"Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 қазандағы № 274/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қарашада № 8900 тіркелді

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесінде:
      төртінші тармақта:
      төртінші абзацы алынып тасталсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.»;
      бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

А= Ц/Т/12+Р».

      алтыншы тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.».
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті (М.С. Байсүгірова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі С.К. Нокинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары -
      Өңірлік даму министрі                      Б. Сағынтаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев
      2013 жылғы 25 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады