"Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 642 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 қазанда № 7267 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 515 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашадағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5871 тіркелді. Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 1) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесіне:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аттестаттау міндетті болып табылады және бес жылда бір рет тестілеу және әнгімелесу түрінде жүргізіледі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - денсаулық сақтау ұйымдары) аттестатталуға жататын тұлғаларды анықтайды.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар аттестатталуға жататын тұлғалардың тізімін бекітеді және аттестаттау комиссиясына жібереді.»;
      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) соңғы 5 жылдың ішінде оқу бағдарламасына фармация саласындағы мәселелері енгізілген біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәліктерінің көшірмелері.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Аттестаттау комиссиясы құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжделген бас тартуды береді»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Тестілеу бағдарламасын 50 сұрақ құрайды.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Тестілеу тапсырмасын орындауға берілген жалпы уақыты 60 минут.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Дұрыс жауаптар 70 %-дан кем жағдайда нәтижесі қате деп саналады.
      Тестілеуді өткен кезде теріс нәтиже алған аттестатталушы тұлға аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) жіберілмейді.
      Қайта тестілеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен бастапқы тестілеу күнінен бастап алты айдан кейін өткізіледі.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      а) аттестатталды;
      ә) аттестатталған жоқ;
      б) қайта аттестатталуға жатады.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделенеді, оған отырысқа қатысқан төраға, аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы қол қояды. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аттестатталушы тұлға сот тәртібімен оған шағымдануына болады.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е.Бейсен) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Мусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады