"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 490 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қыркүйекте № 7210 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      1 «Салықтық түсімдер» санатында:
      06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
      2 «Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 08 ерекшелікпен толықтырылсын:
      «08 Бөлуге жатпайтын арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
      «066 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру»;
      281 «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
      «066 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру»;
      373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
      «066 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады