерімен ұсақ материалды пресстеу процесін жүзеге асыратын агрегат;
      6) құрамында хризотил бар қалдықтар – құрамында хризотил бар материалдарды өндіру, байыту, қайта өңдеу және пайдалану қалдықтары;
      7) құрамында хризотил бар шаң – хризотил талшығы бос немесе байланысқан қалыпта ауада қалықтап жүретін немесе отырған шаң;
      8) өздігінен ағатын көлік науасы - материал өз салмағының ауырлығымен иілген беті бойынша қозғалатын құрылғы;
      9) салқын пішіндеуге арналған пресс – тікбұрыш пішінді кесекшелер алатын агрегат;
      10) түту аппараты – хризотил қоспасын одан әрі пайдалануға (хризотил маталарын, ленталарды пайдалану) дайындау үшін қолданылатын механизм;
      11) хризотил – бұл ленталық құрылымы бар амфиболдардан айырмашылығы магний және кремний иондарының диаметрлері әртүрлі болғандықтан жапырақтары түтікше болып ширатылатын жапырақ силикаты;
      12) хризотилді талшық – бұл негізінен өте жіңішке ширатылған жапырақ. Ол амфиболдардың силикатты екі қабатты тізбегіне қарағанда, неғұрлым нәзік және сынып қалуы мүмкін;
      13) циклон – цилиндрдің жоғарғы бөлігіне шаңданған ауа келетін, ал осьті бөлігінен тазартылған ауа сорылатын цилиндрлі тік аппарат түріндегі орталықтан тепкіш шаңұстағыш.

2. Ғимараттарды, құрылыстарды орналастыруға және аумақты күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Объектілерді салу үшін өндірістік алаңды таңдау, оларға цехтарды орналастыру, ғимараттар мен құрылыстардың ара қашықтығы, аумақты жабдықтау және көгалдандыру, санитариялық-қорғаныш аймағын таңдау осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Хризотил байыту объектілерінің, хризотил техникалық және хризотил цементті бұйымдарды өндіретін объектілердің өндірістік корпустары әкімшілік-шаруашылық ғимараттарға қатысты ық жағынан желдің бағытын есепке ала отырып, орналастырылады.
      5. Хризотилді өндіру, қайта өңдеу және шығару бойынша объектілерді, сондай-ақ құрамында хризотил бар қалдықтарды мынадай:
      1) елді мекендердің селитебті аймақтарында;
      2) орталықтандырылған шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау
көздерінің су жинау аймақтарында;
      3) минералды су көздерінің су жинау аймақтарында орналастыруға жол берілмейді.
      6. Хризотилді ашық алаңдарда жинауға жол берілмейді.
      7. Хризотил-асбест өндiретiн және қайта өңдейтін, құрамында
хризотил бар бұйымдар мен материалдарды өндіретін объектілерді орналастыру кезінде шаң бөлетін орындар санын азайту мақсатында қайта тиеу тораптары мен жолдарының барынша аз саны белгіленеді. Аумақтың көлікпен өту жолдарының және жаяу жүргін жолдарының беті қатты болуы тиіс. Аумақта жауын-шашын кәрізі және ылғалды тазалау мүмкіндігі көзделеді.

3. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      8. Технологиялық учаскелерді (цехтарды) ғимараттардың ішіне орналастыру құрамында хризотил бар шаңдардың басқа учаскелерге түсуін және таралуын болдырмау есебімен жүзеге асырылады.
      9. Хризотил қоймалары, хризотилді дозалау тораптары бар дайындау бөлімшелері оқшау үй-жайларға орналастырылады.
      10. Хризотилді объектілерге жеткізу қаптарда жүргізіледі, оларды ашу немесе босату ыдыс босататын машинаның көмегімен сиректетумен немесе аспирациямен жабдықталған арнайы бөлінген орында жүргізіледі.
      11. Хризотилді тиеу және түсіру орындары, объектінің аумағы
бойынша жүру жолдары, хризотил қоймалары, қаптау, дозалау және құрғақ хризотилді басқа компоненттермен араластыру, құрамында хризотил бар материалдарды механикалық өңдеу, құрамында хризотил бар жылу және дыбыс оқшаулау жабындарын жағу, алып тастау және жөндеу орындары орындалатын жұмысқа тікелей қатысы жоқ адамдардың келуін шектейтін ескерту белгілерімен және жазбалармен белгіленеді.
      12. Ғимараттардың қабырғаларының, аспалы құрылымдардың, едендердің беттері тегіс болып көзделеді.

4. Өндірістік процесстерге және жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      13. Технологиялық процесстер хризотилді өндіру және қайта өңдеу кезінде мыналарды:
      1) хризотилмен жұмыс істеушілердің тікелей байланысын болдырмауды;
      2) құрамында хризотил бар шаңды қарқынды бөліп шығарумен байланысты технологиялық процесстер мен операцияларды шаң шығармайтын немесе неғұрлым төмен қарқындылыққа ие процесстер және операциялармен ауыстыруды;
      3) қалдықсыз технологиялық процесстерді таңдау жолын;
      4) оқшау үй-жайларда орналасқан технологиялық процесстерді және операцияларды қашықтан басқару кезінде кешенді автоматтандыруды;
      5) жабдықтарды герметикалауды;
      6) жұмыс істеушілерді ұжымдық қорғау құралдарын қолдануды;
      7) жұмыс істеушілерді қорғауды қамтамасыз ететін технологиялық процесстерді бақылау және басқару жүйесін және өндірістік жабдықты апаттық ажыратуды;
      8) құрамында хризотил бар қалдықтарды шығаруды көздейді.
      14. Хризотилмен және құрамында хризотил бар заттармен жұмыс істеуге арналған өндірістік ғимараттар және құрылыстар жиналған шаңды тазалауға арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі. Өндірістік үй-жайларды, аспалы құрылымдарды, машиналарды және жабдықтарды құрамында хризотил бар шаңнан тазарту шаңсыз әдіспен (пневможинау, гидрожинау) әр ауысымның соңында жүргізіледі.
       15. Аспирациялық жабындылармен жабдықталған машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды шаңнан тазарту аспирациясы іске қосылып тұрған кезде жүргізіледі. Шаңнан тазалаумен айналысатын жұмысшылар арнайы киіммен және респираторлармен қамтамасыз етіледі. Тазалау кезінде басқа адамдардың жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбай қатысуына жол берілмейді.
      16. Қабырғалар үш айда кемінде бір рет шаңнан тазартылады. Өндірістік үй-жайларды ылғалды жинау кезінде пайда болатын жуу сулары тазалау құрылыстарына тазартылу үшін жіберіледі.
      17. Хризотилді немесе оның басқа материалдармен қоспаларын тасымалдауға арналған конвейрлер жабылады және аспирациялық жүйелермен жабдықталады.
      18. Шудан ұжымдық қорғау бақылау кабиналарының құрылғысымен және дыбыс қысымының жоғары деңгейі бар (ұсақтау, елеу) технологиялық операцияларды қашықтан басқарумен жүзеге асырылады

5. Хризотил өндірісіне (хризотил кенін өндіру және байыту) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      19. Хризотил өндірісі (хризотил кенін өндіру және байыту) барысында технологиялық процесстерді орындау кезінде:
      1) жарушы ұңғымаларды бұрғылау және оқтаудың тау массаларын және өндірістік қалдықтарды тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің, хризотил кенін және аралық өнімдерді ұсақтаудың, кептірудің, елеудің, айырудың және тасымалдаудың, дайын өнімдерді ораудың және жөнелтудің кешенді механизациясы;
      2) жарушы ұңғымаларды бұрғылау, хризотил кенін және аралық өнімдерді тасымалдау, ұсақтау, кептіру, елеу, айыру, дайын өнімдерді орау және жөнелту кезінде шаңды ұстап қалуды және шаң басуды қоса алатын кешенді шаңнан тазарту;
      3) құрамында хризотил бар шаңмен атмосфералық ауаның ластануын болдырмау қамтамасыз етіледі.
      20. Хризотил кенін механикалық әдіспен өндіру кезінде шаңның мөлшерін азайту үшін бұрғылау станоктарының, экскаваторлардың, самосвалдардың кабиналарын герметикалау, тиеу-түсіру жұмыстары кезінде кенжарды сулау, кен шығарылатын орындарды табиғи желдету жүргізіледі.
      21. Көліктің қарқынды қозғалысы кезінде хризотил кенін өндіру бойынша кен шығарылатын орындардағы автомобиль жолдары шаңды басу үшін тұтқыр қоспалар қосылған суды үздіксіз сіңіруі тиіс.
      22. Бұрғылау қондырғылары шаңды басу құрылғыларымен жабдықталады. Бұрғылау станоктарын іске қосу шаңды ұстау немесе шаңды бәсеңдету жүйелері іске қосылғаннан кейін жүргізіледі.
      23. Конвейер галереялары өндірістік үй-жайлардан бөлек орналастырылады. Өндірістік үй-жайларға конвейерлердің кіру орындары ауаны тазалауға арналған аппараттары бар аспирациялық жүйелерге қосылған жабындармен жабдықталады. Үй-жайлардан галереяны бөліп тұратын арақабырғалықтың әрбір бетіндегі жабындардың ұзындығы кемінде 2 метр болады, өтуі үшін тамбур-шлюзбен жабдықталады.
      24. Хризотил кенін байытуға және дайын өнімді қаптауға арналған жабдық ауаны тазалауға арналған аппараттары бар аспирациялық жүйелерге қосылған жабындармен (жеңқап сүзгілерімен) жабдықталады және аспирациялық жүйелер мен газ-шаңды ұстаушы қондырғыны іске қосқанға дейін осы жабдықты іске қосуды болдырмайтын блоктаумен жабдықталады.
      25. Хризотил кенін байыту үшін жабдықтарды тоқтату оны қайта өңделетін материалдан тазартқаннан кейін жүргізіледі, ал аспирациялық жүйелер мене газ-шаң ұстаушы қондырғылар жабдық тоқтатылғаннан кейін кемінде 20 минуттан соң ажыратылады.
      26. Кептіргіштердің тиеу және түсіру құрылғылары өндірістік үй-жайларға газдың және шаңның енуін болдырмау үшін герметикаланады. Кептіргіштер жұмыс істеп тұрған уақытта олардың от жағу орны және шахталары дайын болуы тиіс.
      27. Газ қалдықтары, кептіргіштердің циклоны және сүзгілері жылумен оқшауланады. Оларды жылумен оқшаулау бетінің, сондай-ақ от жағу орнының және шахтаның бетінің температурасы 29 Цельсий градустан аспауы тиіс.
      28. Өздігінен ағатын су науасы және пневматикалық көліктің ауа жіберу жолы герметикаланады.
      29. Науалардың және ауа жіберу жолдарының ішкі беті тегіс және үшкір жерлерінде кедір-бұдырсыз көзделеді
      30. Науаларды және ауа жіберу жолдарын діріл тудыратын жабдыққа біріктіру дірілдің берілуін болдырмайтын (жұмсақ қоспалар) иілгіш ауысулардың көмегімен жүзеге асырылады.
      31. Қапталған дайын өнімдерді тасымалдауға арналған науалардың қабырғаларында үшкір және жарық борттар болмауы тиіс. Науалардың ұзындығы 1 метрден артық және иілу бұрышы 45 градустан жоғары болса, оларға тасымалданатын қаптамалардың жылдамдығын бәсеңдеткіштер орнатылады.
      32. Желдеткіш жүйелерінің құрғақ шаң ұстағыштары көлік құралдарына ұсталған материалдарды шаңсыз тиеу және бункерлерді босату бойынша жұмыстардың механизациясына рұқсат ететін герметикалық жапқыштары бар бункерлермен жабдықталады. Суды тұрақты қолдана отырып, пайдаланылатын ылғалды шаң ұстағыштарды пайдалануға механикаланған қалдық тұндырмаларынсыз жол берілмейді.
      33. Жеңқап сүзгілерінің үй-жайлары, шаң отыратын камералар және ауасы шаңданған коллекторлар герметикаланады.
      34. Тамбур-шлюздердің есіктері ауа қысымының алмасуын теңдестіруге арналған құрылғылармен жабдықталады.
      35. Қалдықсыз технологияны енгізудің техникалық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды өндірісте пайдалануға жол беріледі.
      36. Технологиялық жабдықты шаң тазалау құрылыстарын және ағын суды тазарту құрылыстарын пайдалануға іске қосқанға дейін қолданысқа енгізуге жол берілмейді.
      37. Құрамында хризотил бар қалдықтар объектілер аумағында жабық сыйымдылықтарда, бункерлерде немесе контейнерлерде сақталады. Құрғақ қалдықтарды сақтауға арналған сыйымдылық ыдыстардың тиеу және түсіру құрылғылары ауаны тазалауға арналған аппараты бар аспирациямен жабдықталады.
      38. Құрамында хризотил бар қалдықтарды тұрақты сақтау жүзеге асырылатын үйінділер елді мекендер мен объектілерден тыс объектілердің және елді мекендердің ық жағында орналастырылады.
      Шаңның пайда болуын азайту үшін ерітінділермен байланыстыратын үйінділердің бетін жүйелі өңдеу көзделеді.

6. Хризотилді жинауға және тасымалдауға, тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      39. Хризотил байыту фабрикаларындағы хризотил кені, концентраттар, байытудың аралық өнімдері, қапталған дайын өнім жабық қоймаларда және бункерлерде сақталады.
      40. Қоршаған ортаның және өндірістік үй-жайлардың ластануын болдырмау үшін қоймалар мен бункерлердің тиеу тораптары, конвейерлердің қайта тиеу тораптары ауаны тазалауға арналған құрылғысы бар аспирациялық жүйелерге қосылған жабындармен жабдықталады.
      41. Хризотил салынған қаптарды жинау және тасымалдау алдында топтамалармен жиналады және тұғырықтарға қойылады.
      42. Хризотил шаң өткізбейтін берік қапшықтармен қапталады.
      43. Төгілген хризотилмен ластанған қаптар, қойманың едені шаң ұстағышпен жабдықталған вакуумды құрылғылардың көмегімен немесе екінші рет шаңның пайда болуын болдырмайтын басқа да әдіспен тазартылады.
      44. Хризотил салынған қаптардың топтамаларын тасымалдау су арқылы тасымалдаған кезде жабық контейнерлермен, құрғақ жолдармен тасымалдағанда – жабық темір жол вагондарымен немесе автокөліктермен жүзеге асырылады. Қаптардың топтамаларын автокөлікпен тасымалдау кезінде брезентпен немесе пленкамен жабылады. Көліктің ішінде тұғырықтарды бекітуге арналған құрал-жабдықтар көзделеді.
      45. Құрамында хризотил бар түрлерден тұратын балластты ашық темір жол платформаларында және автомашиналардың ашық кузовтарында тасымалдауға жол берілмейді.
      46. Тұғырықтарға жиналған қаптардың топтамаларын екі қабаттап жинауға жол берілмейді.
      47. Контейнерлерді пайдаланған кезде қаптардың жолда бүлінуінің алдын алу үшін контейнердің барлық шығып тұрған бөліктерін экрандармен қоршау қамтамасыз етіледі.
      48. Теңізбен тасымалдау кезінде табан бетіне бекітілген теңіз арқандары пайдаланылады.
      49. Тұғырықтардағы қаптардың стандартты топтамаларымен тиеу-түсіру жұмыстары контейнер-тасығыштардың, автотиегіштердің, жүк көтергіштердің немесе кейбір қаптарды орналастыру кезінде болатын мүмкін бүлінулерді болдырмау үшін барлық топтаманы өңдеуге мүмкіндік беретін басқа да осыған ұқсас жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.
      50. Қаптардың топтамаларын және жекелеген қаптарды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ілгектерді және басқа да үшкір құрал-жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
      51. Хризотилді тасымалдау үшін пайдаланылатын барлық көлік құралдары олардан жүктер босатылғаннан кейін шаңұстағышпен жабдықталған құрылғылардың көмегімен мұқият тазартылады. Хризотил салынған қаптарды темір жол вагондарына, автокөлікке тиеу үшін немесе қойма операцияларын орындау кезінде пайдаланылатын көтергіш-көлік құралдары (тиегіштер, контейнерлер тасымалдаушылар) әр ауысымда тазартылады.

7. Құрамында хризотил бар материалдар мен бұйымдарды дайындауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      52. Құрамында хризотил бар материалдар мен бұйымдарды дайындау кезінде технологиялық процесс хризотилді тасымалдау, оны дозалау және хризотил қоспасының әртүрлі компоненттерімен (цементпен, мақтамен, жасанды талшықтармен, фрикциялық бұйымдарды дайындауға арналған материалдармен) араластыру кезінде қоймалардағы, дайындау бөлімдеріндегі жұмыстарды кешенді автоматтандыруды және механикаландыруды көздейді.
      53. Хризотил салынған қаптарды ашу және оны босату герметикалық жабық және аспирациялық жүйеге қосылған ыдыс босататын машиналарда жүргізіледі.
      54. Хризотилді немесе хризотилдің басқа материалдармен қоспаларын тасымалдауға арналған конвейерлер барлық ұзындығы бойынша жабылады және аспирациялық жүйемен жабдықталады.
      55. Хризотилден босатылған қаптарды шаң өткізбейтін ыдыстарға жинау және қаптау ескерту белгілерімен және жазбалармен белгіленген және аспирациялық жүйеге қосылған жабындармен жүргізіледі.
      56. Қаптарды хризотил картонын өндіруге беруге оларды шаң өткізбейтін, сондай-ақ тиісті таңба белгіленген ыдысқа салғаннан кейін жол беріледі.
      57. Хризотилден босатылған қаптар гидрожарғышта тартылғаннан кейін екінші шикізат ретінде хризотил цемент табақтарын өндіру кезінде пайдаланылады.
      58. Қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату үшін ұсақтау аспирациялық жүйеге қосылған жабық ұсақтау және тарту жабдықтарында жүргізіледі.
      59. Құрамында хризотил бар қалдықтар кәдеге жаратылғанға дейін сақталады және өндіріске жабық сыйымдылық ыдыстарда беріледі.
      60. Қаптан түсірілген хризотил жинаушы-сыйымдылық ыдыста сақталады. Сыйымдылық ыдыстар болмаған жағдайда хризотил жүгіртпелердің алдында тікелей дозаторларға беріледі.
      61. Ыдыс босататын машиналар немесе конвейердің тиеуші шанақтары жинаушы-сыйымдылық ыдыстарға, дозаторларға жәнежүгіртпелерге барынша жақын қашықтықта орнатылады, хризотилді ауыстыру тораптары қабылдау құрылғысынан барынша төмен биіктікке орналастырылады.
      62. Жинаушы-сыйымдылық ыдыстың науасы немесе дозатордың мойны өзара немесе брезенттен не басқа да шаң өткізбейтін материалдан жасалған тасымалдаушы жеңқап жабдықпен байланысады.
      63. Хризотилді тиеу, ауыстыру және түсіру орындары аспирациялық жүйеге қосылады.
      64. Жүгіртпелердің катоктары аспирациялық жүйеге қосылған тұтас металл қабатпен жабылады. Жүгіртпелердің қабаты мен жүгіртпелердің қарау люктерінің қақпақтары қабатты дұрыс орнатпаған кезде жетекті қосу мүмкін болмайтындай етіп, ал люктердің қақпақтарын ашқан немесе жартылай жапқан кезде жүгіртпелердің жетектері автоматты түрде ажыратылатындай етіп жетек арқылы блокталады.
      65. Суұлпалауыштардың, сужарғыштың қарау люктерінің қақпақтары, шөміш бұлғауыштары, кесінділердің бұлғауыштары қақпақ дұрыс орнатылмаған кезде жабдықтың жетегі автоматты түрде ажыратылатындай етіп, осы жабдықтың жетегі арқылы блокталады.
      66. Асбест цемент бұйымдарын кесу бұйымдарды кейіннен қатайтатын технологиялық процесс кезеңдерінде жүргізіледі.
      67. Әрлеу операцияларындағы аралар, бұрғылау, тегістеу және фрезерлік станоктары аспирациялық құрылғылары бар жабындармен жабдықталады.
      68. Хризотилді цемент бұйымдарын қайрақтың көмегімен кесуге жол берілмейді.
      69. Станоктардан шыққан кесінділерді және жоңқаларды жою механикаландырылады. Кесінділерді және жоңқаларды тасымалдауға арналған конвейерлер жабық болуы тиіс.
      70. Қатайған хризотилді цемент бұйымдары құрғақ жабық қоймаларда қаттама, штабель, пирамида түрінде немесе бұйымдардың құлауы мен бүлінуін болдырмайтын шарттар сақталған кезде контейнерлерде сақталады.
      71. Хризотилді цемент бұйымдар оларды қоймалық қайта өңдеу және көлік құралына тиеу процесінде бүлінген кезде бұйымдардың жарықшақтары және шаңы жабылатын сыйымдылық ыдысқа салынады және екінші шикізат ретінде хризотилді цемент өндірісінде одан әрі пайдалану үшін олар ұсақтау орнына тасымалданады.
      72. Тұндырмаларды хризотилді цемент қақтарымен толтыруға, тұндырманың бүйірлері қақпен ластануына жол берілмейді.
      73. Технологиялық мүмкін өндірістік үй-жайларда ауаны ылғалдау жүргізілуі тиіс.
      74. Түту аппаратына хризотил қоспасын жіберу алдында пастолдың (былғары пастасы), мүсәтір спиртінің, кальцийленген соданың және судың эмульсиясымен ылғалданады.
      75. Хризотил қоспасын түту аппаратына жіберу автоматты түрде жүзеге асырылады.
      76. Түту аппараттары аспирацияланатын жабындармен жабылады. Персоналдың аппарат камерасында жұмыс істеуі кезінде машина жұмыс істеп тұрған уақытта респиратор пайдаланылады.
      77. Мақтаның жиектегі жолақтарын үздіксіз алу үшін кейбір қосымша ауа сорғыштар түту аппаратында көзделеді.
      78. Түту аппараттарының инесі бар және ара тілді ленталарын тазалау қосымша сору желдеткіші қондырғысының көмегімен шаңданған ауаны жедел шығару кезінде жабынның астында жүргізіледі.
      79. Жұмыс істейтін және алынып-салынатын валиктерді тазалау және қайрау жеке қорғаныш құралдарын пайдалану арқылы арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі.
      80. Хризотилді маталарды және ленталарды дайындау кезінде ауаның шаңдануын болдырмау үшін жіптерді сулайды.
      81. Тоқу машиналары пневматикалық мычкоұстағыштармен жабдықталады. Мычкоұстағыштардың ауасын өндірістік үй-жайға жіберуге жол берілмейді.
      82. Тоқитын, орайтын, бау иіретін машиналардың жергілікті ауа сорғысы бар тоқу аймағының жабынымен жабдықталады.
      83. Тоқыма, құрал-жабдық, түзулегіш, хризотилді мата орамы және хризотилді лента орауышы шаң өткізбейтін материалдармен қапталады.
      84. Хризотилді-құйма бөлшектер үшін құрғақ компоненттерді араластыру және ұсақтау операциясы қашықтан басқарылатын сору желдеткішімен қамтамасыз етілген, жабылған жабдықпен жүргізіледі.
      85. Алдыңғы дайындық (кесекшелер) жасау үшін құйма қоспаларды жабдыққа беру жабық контейнерлерде жабық тасымалдау, пневмокөлік немесе механикалық әдіспен жүзеге асырылады.
      86. Кесектеуші агрегаттар және салқын қалыптау престерінің дозалау құрылғылары жергілікті сорумен жабдықталады.
      87. Фрикциялық бұйымдарды механикалық өңдеуге арналған
станоктарда өңдеу аймағының жабулары, жоғары тиімді жергілікті сорғы, аэрозольды су шашыратқыштары болады.
      88. Механикалық өңдеуден кейін тежегіш және фрикциялық бұйымдардан шаңды шығару шаю немесе қарқынды сору әдісімен жүзеге асырылады. Шаңды қолмен немесе сығылған ауаны қолдану арқылы «үрлеумен» шығаруға жол берілмеді.
      89. Дайын бұйымдар аспирациялық құрылғылармен жабдықталған жұмыс орындарында техникалық бақылаудан өтеді. Жөнелту алдында оларды шаң өткізбейтін қаптамаға салады.

8. Жылу оқшаулау материалдарын өндіру үшін хризотилді тоқыма бұйымдарды пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      90. Матамен жүргізілетін операциялардың (қию, тігу) барлық жұмыс беттері шаңның жиналуын болдырмау үшін тегіс болып көзделеді.
      91. Хризотилді мата арнайы машиналармен немесе аспирациялық жабулармен жабдықталған механикалық қию құрал-саймандарымен қиылады. Оларды суыруға немесе жұлмалауға жол берілмейді. Хризотилді маталарды қию және тігу кезінде матаның жоғарғы бөлігі мұқият суланады.
      92. Неғұрлым кейінірек пайдалануға қалдырылған маталардың қиындылары жабық контейнерлерде болады.
      93. Пайдаланылмайтын мата орамдары тығыз жабық қаптамаға салынады. Басталған орамдар олармен жұмыс аяқталған соң бастапқы қаптамасына салынады.
      94. Хризотилді төсектерді, орамдарды дайындау, матрастарды және ауаға шаң бөлуді азайту мақсатында оқшаулау қабаттарын дайындау үшін хризотилді матаны пайдалану кезінде материал ылғалданады немесе фиксатормен өңделеді.
      95. Матрастардың ішін толтыруға салынатын хризотил талшықтарын дайындау, төсектерді және орамдарды дайындау аспирациялық жүйеге қосылған жабулардың астында жүргізіледі.
      96. Дайын өнім жөнелтілу алдында шаң өткізбейтін қаптамаға салынады.
      97. Жылумен оқшаулаумен жұмыс істейтін адамдар түзулегішті кесуді және онымен құбырларды ораған кезде арнайы киімде және респираторлармен жүргізеді. Бұл ретте, шаңның пайда болуын азайту үшін фиксатормен арнайы өңделген оратылған түзулегіш пайдаланылады.
      98. Оратылған оқшау түзулегішпен қолдан жасалатын операциялар барынша азайғанға дейін қысқартылады. Орауыштан сөгілгеннен және түзулегішті сыртқы кесінділерге бөлгеннен кейін жиегіндегі түзулегіштің соңы бекітілуі тиіс.
      99. Толық пайдаланылмаған оратылған түзулегіш орауышы келесі қажет болғанға дейін тығыз жабылатын шаң өткізбейтін орамға (қапқа) қайта салынады. Бүлінген қаптар, орамдар жабысқақ лентаның көмегімен жөнделеді немесе жаңа қаптарға салынады.

9. Ғимараттарды салу, жөндеу және бұзу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      100. Құрамында хризотил бар материалдар ғимараттардың барлық типтерінде жылу және дыбыстан оқшаулау құрылымының және ара қабырғалықтың орта қабаты ретінде қолданылады. Өндірістік үй-жайлардың ішін әрлеу үшін пайдаланылатын құрамында хризотил бар плиталар және ара қабырғалықтар хризотилді шаңның пайда болу және таралу мүмкіндігін болдырмайтын 2-3 қабатта боялған бояумен, плитамен немесе басқа да жабынмен жабылады.
      101. Құрамында хризотил бар материалдарды: ауаның қарқынды қозғалысы бар механикалық желдеткіш жүйелерінде желдету қораптарын орнату үшін пайдалануға жол берілмейді.
      102. Құрамында хризотил бар құрылыс материалдарын ғимараттарды салуға пайдалануға өнімнің әрбір түріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жол беріледі.
      103. Құрамында хризотил бар материалдардан немесе олардан жасалған бұйымдардан тұратын ғимараттарды және құрылымдарды салу, бұзу немесе жөндеу бойынша жұмыстармен айналысатын ұйымдар және жұмысшылар хризотил талшықтарының таралуын болдырмау және құрамында хризотил бар материалдарды осы санитариялық ереже талаптарына сәйкес қауіпсіз жоюды және шығаруды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданады.
      104. Егер жұмыс аймағы жағу, жөндеу немесе оқшаулауды алып тастау бойынша жұмыстарды орындау кезінде ғимараттан немесе ғимараттың бір бөлігінен орын алған болса, ол хризотилдің таралуын болдырмау үшін басқа ғимараттардан немесе үй-жайлардан оқшауланады. Жұмыс аймағындағы барлық саңылаулар (құбырлар, электр сымдары үшін), есіктер, терезелер герметикалық жабылады. Едендер және өту жолдары түскен хризотолды жеңіл жинауды қамтамасыз ететін алынып-салынатын жабынмен жабылады.
      105. Жұмыс аймағына кіру (шығу) тамбурмен (шлюзбен) жабдықталады және жұмыс аймағында осы ереже талаптарына сәйкес арнайы киімсіз және жеке қорғаныш құралысыз болуға тыйым салатын ескерту белгілерімен және жазбалармен қамтамасыз етіледі.
      106. Үй-жай атмосфераға шығару алдында құрамында хризотил бар шаңнан ауаны тазарта отырып, жұмыс аймағында ауаның салыстырмалы кеңдігін болдыратын сору желдеткішімен жабдықталады. Сору желдеткіш қондырғылары жұмыс аяқталған соң 20 минут уақыт өткеннен кейін ажыратылады.
      107. Жұмыс басталар алдында барлық тасымалдау жабдықтары шаңнан тазартылады және жұмыс аймағынан әкетіледі, стационарлық жабдық шаңнан тазартылғаннан кейін герметикалық жабылады.
      108. Жылу оқшаулау жабындарын алып тастау бойынша жұмыстарға арналған құрал-саймандар автоматты құрғақ түрде шаң ұстауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталады.
      109. Жылу оқшаулау жабындарын алып тастау кезінде пайда болатын қалдықтар оларды кейіннен көму орындарына шығару үшін аузы тығыз жабылатын ылғалданған сыйымдылыққа жиналады.
      110. Ылғалдау тәсілі кезінде оқшаулауды алып тастауды бастағанға дейін құрамында хризотил бар материалды сулау бойынша шаралар қолданылады.
      111. Егер құрамында хризотил бар материалға қолжетімділік үшін жабынды алып тастау қажет етілсе, жабынға түйреледі, құрамында хризотил бар материал суланады, содан кейін жабын алынып тасталады және барлық бетіне су себіледі. Содан соң суланған материал бөлек-бөлек тиісті әдіспен таңбаланған, мықты сыйымдылыққа салынады.
      112. Екінші рет шаң басуды болдырмау үшін барлық қалдықтар ылғалды жағдайда жиналады.
      113. Құрамында хризотил бар материалдардан тазартпастан, сұйық қалдықтарды кәріз жүйесіне жіберуге жол берілмейді.
      114. Ескірген фрикциялық бөлшектерді ауыстыру кезінде тежегіштер және тіркеу муфталары, тиісті желдеткіш жүйемен жабдықталған сору шкафына орналасатын жағдайларды қоспағанда, осы бөлшектерді қысылған ауамен немесе құрғақ щеткамен шаңнан тазалауға жол берілмейді.
      115. Шаңнан тазарту тазалаудың жоғары деңгейдегі сүзгісімен жабдықталған шаңсорғыштың көмегімен, шаңсорғыш болмағанда, ылғалды әдіспен жүргізіледі.
      116. Ескірген фрикциялық бөлшектер, жұмыс орнынан жиналған шаң, жоңқалар шаң өткізбейтін, герметикалық жабылатын сыйымдылық ыдысқа салынады.

10. Желдеткішке және жылытуға, сумен жабдықтауға және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      117. Өндірістік зияндардың бөлінуін азайту бойынша технологиялық іс-шаралары бар, ғимараттардың және үй-жайлардың көлемді-жоспарлау және құрылымдық шешімдері бар кешендегі желдеткіш, жылыту және ауа баптау жүйелері өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы микроклиматты және зиянды заттардың құрамын қамтамасыз етеді.
      118. Желдеткіш жабдығын, ауаны тазартуға арналған аппараттарды таңдау және өндірістік жабдықтың жабынын жоспарлау кезінде шаң бөлу мөлшерінің ерекшеліктері ескеріледі және бос аралықтан сорылатын ауа орнын толтыру үшін аспирациялық ауа қорының 10 %-ы көзделген. Аспирациялық қондырғылардың өнімділігі оған қосылған барлық жергілікті сорулардың бір уақыттағы жұмысымен есептелінеді.
      119. Жаңадан жөнделген, пайдалануға берілетін барлық желдеткіш қондырғылары реконструкцияланған немесе күрделі жөнделгеннен кейін олардың тиімділігін анықтау мақсатында сыналады.
      120. Желдеткіш жүйелерінің және шаңнан тазалау жабдығының жұмысын бақылау тұрақты жүргізіледі. Өндірістік процесті өзгерту немесе сәйкестендіру кезінде, сондай-ақ өндірістік зияндарды бөлетін жабдықтардың, жұмыс орындарында ауаның қажетті тазалығын, ылғалын және қозғалысын қамтамасыз ететін қондырғылардың орнын ауыстыру кезінде жаңа өндірістік шарттарға сәйкес келтіріледі.
      121. Сыртқы ауаны желдеткіштің сыртқа тарату жүйесімен жинауға жерден кемінде 2 метр биіктікте және зиянды заттармен ластанған орындарда жүргізуге жол берілмейді.
      122. Пневмокөліктің және аспирацияның орталықтанған жүйелерінің желдеткіштері және жеңқап сүзгілері оқшау үй-жайларда орналастырылады.
      123. Кенді қабылдаушылардың және оралмаған дайын өнімдерді (хризотилді, қиыршық тасты, құрылыс құмдарын, толе-руберидті төсемді) және хризотилді кенді құрғақ байыту қалдықтарын тиеу жөніндегі операторлардың жұмыс орындары сыртқа тарату желдеткіші шаңды ауаның енуіне кедергі жасайтын қажетті тіреуді қамтамасыз ететін оқшау үй-жайларда орналастырылады.
      124. Пневмокөліктің және аспирацияның орталықтанған жүйелерінің аспирациялық және желдеткіш қондырғылары машинистерінің жұмыс орындары бақылау және қашықтан басқару кабиналарында орналастырылады.
      125. Жылуы жоқ цехтар жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлармен жабдықталады.
      126. Ғимараттарды және құрылыстарды жылыту үшін қосымша өндірістік зиянды болдырмайтын жүйелер, құралдар және жылу тасымалдағыштар көзделеді.
      127. Судың сапасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6414 болып тіркелген «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 маусымдағы № 554 бұйрығының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      128. Шаруашылық-ауызсу және ыстық сумен жабдықтау желілерін суды ауызсу ретінде емес өндірістік мақсат үшін беретін су құбыр желілерімен қосуға жол берілмейді.
      129. Объектілер ішкі су құбырымен және кәрізбен жабдықталады. Өндірістік сумен жабдықтау судың барынша көп айналысымен жүзеге асырылуы тиіс. Су қоймаларына сумен жабдықтаудың айналым жүйелерінде пайдаланылуы мүмкін ағын суларды жіберуге жол берілмейді.
      130. Ауызсуды технологиялық қажеттілік үшін пайдалануға жол берілмейді.
      131. Жасанды жарықтандыру барлық өндірістік үй-жайларда көзделеді. Жарық жақтауларын және шамшырақтарды жөндеу және тазалау үшін арнайы құралдар (жылжымалы сатылар, алаңдар) пайдаланылады.
      132. Жалпы жарықтандыру үшін газраздятты шамдар қолданылады.
      133. Хризотил кенін өндіру және байыту бойынша кәсіпорындардың кен шығаратын орындарында және үйінділерінде мыналар жасанды жарықтануы тиіс:
      1) тау және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін ауданның аумағы;
      2) машиналар жұмыс істейтін орындар және көлік құралдарын тиеу қайта тиеу және түсіру орындары;
      3) машиналардың және механизмдердің кабиналары;
      4) қолмен жұмыс істеу өндірісінің орындары;
      5) кен шығаратын орындардың ішіндегі теміржол жолдары және автомобиль жолдары;
      6) бір қырдан екінші қырға түсу жерлері және жұмыс
істеушілердің тұрақты жолдары;
      7) жұмысшы істеушілерге арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар.

12. Жекеше қорғаныш құралдарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      134. Хризотилмен жұмыс істеушілер жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      135. Тыныс алу мүшелерін құрамында хризотил бар шаңнан қорғау үшін шамамен рұқсат етілген шоғырлынушылық деңгейінен жоғары жұмыс орындарында ауаның шаңдануы жоғары болуы мүмкін жұмыстарды істейтін барлық адамдар респираторлармен қамтамасыз етіледі. Респираторларды қолдану жұмыс орындарында ауаның шаңдануын осы санитариялық ережемен белгіленген шекте қамтамасыз ету бойынша техникалық шешімдерді әзірлеуді және жүзеге асыруды ауыстырмайды.
      136. Ылғалды хризотилді цемент массаларымен жанасу мүмкін кезде жұмыс істеушілердің ашық дене бөліктері сілтілі хризотилді цемент массасының зиянды әсерінен қорғайтын мазьдармен, пасталармен кремдермен қорғалады. Ылғалды хризотилді-сілтілі массамен жанасатын жұмысшылар қолдарын жууы үшін дәретхана бөлмелері қышқылданған судың (тұз қышқылының 0,1 проценттік ерітіндісі) берілуімен қамтамасыз етіледі. Ауысым аяқталған соң қол майлағыш мазьдармен өңделеді.
      137. Әр жұмыс орны үшін шоғырланушылықтың неғұрлым жоғары деңгейі есебімен респираторлардың түрлері анықталады.
      138. Ластанған арнайы киімдер (айына кемінде екі рет) мерзімдік вакуумды шаңнан тазартылуы және жуылуы тиіс. Хризотилмен жұмыс істейтін жұмыс істеушілердің арнайы киімдерін шаңнан тазалау тасымалдануға және жуылуға дейін шаңұстағышпен жабдықталған құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.
      139. Құрамында хризотил бар шаңмен ластанған арнайы киімді үйде және кәсіпорыннан тыс кір жуу бөлмелерінде өңдеуге және жууға жол берілмейді.
      140. Құрамында хризотил бар шаңмен ластанған арнайы киімдерді тасымалдау «Құрамында хризотил бар шаңмен ластанған арнайы киім» деген ескерту жазбасы бар аузы тығыз байланған полиэтиленді қаптарда жүзеге асырылады.
      141. Құрамында хризотил бар шаңмен ластанған арнайы киімдерді, жинаумен, тасымалдаумен және жуумен (тазартумен) айналысатын жұмыс істеушілер хризотилмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына оқытылады және респираторлармен қамтамасыз етіледі.

13. Жұмыс аймағының ауасындағы құрамында хризотил бар шаңның құрамына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      142. Құрамында хризотил бар шаңмен ауаның шаңдану деңгейін бақылау хризотил өндірілетін, қайта өндірілетін және пайдаланылатын барлық жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
      143. Жабдықтардың және технологиялық операциялардың ұқсастығы кезінде кейбір жұмыс орындарында немесе учаскелерде іріктеп бақылауға жол беріледі.
      144. Құрамында хризотил бар шаңның барынша жоғары-бір реттік және орта ауысымдық шамамен рұқсат етілген шоғырлануының мәні жұмыс аймағының ауасы үшін осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.
      145. Пайдаланылатын заттар рецептурасындағы және материалдардағы әрбір өзгеріс кезінде, сондай-ақ технология өзгергенде құрамында хризотил бар шаңнан хризотилдің проценттік құрамын анықтау жүргізіледі.
      146. Жұмыс аймағы ауасындағы шаңның құрамын бақылауды аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.

14. Санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      147. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамында арнайы киімдерді шаңнан тазалауға арналған үй-жай, ластанған және жеке киімге арналған киім ілгіш бөлме, респиратор бөлмесі көзделеді.
      148. Себезгі бөлмелері лас киімдерге арналған киім ілгіш бөлмесі мен және таза киімге арналған киім ілгіш бөлмесінің арасында орналастырылады. Аяқ киімді кептіру үшін арнайы үй-жай жабдықталады.
      149. Киім ілгіш бөлмесінің, себезгі бөлмесінің едендері, қабырғалары, жабдығы, аяққа арналған науа әрбір ауысымнан кейін ылғалды тазартылуы және дезинфекциялануы тиіс.
      150. Хризотилді өндірумен, хризотилді цемент, хризотилді тоқыма бұйымдар өндірісімен айналысатын жұмысшылар үшін қысқа уақытқа демалуға, жылынуға, ыңғайлы, жеңіл тазаланатын жиһазбен жабдықталған атмосфералық жауын-шашыннан қорғауға арналған үй-жайлар көзделеді.
      151. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

15. Хризотилмен жұмыс істеу кезінде адамдарға медициналық-профилактикалық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      152. Хризотилмен жұмыс істеушілер жұмысқа түсер кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген «Оларың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығына сәйкес алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруге жатқызылады.
      153. Хризотилмен жұмыс істейтін барлық адамдар диспансерлік бақылануға жатқызылады.
      154. Әйелдердің жүктілік кезеңінде жұмыс істеуіне жол берілмейді.
      155. Адамдардың денсаулық жағдайын бақылау тек өндірісте жұмыс істейтін адамдарға ғана емес, сонымен қатар бұрын хризотилмен жұмыс істеген адамдарға да олардың өмір бойы жүзеге асырылады.
      156. Объектілерде кәсіпорындағы жұмысшылардың санына байланысты денсаулық сақтау пункттері ұйымдастырылады.

Хризотил-асбест өндiретiн және 
қайта өңдейтін, құрамында      
хризотил бар бұйымдар мен      
материалдарды өндіретін        
объектілерді күтіп-ұстауға     
және пайдалануға, олармен жұмыс
істеу жағдайларына қойылатын   
санитариялық-эпидемиологиялық  
талаптар» санитариялық ережесіне
1-қосымша            

Жұмыс аймағы ауасындағы құрамында хризотил бар заттардың шамамен рұқсат етілген шоғырлануы (ШРЕШ)

Заттардың атауы

Шамамен рұқсат етілген шоғырлануы, мг/мі

барынша жоғарғы бір реттік

Орташа ауысымдық

Қауіптілік классы

Организмге әсер ету ерекшелігі

1. Табиғи және жасанды хризотил, құрамы хризотилдің 20%-дан астамын қамтыған хризотил түріндегі аралас шаң

2.0

0,5

ІІІ

Ф,К

2. Құрамы хризотилдің 10%-дан 20%-ға дейінін қамтыған хризотил түріндегі шаң

2.0

1,0

ІІІ

Ф,К

3. Құрамы хризотилдің 10%-а дейінін қамтыған хризотил түріндегі шаң

4.0

2,0

ІІІ

Ф,К

4. Құрамы 5%-тен аспайтын марганец диоксидін, 7%-дан аспайтын хром оксидін, 7%-тен аспайтын темір оксидін қамтитын боялмаған және түсті хризотил цементі

6.0

4,0

ІІІ

Ф,К

5. Хризотилтоб кедит, асбест резина

10.0

4, 0

ІІІ

Ф

      *Ф - аэрозольдар фиброгендік әсерімен ерекшеленеді
      К – концергендер.

Хризотил-асбест өндiретiн және 
қайта өңдейтін, құрамында      
хризотил бар бұйымдар мен      
материалдарды өндіретін        
объектілерді күтіп-ұстауға     
және пайдалануға, олармен жұмыс
істеу жағдайларына қойылатын   
санитариялық-эпидемиологиялық  
талаптар» санитариялық ережесіне
2-қосымша            

Хризотилді өндіру, қайта өңдеу және қолдану бойынша
объектілерде санитариялық- тұрмыстық үй-жайларының құрамын
айқындайтын негізгі өндірістік процестердің топтары

р/с №

Өндірістік процестердің топтары

Кәсіби топтар

1

Әзірлеуді ашу (кен шығару орындары)

3а,2г

Тау және тасымалдау машиналарында жұмыс істейтін негізгі кәсіп жұмысшылары
Жарғыштар.
Көмекші кәсіп жұмысшылары

2

Байыту фабрикалары

Ұсақтау-сорттау және тасымалдау цехтарының жұмысшылары.
Құрғақ байыту цехтарының жұмысшылары

3

Хризотилді цемент бұйымдарын өндіру
1б, 2 г
1б, 2в

Хризотилді дозалаушылар, жүгіртпелер, голлендошылар
Хризотилді цемент бұйымдарының
токарьлары

4

Хризотилді тоқыма бұйымдарды өндіру
1б, 2б

Хризотил қоспаларын дайындаушылар, айналдырушылар, тоқымашылар, түтушілер, иірушілер

5

Фрикциялық бұйымдарды өндіру
1б, 2б

Престеушілер, токарьлар, фрикциялық бұйымдарды фрезерлеушілері

6

Хризотилді тоқыма бұйымдарын пайдалану
1б, 2а, 2б
1б, 2г

Оқшаулаушылар, жөндеуші темір ұсталары, құрылыс жұмысшылары

7

Жылу және дыбыс оқшаулағыштарды жағу, алып тастау және жөндеу
1б, 2а, 2б
1б, 2г

Оқшаулағыштар, жөндеуші темір ұсталары, құрылыс жұмысшылары

8

Автошеберханаларда тежегіштермен және жалғау муфталармен жұмыс істеу

Жөндеуші темір ұсталары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады