"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7173 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5463 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1624) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 26-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 18 тамыздағы
№ 418 Қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
26-қосымша

Салық төлеушiнiң (салық агентінің) билік етуі шектелген
мүлкінен өндiрiп алу туралы №_______ ҚАУЛЫ

      20 __ жылғы "___" _______________ _____________________________

      (жасалған жері)

      Мен Басшы (Басшы орынбасары) __________________________________

      (салық органының атауы, Басшысының

      _____________________________________________________________________

      (Басшы орынбасарының) аты-жөні)

      _____________________________________________________________________ (салық төлеушiнiң (салық агентінің) атауы, сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда), мекен жайы) осы қаулы шыққан күнінде

      _____________________________________________________________________

      санмен және жазбамен көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      теңге құрайтын салық берешегін төлеу бойынша салық мiндеттемесі орындалмау фактiсiн

АНЫҚТАДЫМ.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 615, 616-баптарымен алдын ала қарастырылған салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық берешегін төлеуге әкелмеді.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615, 616-баптарын басшылыққа алып,

      _____________________________________________________________________

      (салық төлеушiнiң (салық агентінің) атауы, сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда), мекен жайы)

      билік ету 20 __ жылғы "__" ______________ № ___ шешімінің және 20 __ жылғы "__" ______________ №___ мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiнің негізінде шектелген мүлкінен өндiрiп алуды

ҚАУЛЫ ЕТТІМ.

      Осы қаулы екі данада жасалған, олардың біреуі шешім және тiзiмдеме актiсiмен қоса ____________________________________________

      (уәкілетті заң тұлғанын атауы)

      ________________________________________________ орындалуға берілсін.

      Билік етуі шектелген мүлік ____________________________________

      (салық төлеушi (салық агенті) жауапты тұлғаның аты-жөні)

      материалдық жауапкершiлiкпен сақтауына беріледі және осы мекен жай бойынша орналасады __________________________________________________

      Мөр орны ______________________________________________________

      (салық органының атауы, Басшысының (Басшы орынбасарының) аты-жөні)

      Алынды: _____________________________________________________________

      (мүлік бойынша уәкілетті заң тұлғанын аты-жөні, қолы, алған күні)

      Жіберілді: __________________________________________________________

      (жіберу және алыну фактісі туралы растайтын құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады