Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/181 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 297 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйектегі № 7220 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 916 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 650 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 14.09.2015 № 916 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.09.2015 № 650 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтың нысаны бекітілсін.
      2. «Туристік қызмет (туроператор, турагент) және ойын бизнесі саласындағы тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 01-01-07/27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 78 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6118 болып тіркелген және «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 97-98, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 147-149 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.Ғ.Кәкен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ.Ғ.Кәкенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрінің     Экономикалық даму және сауда
      міндетін атқарушы                 министрінің міндетін атқарушы
      _______________ Ә. Пірметов       _______________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы    
Туризм және спорт министрінің 
міндетін атқарушының     
2011 жылғы 13 қыркүйек   
№ 02-02-18/181,       
Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және сауда  
министрінің міндетін атқарушының 
2011 жылғы 16 қыркүйек    
№ 297 бірлескен бұйрығымен   
бекітілген        

нысан

Қазақстан Республикасының Туристік қызмет
(туроператор, турагент) туралы заңнамасының
сақталуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы

Уәкілетті орган _____________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы актінің № _________________________________
Құқықтық статистика жөніндегі органның тіркеу № _____________________
Туроператордың, турагенттің атауы ___________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
БСН, ЖСН (СТН) ______________________________________________________

Талаптар тізбесі

Бар/
жоқ

1

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы – туроператор мен турагент үшін


2

Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы – туроператор мен турагент үшін


3

Меншікті кеңсесінің немесе кеңсе үшін жалға алған үй-жайының болуы – туроператор мен турагент үшін


4

Туристік білімі бар қызметкердің, соның ішінде гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтартың, туризм нұсқаушыларының қызметін көрсетуге лицензиясы бар туризм нұсқаушыларының бар болуы – туроператор үшін


5

Туристік білімі бар қызметкердің бар болуы – турагент үшін


6

Туроператормен оның турөнімін іске асыруға – турагенттік қызметке арналған шартының болуы – турагент үшін


7

Туристік жолдаманың және туристік жадынаманың болуы – туроператор мен турагент үшін


8

Туристерге қызмет көрсету бағдарламасының бар болуы – туроператор үшін


9

Меншікті немесе жалға алынған материалдық базасының және (немесе) туристік өнімге кіретін, жекелеген қызметтерді ұсынатын тұлғалармен шарттардың болуы – туроператор үшін


10

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындары, табиғи, мәдени ескерткіштері және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған уақытта тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын мәліметтерді уақтылы бергені туралы жазбаша растаудың болуы және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруы – туроператор мен турагент үшін


Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:
____________________ _________________ ________________
      (лауазымы)             (қолы)       (Т.А.Ә.)

Бақылау субъектісі:
_________________ _________________ ________________
      (лауазымы)         (қолы)       (Т.А.Ә.)

Күні: ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады