"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 23 қыкүйектегі № 580 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қыркүйекте № 7209 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 24.01.2014 № 56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6875 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 125-126 (26546-26547 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауда:
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Жол қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын есепке ала отырып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін пайдаланудың ыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі автомобиль жолдарындағы аялдама павильондарын, кіші сәулеттік нысанын, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдарын, демалыс алаңдарын және өту-жылдамдық жолақтарын орнату және қажеттілігіне қарай оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте көлемдері техникалық құжаттамамен анықталады.
      Бақылау посттарын, қақпалар және басқа металл конструкцияларын және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық жол белгілерін орнату және қажеттілігіне қарай оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте көлемдері техникалық құжаттамамен анықталады.»;
      29-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті (З.С.Сағынов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В.Склярға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                        Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады