"2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 871 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу;»;
      мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
      «13-2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.»;
      көрсетілген қаулыға 26-қосымшада:
      003 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» деген функционалдық топта:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген әкімші бойынша:
      033 бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      «033 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер                                               152767»;
      көрсетілген қаулыға 27-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 32-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 871 қаулысына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына   
27-қосымша    

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

Р/с

Облыстардың атауы

Сомасы, мың теңге


Барлығы:

449 421

1.

Ақмола облысы

33 502

2.

Ақтөбе облысы

22 742

3.

Алматы облысы

32 302

4.

Атырау облысы

14 686

5.

Шығыс Қазақстан облысы

45 546

6.

Жамбыл облысы

23 572

7.

Батыс Қазақстан облысы

16 772

8.

Қарағанды облысы

46 933

9.

Қостанай облысы

28 192

10.

Қызылорда облысы

21 870

11.

Маңғыстау облысы

22 398

12.

Павлодар облысы

19 603

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

17 818

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

51 207

15.

Алматы қаласы

31 254

16.

Астана қаласы

21 024

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 871 қаулысына 
2-қосымша 

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің    
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына   
32-қосымша  

2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

                                        мың теңге

ФТ

Әкімші

Бағдарлама

Атауы

Өзгерістер (+, -)




II. Шығындар

0

003

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0


201


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

6 744 124



001

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын ұйымдастыру және айқындау жөніндегі қызметтер

47 381



015

Жеке куәлік құжаттарын дайындау

6 400 089



033

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

296 654


221


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

- 6 744 124



001

Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету

- 332 689



015

Жеке куәлік құжаттарын дайындау

- 6 400 089



022

Әділет органдарының күрделі шығыстары

- 11 346

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады