Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7141 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 472 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 230/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2014 № 472 және ҚР Өңірлік даму министрінің 04.08.2014 № 230/НҚ бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н.Выборов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және оның талаптарын орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі             Экономикалық даму және сауда
      ____________Қ. Қасымов          министрдің міндетін атқарушы
      2011 жылығы 11 тамыз            ____________Д. Шәженова

Қазақстан Республикасы Ішкі істер     
министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы    
N 409 және Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда министрінің  
міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы
N 242 бірлескен бұйрығымен бекітілген  

нысан

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағы
____________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы, заңды мекенжайы,
____________________________________________________________
телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

      Тексеру парағын ұсыну және толтыру міндетті болып табылады. Бақылаушы органның лауазымды адамы кәсіпкерлік субъектісіне Тексеру парағын ұсынудан бас тартқан жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы оған тексеру жүргізуге рұқсат бермеуге құқылы.
      Жүргізілетін тексеру түрі (көрсету қажет):
       _
      |_| жоспарлы
       _
      |_| кешенді тексеру
       _
      |_| тақырыптық тексеру
Тексеру жүргізу тексеруді тағайындау туралы Актінің негізінде жүзеге асырылады:
Нөмірі____, күні______.
Объекті ________________________________________________________
                        (заңды тұлға/жеке кәсіпкер)
________________________________________________________________
                           (мекенжайы, тел.)
СТН ____________________________________________________________
БИН ____________________________________________________________
Тексеруге қатысатын адамдар:
Жауапты адам (басшы немесе оның сенім білдірген қызметкері)_____
________________________________________________________________
                        (лауазымы Т.А.Ә.)
ІІО қызметкері _________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектіге (үй-жайларға) қойылатын талаптар

№ р/с

Талаптар

Иә/Жоқ

Қ/Е***

1 **

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласына тиісті рұқсаты бар субъектінің объектіні пайдалануға аумақтық ішкі істер органының рұқсатының немесе оны жалға алуға келісімшартының бар болуы



2*

Үй-жай (қойма) қосалқы және қызметтік үй-жайлардан оқшауланған



3*

Үй-жайдың кірпіштен немесе тастан қаланған қалыңдығы кемінде 500 мм / қалыңдығы кемінде 200 мм бетондық қабырға блоктарынан / қалыңдығы 90 мм екі қабат бетондық тастардан / қалыңдығы 180 мм кем емес темірбетон панельдерінен / күрделі қабырғасы бар.



4*

Ішкі қабырғалар сыртқы күрделі қабырғаларға ұқсас орындалған немесе әрқайсысының қалыңдығы 80 мм және олардың арасына ұяшықтары 150 х 150 мм-ден кем емес диаметрі 10 мм-ден кем емес арматуралардан жасалған темір тор салынған жұптастырылған гипстік бетондық панельдерден / темір тормен бекітілген қалыңдығы 120 мм-ден кем емес кірпішпен қаланған.



5*

Есірткі құралдары мен психотроптық заттар сақталатын қойманың кіретін есіктері ақаусыз кірігеді, қуыс емес, қалыңдығы 40 мм-ден кем емес, бір-бірінен 300 мм қашықтықта ойып салынған кем дегенде өзі жабылып қалмайтын ойыққа орналастырылатын екі құлпы бар.



6*

Аулаға, тұйық жаққа шығатын есіктер, қосалқы есіктер екі жағынан қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес болат парақтармен есіктің ішкі бетіне қарай бүктеліп немесе есіктің бүйір қабырғасында бір біріне бастырыла қапсырылған. Парақтар периметрі және диагоналдары бойынша диаметрі 3 мм ұзындығы 40 мм шегелермен арасы 50 мм-ден артық емес қашықтықта бекітіледі.



7*

Үй-жайдың төбесі мықты жабылған және едені де диаметрі 10 мм-ден кем емес арматуралардан жасалған және ұйшықтары 150 х 150 мм металл торлармен бекітіліп, сытынан сылақ жүргізілген.



8*

Терезе ойығы ішкі жақтан немесе кәсек арасы темір торлармен жабдықталған. Болат шыбықтардың диаметрі 16 мм-ден кем емес және олардың әрбір қиылысы дәнекерленген, ұяшықтардың ауданы 150x150 мм-ден артық емес. Top шыбықтардың ұштары қабырғаға 80 мм кем емес тереңдікке қағылған және бетон құйылған.



9*

Есік ойықтарына орнатылған торлар диаметрі 15 мм-ден кем емес болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар 150x150 мм-ден аспайтын ұяшықтарды құра отырып, әрбір қиылыстары дәнекерленген.



10*

Желдеткіш терезелері, люктер бар кезде оларға 100x100 мм-ден аспайтын мөлшердегі ұяшықтары бар болат торлар орнатылған, олар осы жүйе арқылы өту мүмкіндігін болдырмайды.



11*

Инженерлік желіні өткізуге арналған қабырғадағы тесіктің диаметрі 200 мм-ден аспайды.



12*

Үй-жай күзет-өрт сигнализациясының екі және одан көп шебімен жабдықталған.



13**

Күзет және/немесе дабыл сигнализацияның бар болуы



14*

Күзет сигнализациясы:



14.1

- электр қуатының қалқаншасына дейін жасырын сыммен орындалған



14.2

- терезелерде сигнализация құрылғылары бар



14.3

- есіктерде сигнализация құрылғылары бар



14.4

- люктерде сигнализация құрылғылары бар



14.5

- қабырғаларда сигнализация құрылғылары бар



14.6

- төбелерде сигнализация құрылғылары бар



14.7

- едендерде сигнализация құрылғылары бар



15*

Материалдық-жауапты адамдарда ұдайы болатын кілт кешені бар күзетілетін үй-жайларда металл шкафтардың (сейфтердің) бар болуы



16**

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың қозғалысын есепке алатын кітабы бар, онда мыналар болуы тиіс:



16.1

- нөмірленген, баумен тігілген



16.2

- өкілетті органның - Қазақстан Республикасы ИМ ЕБҚКК-нің мөрімен бекітілген



17*

Есірткі құралдарына және психотроптық заттарға рұқсаты бар адамдарда мыналар болуы тиіс:



17.1

- тиісті тексеруден өткені туралы ішкі істер органдарының қорытындысы.



17.2

- наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамасы



Ескерту:
*** - қажет емес / көзделмеген
** - елеулі заң бұзушылықтар
* - елеусіз заң бұзушылықтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады