"Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 481 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7192 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2012 № 584 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6289 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
      15-тармағының 4-абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын әзірлеу орындылығы және олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының перспективтік жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындысы;».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады