Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 272 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7177 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері сферасын тексеру мәселесі жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ саласындағы мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін және жылдың 20-қаңтарына дейін, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша жүргізілген тексерулер мен олардың нәтижелері жөніндегі ақпартатты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік органдардың соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі         Экономикалық даму және сауда
      ______________С. Мыңбаев        министрінің міндетін атқарушы
      2011 жылғы 25 тамыз             ______________ Д. Шәженова
                                      2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасы      
Мұнай және газ министрлігінің  
2011 жылғы 25 тамыз № 149     
және Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда  
министрі міндетін атқарушының  
2011 жылғы 31 тамыз № 272    
бірлескен бұйрығымен бекітілді 

Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы, мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы»«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
      3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
      4) тексерiлетiн субъектi – қызмет түріне лицензиясы бар, лицензиялау және кейінгі лицензиялық тексеру Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің ведомствосымен жүргізілетін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану операциясы жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргізу саласындағы қызметiне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      3. Жоспарлы тексерулер жүргiзудің мерзімі тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
      орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiгi айқындалады.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективті – тексерілетін субъектілер қызмет атқарған кезде мүмкін болатын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективті – тексерілетін субъектілермен белгіленген талаптарды бұзуға жол берілгендігіне байланысты анықталады.
      Субъективті өлшемдер елеулі және болмашы бұзушылықтардан тұрады.
      5. Алғаш рет тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
      6. Объективті өлшемдері бойынша тексерілетін субъектілер мынадай тәуекелдер тобына бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына мұнай, газ, мұнай-газконденсатын өндіруді, сондай-ақ қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия өндірістерін пайдалану;
      мұнайды, газды, мұнай-газконденсатын өндіру;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
      ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішiн орнату;
      мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар;
      мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін ұлғайту;
      құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      2) орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына мұнай және газ кен орындарын бақылауды, сондай-ақ қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия өндірістерін пайдалану;
      (мұнай, газды, мұнай-газконденсаты) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      3) төменгі тәуекел дәрежесінің 3-тобына қызметтің мынадай лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыратын лицензиаттар жатады:
      Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      тау-кен, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық);
      тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық);
      мұнайды, газды, мұнай-газконденсатын өндіруді жобалау;
      мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
      мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық);
      мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне қайтадан жатқызу субъективті өлшемдерді ескер отырып жүзеге асырылады.
      8. Елеулі бұзушылықтарға:
      1) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін меншік немесе жалгерлік (жалгерлік шарты) құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) болмауы;
      2) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін сәйкес құрылғының, механизмдердің, құралдардың, технологиялық құрылғылардың болмауы;
      3) лицензияның немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болмауы;
      4) көрсетілетін қызметке біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болмауы;
      5) лицензияға қосымшада көрсетілмеген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін жүргізу;
      6) кен орнын барлау, сынамалы игеру, өндірістік және тәжірибелік-өндірістік игеру, ұңғымаларды, қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерін өндіру, дайындау және сақтауға қажетті басқа да объектілердің жобалау құжаттарының болмауы, сол сияқты бекітілген жобалық құжаттардың талаптарын бұзуы;
      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағиданың талаптарын бұзу;
      8) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы игеру кезінде, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;
      9) мұнай-газ кен орынын өндірістік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз жүргізу;
      10) теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын бұзу;
      11) олар болған жағдайда техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды сақтамау;
      12) қоршаған ортаны қорғау саласында мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бекітілген және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен келісілген ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының болмауы және сақталмауы жатады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Болмашы бұзушылықтарға:
      1) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін технологиялық регламенттердің болмауы немесе технологиялық регламенттің кәсіпорын басшысымен бекітілмеуі, орындалатын қызметтің кіші түрлеріне сәйкес келмеуі;
      2) Алынып тасталды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) көрсетілетін қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестігі талап етілетін өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайтын аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болмауы;
      4) жүзеге асырылатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін технологиялық процесті және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды; машиналарды, тетіктерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды; маркшейдерлік жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы;
      5) Алынып тасталды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) iлеспе газды өңдеудi дамыту бағдарламасын орындау жөніндегі есептілікті ұсынбау;
      7) Алынып тасталды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8) келісім-шарттық аймақта өндірілген мұнайды өлшеу мен таразылау ережесін бұзу.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Әрбір жол берілген бұзушылық үшін тексерілетін субъект мынадай балл иеленеді:
      бір елеулі бұзушылық үшін – екі балл;
      бір болмашы бұзушылық үшін – бір балл.
      11. Тексерілетін субъектілер субъективті өлшемдер бойынша жол берілген бұзушылықтың түрі мен санына байланысты бөлінеді.
      Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған баллдары қосылады.
      Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған болмашы тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін орташа тәуекел тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 4 балдан жоғары жинаған орташа тәуекел тобына жатқызылған субъектілер тексерілетін жоғары тәуекел тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде жоғары топтағы тәуекел дәрежесiндегі субъектілер тексерілетін 2 балдан көп жинамаса орташа тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.
      Тексеру кезеңінде орташа тәуекел дәрежесiндегі тексерілетін субъектілер 3 балдан көп жинамаса болмашы тәуекел дәрежесiне ауыстырылады.
      12. Бір топтың ішіндегі тексерілетін субъектілер тексеру жоспарына:
      тексерудің ең соңғы мерзімі;
      соңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар саны бойынша енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады