"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 288-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 тамызда № 7144 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның(отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5757 болып тіркелді, 2009 жылғы 11 қыркүйекте, № 138 (1561) "Заң газеті" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отбасының жиынтық табысына осы Қағиданың 2-тарауына сәйкес ақшалай немесе заттай нысанда алған тұрғын үй және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде берілетін ынталандырушы төлемдерден басқа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi – есептi кезең) табысының барлық түрлерi қосылады.

      Ынталандырушы төлемдер – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (стипендиялар; оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына

      немесе тұрғын үйді жалға алумен (жалға алумен) байланысты шығындарды

      өтеуге субсидиялар; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен

      қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар

      жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар).

      Уәкілетті орган өтініш берушінің келісімімен табыстарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы"

      республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорымен

      салыстырып тексереді.".

      2. Әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту департаменттері

      осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет

      министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми

      жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә.Ахметовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа

      енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Еңбек және халықты әлеуметтік


қорғау министрінің


міндетін атқарушы

Т. Дүйсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады