Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 295 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 қарашада № 7311 тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 шілдеде № 196 (26257) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:
      8–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының (№ 1 нысан) және әліпбилік кітаптарының (№ 3-нысан) бетін белгілеуді жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың (бұдан әрі - әр шаруашылық бойынша кітаптар) бетін белгілеу 1 және 15 қаңтар аралығындағы кезеңде барлық үйлерді аралап шығу және халық арасында сауалдама жүргізу арқылы жүргізіледі.
      Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№ 2 нысан) жыл сайын жасалады және жыл бойы жүйелі жүргізіледі.
      Кейінгі төрт жылда жылына екі рет ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бұрын жүргізіліп келе жатқан әр шаруашылық бойынша кітаптардағы тіркеу жазбаларына нақтылауды жүргізеді. Тіркеу жазбаларын нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша – қаңтардың 1-інен 15-іне дейін, 1 шілдедегі жағдай бойынша – шілденің 1-інен 15-іне дейін жүргізіледі.
      Тіркеу жазбаларын нақтылау қорытындылары бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган мен кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерімен бірлесіп бекітілген графикке сәйкес тіркеу жазбаларын сәйкестендіру елді мекендерге шығу және үй шаруашылықтарына бару жолымен жүзеге асырылады. Бір немесе сол елді мекенге шығу жылына бір рет жүзеге асырылады.
      Тіркеу жазбаларын сәйкестендіру және үй шаруашылықтарына бару жүргізілгеннен кейін осы Әдіснаманың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі актісі жасалады.».
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және жарияланымдар департаментімен бірге осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасарына (Ашуев А.Ж.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі     
төрағасының          
2011 жылғы 24 қазандағы    
№ 295 бұйрығына       
қосымша            

Әр шаруашылық бойынша есепке  
алуды жүргізу және тіркеу   
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға           
4-қосымша           

Нысан

"_________________________ облысының Статистика департаменті" ММ
___________________________________ ауданының статистика басқармасы

Әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы тіркеу
жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы
АКТ

______________ ауданының
____________ кенті, ауылы (селосы)       20__ жылғы "___" ________
            ауылдық (селолық) округі

      Біз, төменде қол қоюшылар, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ Әкімінің қатысуымен

"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы ҚР Заңының
12-бабының16-бабының және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік
бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының
10-бабының негізінде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандарындағы
тіркеу жазбаларының сәйкестігіне бақылау жүргіздік.
Сәйкестендіру қорытындысы бойынша Мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті органға Әкімдермен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР
Кодексінің 381-2-бабында көзделген дәйексіз әкімшілік деректерді
ұсынудың мынадай фактілері анықталды:
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бұзушылықтарды жою мерзімдері: осы АКТ-іге қол қойылған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ескерту (орындалғаны туралы ақпарат 5 жұмыс күнінің ішінде аумақтық
статистика органына ұсынылады)

Қолдары __________________________ м.о.
        __________________________
        __________________________
Т.А.Ә. және Әкімнің қолы: _____________________________________ м.о.

Ескерту (Әкім қол қоюдан бас тартқан жағдайда «Қол қоюдан бас тартты»
деген жазу жазылады және күні қойылады).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады