"Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 492 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 желтоқсанда № 7334 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6951 тіркелген, 2011 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 207-210 (26612) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2141 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 842-құжат), 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 3, 4, 7-12, 35 (бірінші бөлім), 36, 42-44, 50 тармақтарды қоспағанда.».
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә.Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жұмағұлов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады