Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы

Күшін жойған

Республикалық Бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП Нормативтік Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қыркүйекте № 7205 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 28.11.2015 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесі бекiтiлсiн.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы нормативтік қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                        О. Өксікбаев

Республикалық бюджеттің атқарылуын
      бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП 
нормативтік қаулысымен бекітілген

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу
кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi

      Ескерту. Үлгі жүйесі жаңа редакцияда - Республикалық Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 18.01.2013 № 1-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Негiзгi ережелер

      1. Осы сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесi (бұдан әрi – Үлгi жүйе) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Үлгi ереженiң негiзгi мақсаты бақылаумен барынша қамту мақсатында тәуекелi жоғары, сондай-ақ тәуекелге неғұрлым бейiм бақылау объектiлерiн анықтау болып табылады.

2. Негiзгi ұғымдар

      3. Үлгi жүйенi пайдалану кезiнде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) бақылау объектiлері – бюджет процесiне қатысушылар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
      2) бақылау объектiсiн таңдау – дайындық кезеңi, оның барысында бақылау объектiсiнiң қызметiнiң нәтижесi, туындайтын тәуекелдер мен кездесетін проблемалар туралы ақпаратты жинауға, талдауға және бағалауға негiзделетін бақылау iс-шараларының бүкiл процесiн жоспарлап, жүргiзу үшiн қажеттi алғышарттар жасалады;
      3) өлшемдер – көрсеткiштер тiзбесi, солардың негiзiнде бақылау объектiсiн белгiлi бiр тәуекел тобына жатқызу туралы шешiм қабылданады;
      4) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын сақтамаудың, бақылау объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қарастырылған көрсеткіштерін және нысаналы индикаторларын қол жеткізбеуі немесе тиімсіз орындауы мүмкiн;
      5) тәуекел тобы – осы үлгі жүйемен белгiленген параметрлер мен көрсеткiштерге сәйкес алынған өлшемдер бойынша бақылау объектiлерiн шартты түрде топтастыру;
      6) тәуекелдердi басқару – тәуекелдердi сәйкестендiру мен талдауға және тәуекел оқиғаларының туындаған оң салдарларын барынша арттырып, терiс салдарларын барынша азайтуды қамтитын шешiмдердi қабылдауға байланысты процестер;
      7) тәуекелдердi басқару жүйесi – бақылау iс-шараларын тиiмдi жоспарлауды және жүргiзудi қамтамасыз ететiн, ресурстарды таңдап, оларды бақылау қызметiнiң ең басым бағыттарына оңтайлы бөлу принциптерiне негiзделген әкiмшiлiк ету жүйесi;
      8) тәуекелдi талдау – тәуекел дәрежесін бағалаудың процесiн оңтайландыру мақсатында бақылау объектiсi қызметiнiң қандай да бiр саласына тәуекелдiң тигiзетiн ең үлкен әсерiн анықтау үшiн жүргiзiлетiн іс-қимыл;
      9) тәуекелдiң дәрежесін бағалау – тәуекелдiң параметрлерiн сипаттайтын барлық тәуекел жағдайларын заттай-бұйымдық және құн бойынша талдау.
      4. Тәуекелдердi басқару процесi:
      1) тәуекелдерге бағалау жүргiзу үшiн деректер базасын бақылау объектiлерiнен және басқа да ресми көздерден алынған қаржылық, бюджеттiк, бухгалтерлiк есептiлiктен қажеттi ақпаратты жинау жолымен жасау;
      2) тәуекелдердi сәйкестендiру тәуекелдердi маңыздылық дәрежесi (жоғары, орташа, ең төмен) бойынша орналастыруға негізделген;
      3) тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу;
      4) тәуекелдi бағалау нәтижелерiн алу, яғни – бақылау объектiлерi, тәуекелдердiң маңыздылық дәрежесi мен тобы бөлiнiсiнде шығу нысандарын қалыптастыру;
      5) тәуекелдерге мониторинг жүргiзу және оларды бақылау – бақылау объектiлерiнiң тәуекелдерiн барынша азайту жөнiндегi іс-қимылдарын кейiннен талдап, тиiмдiлiгiн бағалау үшiн серпінмен бақылау объектiлерiн тәуекел топтары бойынша есепке алу;
      6) тәуекелдердi басқаруды жоспарлау кезеңдерін қамтиды.
      5. Үлгi жүйе бақылау - талдау iс-шараларының жоспарын жасау, бақылау жүргiзу, бақылау объектiлерiн талдау және бағалау кезiнде пайдаланылады.
      6. Үлгi жүйенi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары (бұдан әрi – бақылау органдары) жүктелген функциялары мен өкiлеттiктерiне сәйкес бюджеттiң барлық деңгейiнде пайдаланады:
      республикалық деңгейде – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (бұдан әрi – Есеп комитетi);
      жергiлiктi деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрi – тексеру комиссиялары).
      7. Осы үлгi жүйеде регламенттелмеген мәселелер Есеп комитетiмен келiсе отырып, тексеру комиссияларымен шешіледі.

3. Тәуекелдерді бағалау мен сәйкестендiру үшін деректер базасын жасау

      8. Тәуекелдерге бағалау жүргiзу үшiн деректер базасын жасау көрсеткiштердi талдау барысында жүзеге асырылады, олардың негiзiнде тәуекелдердi бағалаудың өлшемдерi жасалады.
      9. Талдау жүргiзу процесiнде бақылау объектiсiн тиiстi тәуекел тобына жатқызатын тәуекелге неғұрлым бейiм, сондай-ақ орнықты және тәуекелге бейiмі аз көрсеткiштер анықталады. Бұл ретте тәуекелдерге сәйкестендiрудi жүргiзу үшiн өлшемдер тiзбесi анықталады, сондай-ақ олардың сипаттамаларына құжаттама жүргiзiледi.
      10. Тәуекелдердi сәйкестендiру үш кезеңде жүргiзiледi:
      1) бастапқы кезеңде тәуекелдердi сәйкестендiру үшін қажеттi сандық және сапалық өлшемдер, үлестер, пайыздағы серпiн түрiндегi шамалар мен деректердi есептеу бойынша есептiк операциялар жүргiзiледi;
      2) екiншi кезеңде талдау iс-шаралары және тәуекелдердiң өлшемдерi бойынша шамалар мен деректердi салыстырып тексеру жүзеге асырылады;
      3) үшiншi кезеңде тәуекелдердi сәйкестендiру және бақылау объектiлерiн тәуекел топтары бойынша бөлу жүргiзiледi.
      11. Тәуекелдердi сәйкестендiру кезiнде мыналар жүргiзiледi:
      1) тәуекелдердi сапалық тұрғыдан бағалау, яғни – әрбiр өлшем үшiн оларға сапалы бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін мәндер диапазонын белгiлеу, белгiлi бiр өлшем бойынша алынған көрсеткiштерге сүйене отырып бақылау объектiсi тәуекел тобының бiрiне жатқызылады;
      2) тәуекелдердi сандық тұрғыдан бағалау, яғни – өлшемдердi мәндерiнiң қосындысына қарай салыстыру, осының негiзiнде бақылау объектiсi қандай да бiр тәуекел тобына жатқызылады.
      12. Бақылау объектiлерiн тәуекел тобы iшiнде саралау ол жатқызылған топтың мәндер қосындысына байланысты жүзеге асырылады. Жоғары дәрежелі тәуекел тобында сол топта ең көп мәндер қосындысын жинаған объект бiрiншi орынға қойылады.
      13. Тәуекелдердi сәйкестендiрудiң барлық кезеңдерiндегi процесiне жалпы басшылық бақылау органының басшысымен жүзеге асырылады.
      14. Бақылау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу үшiн бақылау объектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу бойынша өлшемдер тiзбесi олардың ашықтығы, қолжетiмдiлiгi және сандық өлшемдiлiгi негiзiнде анықталады.

4. Тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу мен тәуекелді бағалау қорытындысын алу

      15. Әрбiр өлшем үшiн мәндер диапазоны белгiленген. Белгiлi бiр өлшем бойынша мәнге сүйене отырып, көрсеткiш үш тәуекел тобының бiрiне жатқызылады:
      1) жоғары дәрежелі тәуекел тобы;
      2) орта дәрежелi тәуекел тобы;
      3) ең төмен дәрежелі тәуекел тобы.
      16. Жеке өлшем үшiн белгiленген мәндер диапазондарына сүйене отырып, бақылау объектiсiнiң көрсеткiшi мәнiнiң қай тәуекел тобына жататындығына қарай көрсеткiшке сол тәуекел тобының мәнi берiледi. Мәндерi жоғары дәрежелі тәуекел тобына жататын көрсеткiштерге – 3 балл, орта дәрежелi тәуекел тобындағыларға – 2 балл және ең төмен дәрежелі тәуекел тобындағыларға - 1 балл берiледi.
      17. Бақылау объектiсi бойынша тәуекелдiң жиынтық көрсеткiшiн есептеу әрбір топтың бөлінісінде әрбір бақылау объектісі бойынша әрбір өлшемнің тәуекел топтары мәндерін қосу жолымен жүргiзiледi.
      18. Бақылау объектілерінің тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында бақылау объектісінің пайыздық тәуекел үлесі айқындалады (тәуекелдердің алынған қосынды мәндері тәуекелдің ықтималы жоғары мәндерімен салыстырылады).
      19. Бақылау объектiсi, егер оның тәуекел үлесі 70-тен 100%-ға дейiнгi аралықта болса, жоғары дәрежелі тәуекел тобына; тәуекел үлесі 50-ден 70%-ға дейiнгi аралықта болса, орта дәрежелi тәуекел тобына және тәуекел үлесі 50%-дан төмен болса, ең төмен дәрежелі тәуекел тобына жатқызылады.
      Осы есептеулердi қолданудың қорытындысы бойынша барлық бақылау объектiлерi 3 тәуекел тобына: жоғары дәрежелі тәуекел тобына, орта дәрежелi тәуекел тобына және ең төмен дәрежелі тәуекел тобына жіктеледі.

5. Тәуекелдер мониторингі мен бақылауы

      20. Өлшемдер бойынша көрсеткiштердi нақтылай отырып, бақылау объектiлерi бөлiнiсiндегi белгiлi бiр тәуекел топтарына бақылау объектiлерiн жатқызу жөнiндегi есептеулердiң нәтижелерi бақылау органының мүшелерiне және бақылау органының бақылау қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелерге жоспарлау кезеңi басталғанға дейiн 1 ай бұрын тапсырылады.
      21. Бақылау органының мүшелерi және бақылау органының қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелер қолдағы ресурстарды және қосымша ақпаратты ескере отырып, тәуекелдердi бағалаудың негiзiнде бақылау объектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу жөнiндегi деректердi алған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн ішінде бақылау органының тиісті кезеңге арналған жұмыс жоспарына енгiзу жөнiндегi ұсыныстарын бақылау органының бақылау қызметiн жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiне жiбередi.
      22. Бақылау органының мүшелерiмен және бақылау қызметiн жоспарлауға қатысатын құрылымдық бөлiмшелермен келiсiлген бақылау органының тиісті кезеңге арналған жұмыс жоспарының жобасы бақылау органының басшысына бақылау органының жұмыс жоспарына енгiзу жөнiндегi ұсыныстар алынған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн ішінде кейiн табыс етiледi.
      23. Бақылау iс-шараларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдердi бағалау мемлекеттiк қаржылық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру және бақылау органының шектеулi ресурстарын оңтайлы бөлу мақсатында бақылаудың бастапқы кезеңiнде, сондай-ақ қажет болған жағдайда бақылау жүргiзудiң кез келген сатысында жүргiзiледi.

6. Тәуекелдердi басқаруды жоспарлау

      24. Тәуекелдердi басқаруды жоспарлау тәуекелдердi төмендету және қаржылық тәртiптi арттыру мақсатында бақылау органының бақылау-талдау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу бойынша шешiмдер қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.
      25. Бақылау органы бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау объектiлерi бойынша ұсынымдар дайындайды, оларды iске асыру тәуекелдi төмендетуге және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етедi.
      26. Осы үлгi жүйедегi барлық объектiлер алты блокқа бөлiнедi. Бiрiншi блокқа – стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдар, екiншi блокқа – стратегиялық жоспарын әзірлемейтін мемлекеттiк органдар, үшінші және төртінші блоктарға – кіріс бөлігі бойынша (салық органдары және салық органдарын қоспағанда) мемлекеттік органдар, бесінші блокқа – бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) және алтыншы блоққа - квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi жатқызылған. Бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі тәуекелдерді бағалаудың өлшемдері тек қана Есеп комитетімен анықталады.
      27. Блоктардың бақылау объектiлерiнде тәуекелдердi келесі өлшемдер негiзiнде анықтау:
      Үлгі жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық жоспарларды әзірлейтін мемлекеттік органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
      Үлгі жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
      Үлгі жүйесіне 3-қосымшаға сәйкес республикалық/жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдары) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
      Үлгі жүйесіне 4-қосымшаға сәйкес республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (салық органдарын қоспағанда) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
      Үлгі жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі;
      Үлгі жүйесіне 6-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тәуекел топтарына жатқызу жөнiндегi.
      28. Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының қаулылары мен қорытындыларының деректері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінен түскен ақпарат негізінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының соңғы екі жыл ішіндегі бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдардың қамтылу толықтығына бюджеттік бағдарламаларды талдау жүргізіледі, атап айтқанда:
      Үлгі жүйесіне 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен қамтудың толықтығын талдау (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде);
      Үлгі жүйесіне 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі тақырыптық бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдарды қамтуының толықтығын талдау (барлық мемлекеттік органдар бойынша жиынтық).
      29. Бақылау органдары қажетіне қарай әлдеқайда дәл нәтижелер алу мақсатында блоктар мен өлшемдердің санын, сондай-ақ өлшемдердің мәндері диапазондарын өзгертеді.
      30. Бақылау органдары бақылау объектiлерiнiң тәуекелдерiн бағалаудың нәтижелерiн бақылау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу кезiнде, сондай-ақ бақылау органының қызмет бағыттары бойынша талдамалық, ақпараттық және өзге де құжаттарды дайындау барысында пайдаланады.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды  
жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесіне  
1-қосымша                

Стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк органдарын
тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі
ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

Р/с

Көрсеткiштер атауы

Тәуекел топтары

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелi

ең төмен дәрежелi

1

Стратегиялық жоспардың орындаушысы

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

2

Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен

> 4

2-3

< 1

3

Нәтиженің қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен

> 4

2-3

< 1

4

Орындалмаған іс-шаралардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен

> 4

2-3

< 1

5

Мемлекеттік органмен іске асырылып жатқан бюджеттік бағдарламалардың саны

> 20

10-20

< 10

6

Жалпы санына шаққанда бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген тікелей нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен

> 7

6-5

< 5

7

Жалпы санына шаққанда бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен

> 7

6-5

< 5

8

Стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі

> 5

5

< 5

9

Мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жылдық көлемi, млн. тенге*




10

Есепті кезеңде бюджеттің жалпы көлеміне шаққанда даму бюджетінің үлесі, %-бен

> 30

25-30

< 15

11

Соңғы екі жылда бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда тақырыптық бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен

< 30

30-60

> 60

12

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен

>/= 15

>/= 10

>/=/<0

13

Уақтылы іске асырылмаған бюджеттік инвестициялық жобалардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

7-8

< 5

14

Осы мемлекеттік органмен іске асырып отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың саны

</= 96

</= 99

</= 100

15

Тиiстi кезеңнiң шығыстар көлемiне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен

> 5

2-5

< 2

16

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен

>/= 10

>/= 5

>/= 0

17

Қызметкерлердiң жалпы санына шаққандағы кадрлардың тұрақтамаушылығы, %-бен

>/= 30

>/=10

>/=/<0

18

Соңғы жүргiзiлген кешенді тексерудiң күнi, жылы

>/= 10

>/= 5

>/= 0

19

Бақылау органының ұсынымдарын орындау, %-бен

>/= 3

>/= 2

>/=/<1

20


</= 60

</= 80

</= 100

      * бұл өлшем бойынша, осы облыстың, ауданның бюджет қаражаты көлеміне сүйене отырып, тексеру комиссиялары өз бетінше екі мәнді: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды  
жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын
тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесіне  
2-қосымша               

Стратегиялық жоспарын әзірлейтін мемлекеттiк
органдарын тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі
ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

Р/с

Көрсеткiштер атауы

Тәуекел топтары

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

1

Мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жылдық көлемi*




2

Есепті кезеңде бюджеттің жалпы көлеміне шаққанда даму бюджетінің үлесі, %-бен

> 30

25-30

< 15

3

Соңғы екі жылда бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда тақырыптық бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен

< 30

30-60

> 60

4

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен

>/= 15

>/= 10

>/=/<0

5

Уақтылы іске асырылмаған бюджеттік инвестициялық жобалардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

7-8

< 5

6

Кезеңнiң соңында бюджет қаражатының игерiлуi, %-бен

</= 96

</= 99

</= 100

7

Осы мемлекеттік мекемелердің іске асырып отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың саны

> 5

2-5

< 2

8

Тиiстi кезеңнiң шығыстар көлемiне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен

>/= 10

>/= 5

>/= 0

9

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемiнiң өсуi/төмендеуi, %-бен

>/= 30

>/=10

>/=/<0

10

Қызметкерлердiң жалпы санына шаққандағы кадрлардың тұрақтамаушылығы, %-бен

>/= 10

>/= 5

>/= 0

11

Соңғы жүргiзiлген кешенді тексерудiң күнi, жылы

>/= 3

>/= 2

>/=/<1

12

Бақылау органының ұсынымдарын орындау, %-бен

</= 60

</= 80

</= 100

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды 
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
3-қосымша             

Республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен
уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарды (салық органдары) тәуекел топтарына
жатқызу жөніндегі
ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Тәуекел топтары

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

1.

Жергілікті бюджетке кірістер бойынша түсімдер жоспарының орындалмауы, көздер саны

>/= 4

>=2

>/=0

2.

Түсімдердің жалпы санына шаққанда жергілікті бюджетке берешектің үлесі, %

> 10

5-10

<5

3.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджетке берешектің өсуі, %

</= 15

</= 10

</=0

4.

Бұрынғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке кірістер бойынша түсімдердің төмендеуі, көздер саны

>/= 2

>/= 1

>/=0

5.

Есепті кезеңде жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдердің көлемі, млн. теңге

>/= 500

>/= 300

>/=/<100

6.

Есепті кезеңде жергілікті бюджеттің орындалуы, %

</= 120

</=115

>/= 110

7.

Бұрынғы есепті кезеңмен салыстырғанда түсімдер өсімінің қарқыны, %

</= 107

</=115

>/=125

8.

Бұрынғы есепті кезеңмен салыстырғанда бересі өсімінің қарқыны, %

>/=100

>/=50

>/=/<0

9.

Бұрынғы есепті кезеңмен салыстырғанда артық төлемдер өсімінің қарқыны, %

>/=100

>/=50

>/=/<0

10.

Салықтық тексерулердің актілері бойынша қосымша есептелген сомаларды өндіріп алудың пайызы, %

</=90

</=95

</=100

11.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының соңғы тексеруінің күні, жылы

>/=2

>/=1

бір жылдан кем

12.

Анықталған бұзушылықтар сомасы, млн. теңге

>/= 1,0

>/=0,5

>/= 0

13.

Бақылау органының ұсынымдарын орындау, %-бен

</=90

</=95

</=100

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды 
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне 
4-қосымша             

Республикалық/ жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен
уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарды (салық органдарын қоспағанда) тәуекел
топтарына жатқызу жөніндегі
ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Тәуекел топтары

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

1

Жергілікті бюджетке берешек,
млн. теңге *




2

Қызметкерлердiң жалпы санына шаққандағы кадрлардың тұрақтамаушылығы, %-бен

>/= 10

>/= 5

>/= 0

3

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының соңғы тексеруінің күні, жылы

>/=2

>/=1

бір жылдан кем

4

Анықталған бұзушылықтар сомасы, млн. теңге

>/= 1,0

>/=0,5

>/= 0

5

Бақылау органының ұсынымдарын орындау, %-бен

</=90

</=95

</=100

      * осы өлшем бойынша тексеру комиссиялары өз бетінше екі шаманы: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды 
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
5-қосымша              

Бағдарламалық құжаттарды (мемлекеттік және оларды іске асыру
бойынша әзірленген салалық бағдарламаларды) тәуекел топтарына жатқызу жөніндегі
ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕСІ

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Тәуекел топтары

Көрсеткіштердің сипаттамасы

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

1

Қаржыландыру көлемі, млрд. теңге *




Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі есептерінің нормативтік-құқықтық актілерден ақпарат

2

Бағдарламалық құжаттың негізгі орындаушысы

жоғары дәрежеліден

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

Бағдарламалық құжат паспортынан ақпарат

3

Бағдарламалық құжат бойынша іс-шараларды орындау мақсатында іске асырылатын бюджеттік бағдарламалардың саны

> 20

10-20

< 10

Қаржы Министрлігінің ақпараты

4

Бағдарламалық құжат бойынша іс-шараларды орындау мақсатында іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар саны

> 20

10-20

< 10

Қаржы Министрлігінің ақпараты

5

Уақтылы іске асырылмаған бюджеттік инвестициялық жобалардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

5-10

< 5

Қаржы Министрлігінің ақпараты

6

Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

5-10

< 5

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

7

Қол жеткізілмеген көрсеткіш нәтижелерінің олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

5-10

< 5

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

8

Орындалмаған іс-шаралардың олардың жалпы санына шаққандағы үлесі

> 10

5-10

< 5

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

9

Бағдарламаны іске асыруға тартылған мемлекеттік органдардың саны

> 10

5-10

<5

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

10

Қаржыландыру көзі (республикалық бюджеттен қаржыландыру үлесі)

> 60

20-60

<20

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

11

Бағдарламалық құжат шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар саны

> 30

15-30

< 15

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік және оларды іске асыру бойынша әзірленген салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерден Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты

      * осы блок теқ қана Есеп комитетімен пайданалады.
      ** осы өлшем бойынша Есеп комитеті өз бетінше айқындайды.

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды 
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне 
6-қосымша                

Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн тәуекел
топтарына атқызу жөнiндегi
ӨЛШЕМДЕР ТIЗБЕСI

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Тәуекел топтары

жоғары дәрежелі

орташа дәрежелі

ең төмен дәрежелі

1.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі*




2.

Жарғылық капитал мөлшерінің өсуі/төмендеуі, %-бен

>/= 15

</= -15

>/= 10

</= -10

>/= 0

</= 0

3.

Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың бар-жоғы, бірлік

>/=5

>/=2

>/=0

4.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда табыстың өсуі/төмендеуі, %-бен

</= 0

</=10

> 10

5.

Шығыстардың жалпы көлеміне шаққанда әкімшілік шығыстардың үлесі, %-бен

>/=30

>/= 20

>/=/<10

6.

Табыстан төленген дивидендтердің көлемі, %-бен

>/= 0

</= 10

>/= 10

>/= 50

7.

Соңғы тексерудің жүргізілген күні, жылы

>/= 3

>/= 2

>/=/<1

8.

Бақылау органының ұсынымдарын орындау, %-бен

</= 60

</= 80

</= 100

      * осы өлшем бойынша тексеру комиссиялары өз бетінше екі шаманы: біреуін – облыстық деңгей үшін, екіншісін – аудандық деңгей үшін айқындайды.

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды 
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне 
7-қосымша              

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі
тақырыптық бақылау іс-шараларымен қамтудың толықтығын талдау
(әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде)

мың теңге

Б/б

Бюджеттік бағдарламалардың атауы

20хх жылы

20хх жылы



001




002




003




004




005




006








соңғы екі жылда бөлінген бюджет қаражатының жалпы көлемі




бақылау органының бақылауымен қамтылған бюджет қаражатының көлемі



      Қорытындыдан бюджеттік бағдарламаның №:

Ескерту: бақылау органының тақырыптық бақылауымен қамтылған бюджеттік бағдарламалар қызыл түспен боялады. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің тақырыптық бақылауымен қамтылған бюджеттік бағдарламалар сары түспен боялады. Бақылаумен қамтылмаған бюджеттік бағдарламалар көгілдір түспен боялады.

Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды
жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылатын
тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесіне
8-қосымша              

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының екі жыл ішіндегі
тақырыптық бақылау іс-шараларымен мемлекеттік органдарды
қамтуының толықтығын талдау
(барлық мемлекеттік органдар бойынша жиынтық)

мың теңге

Р/с

Мемлекеттік органның атауы

Соңғы екі жылда бөлінген бюджет қаражатын бақылаумен қамтудың %-ы

20XX-20XX жылдары бөлінген бюджет қаражатын бақылаумен қамту

Мемлекеттік органның екі жылдағы бюджеті

20XX жылғы бюджеті

20XX жылғы бюджеті

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15







16







17







18







19







20







..







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады