"Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылы 25 тамызда № 7140 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі N 217 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.

      "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4341 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы қазан, № 15, 226-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) "Д" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізушілерді даярлау үшін адам жиырма бір жасқа толу керек, кем дегенде үш жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде "С" санатына жататын көлік құралдарын кем дегенде бір жыл басқару өтілі болу қажет."
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б.Бисенқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б.Бисенқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрықтың алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады