"Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 797 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 605 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйекте № 7224 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020 № ҚР ДСМ-117/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және сот медицинасы мен патологиялық анатомия саласында қызмет ететін ұйымдардың жұмысын реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 797 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5960 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшада:

      Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасындағы:

      Ескертпеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департамента (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрінің


міндетін атқарушы

Е. Байжүнісов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады