"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 396 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7103 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет тұралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау»;
      «033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға, оралмандарды құжаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      «019 Көші-қон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «019 Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру»;
      352 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      «019 Көші-кон полициясының қосымша штаттық санын материалдық-техникалық жарақтандыру және ұстау, оралмандарды құжаттандыру» бюджеттік бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «019 Көші-кон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру»;
      221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      «015 Жеке куәлік құжаттарын дайындау» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік процесі әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады