Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 83 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7194 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.03.2015 № 38 (12.05.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) сәйкес мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) электрондық тасымалдағышта Ұлттық Банкке ұсынады.
      11. Мәліметтерді:
      1) филиалының саны оннан аспайтын банк, күн сайын (бұдан әрі - күн сайынғы мәліметтер) - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда); ай сайын (бұдан әрі - ай сайынғы мәліметтер) - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) он және одан көп филиалы бар банк күн сайынғы мәліметтерді - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда) және ай сайынғы мәліметтерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Банк банктің бірінші басшысы не оның орнындағы тұлға және бас бухгалтері қол қойған, банктің мөрімен куәландырылған ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышта банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі бесінші күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
      Банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күні айдың бірінші немесе соңғы жұмыс күніне сәйкес келген жағдайда, банк ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі күнтізбелік жетінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкке шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданады.»;
      12 және 3-қосымшалар осы қаулының 12 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                               Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттiгi
      Төраға______________Ә.Смайылов
      2011 жылғы 23 тамыз

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 22 шілдедегі 
№ 83 қаулысына      
1-қосымша        
 

«Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
1-қосымшасы

Банктiң iшкi мiндеттемелерi

Баланстық шот

Көрсеткiштiң атауы

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді заемдар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтар

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2227

Алынған қаржы лизингi

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

                                                                 »

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2011 жылғы 22 шілдедегі  
№ 83 қаулысына       
2-қосымша         
 

«Ең төменгі резервтік 
талаптар туралы ереженің
2-қосымшасы     

Банктiң резидент еместер алдындағы өзге мiндеттемелерi

Баланстық шот

Көрсеткіштің атауы

2012

Шетелдiк орталық банктердiң корреспонденттiк шоттары

2013

Басқа банктердiң корреспонденттiк шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары

2016

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2022

Шетелдiк орталық банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2023

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2024

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешегi

2044

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар

2046

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар

2048

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзiмi өткен берешек

2052

Шетелдiк орталық банктерден алынған заемдар

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi заемдар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi заемдар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2058

Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2122

Шетелдiк орталық банктердiң мерзiмдi салымдары

2123

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр айға дейiнгi)

2124

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр жылға дейiнгi)

2125

Басқа банктерден бiр түнге тартылған салымдар

2126

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2130

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2133

Басқа банктердiң шартты салымдары

2135

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2138

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2222

Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2227

Алынған қаржы лизингi

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2551

Басқа банктермен есеп айырысу

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар

2708

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Еншiлес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

                                                                 »

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 22 шілдедегі  
№ 83 қаулысына      
3-қосымша         
 

«Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
3-қосымшасы

Банктiң өзге мiндеттемелерi

Баланстық шот

Көрсеткіштің атауы

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

                                                                  »

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады