Салық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау салық қызметі органдарына жүктелген бақылауды орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласында жоспарлы кешендік немесе жоспарлы тақырыптық салық тексерулері жөніндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 469 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрінің м.а 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 304 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7252 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 25 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 40 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 15.01.2015 № 25 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2015 № 40 бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берілген Салық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау салық қызметі органдарына жүктелген бақылауды орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласында жоспарлы кешендік немесе жоспарлы тақырыптық тексеру жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Салықтық тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 27 Бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6037 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 20 ақпанда № 63-65 (25911) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                  Экономикалық даму және сауда
      ______________ Б. Жәмішев       министрінің м.а.                                                      ___________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
      № 469,         
Қазақстан Республикасы 
Экономикалық даму және 
сауда министрінің м.а. 
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
      № 304         
бірлескен бұйрығымен 
      бекітілген      

нысан

Салық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау салық қызметі органдарына жүктелген бақылауды орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласында жоспарлы кешендік немесе жоспарлы тақырыптық салық тексерулері жөніндегі
тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған салық қызметінің органы______________________
____________________________________________________________________
Нұсқама_____________________________________________________________
                             (№, күні)
Салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні немесе атауы____________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________СТН_________________________________________________________________
ЖСН/БСН (ол болған кезде)___________________________________________

Қойылған талаптардың тізбесі

1

Салықтардың барлық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, міндетті зейнетақы жарналарын толық және уақтылы есептеудің, ұстау мен аударудың, әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу мен төлеуді сақтау

2

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 627-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша берілген Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын нұсқамаға сәйкес, оның ішінде:

2.1

Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы

2.3

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы

2.4

Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі

2.5

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы

2.6

Трансферттік баға белгілеу

2.7

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу

2.8

Соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау

2.9

Сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау

2.10

Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау

2.11

Халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы

2.12

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау

3

Белгіленген тәртіпте бекітілген салықтық есепке алу саясатының бар болуы

4

Белгіленген тәртіпте бекітілген салық тіркелімдерін бар болуы

Тексеруді парағын алғаны туралы салық төлеушінің (салық агентінің) белгісі:
«___»________ 20___ ж. _______________________________
                        (аты-жөні, лауазымы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады