5 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 1 типтегі қант диабетін емдеуге инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі жобаны енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2011 жылғы 3 қарашадағы № 783 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 желтоқсанда N 7335 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 383 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2014 № 383 бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмекті жетілдіру және дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 1 типтегі қант диабетін емдеуге инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі жоба (бұдан әрі - жоба) енгізілсін.
      2. Қоса беріліп отырған I типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға іріктеу және ауыстыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      3. "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ (бұдан әрі - АҚ) (Лукас Якубец) (келісім бойынша) жобаны іске асыруда үйлестіруші (бұдан әрі - үйлестіруші) болып белгіленсін.
      4. Үйлестіруші:
      1) облыстар, Астана және Алматы қалаларында жобаны үйлестіруді және мониторингін;
      2) облыстар, Астана және Алматы қалаларында инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі кабинеттердің жұмыстарын ұйымдастыру үшін эндокринолог дәрігерлердің қатарынан жаттықтырушыларды оқытуды және даярлауды;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):
      1) құрамында басқарма бастығының емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, бас эндокринолог (балалар эндокринологы), бас педиатр, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды іріктеу және ауыстыру жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрсын;
      2) 2011 жылғы 20 желтоқсанға дейін бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес Комиссия ұсынымының негізінде инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың тізімін анықтасын;
      3) облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында, үздіксіз теріасты инфузиясы жүйесін пайдалану бойынша даярланған эндокринолог-дәрігері бар денсаулық сақтау ұйымдарының базасында инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдаланатын 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды оқыту және байқау жөніндегі кабинетті (бұдан әрі - "Помпалық мектеп") құрсын;
      4) бар бюджеттік қаражаттың шегінде бір "Помпалық мектепке" бір лауазым есебінен инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйелерімен жұмыс дағдылары бар эндокринолог-дәрігердің бір штат бірлігін қарастырсын;
      5) Үйлестірушіге ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне жобаның іске асырылу барысы жөніндегі талдамалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін;
      6) "Помпалық мектепте" жұмыс істеу үшін эндокринолог дәрігерді даярлауды қамтамасыз етсін. Эндокринолог-дәрігер болмаған жағдайда, "Помпалық мектепте" жұмысты педиатр дәрігерлердің, жалпы практика дәрігерлерінің қатарынан даярланған маман жүзеге асырады.
      6. "Астана және Алматы қалаларындағы 15 жасқа дейінгі балалардың 1 типтегі қант диабетін емдеуге инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 956 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6707 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 31 наурызда жарияланған, № 116-119 (26521)) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (міндетін атқарушы Р.М. Момбаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      10. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы С. Мусинов

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау      
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 3 қарашадағы № 783 
бұйрығымен бекітілген    

1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға іріктеу және ауыстыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға (бұдан әрі - ИҮТИ) 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды іріктеу және ауыстыру талаптарын анықтайды.
      2. ИҮТИ жүйесін пайдалануға 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды (бұдан әрі - пациенттер) іріктеу және ауыстыру "Помпалық мектепте" жұмыс істеу үшін және пациенттердің тұрғылықты жерінің қашықтығына дайындалған эндокринолог-дәрігерлердің бар болу есебімен кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Жобаны кеңейту облыстық орталықтардан, Астана, Алматы қалаларынан аудандық деңгейге "Помпалық мектептер" жүйесін құру шегінде жүзеге асырылады.
      3. ИҮТИ жүйесін пайдалануға әрі қарай ауыстыру үшін пациенттерді іріктеу мына өлшемдерге сәйкес Комиссиямен жүргізіледі:
      1) тиісті күтімге қарамастан, бірнеше реттік күнделікті инсулин егу әдісінің тиімсіздігі және қолданылмайтындығы;
      2) пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға ықыласы;
      3) анамнездегі гипогликемия;
      4) "Таңғы шық" феномені бар болғанда (таңертеңгілік ауқыттарда контринсулярлы гормоның шығуының есебінен қандағы глюкозаның жоғары болуы);
      5) қант диабетінің тұрақсыз болуы;
      6) инсулинге жоғары сезімталдығы (0,4 ед/кг кем);
      7) қант диабетінің алғашқы асқынуы;
      8) созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі, бүйрек трансплантациясы;
      9) гастропарезбен көрінетін асқазан-ішек аурулары;
      10) эндокринолог-дәрігердің нұсқауларын орындау;
      11) гликемияны күнделікті көп мәртелі өзіндік бақылау жүргізу мүмкіндігі және уәжідемесі;
      12) ИҮТИ қарсы көрсетілімдердің жоқтығы.
      4. Пациенттер мына жағдайда ИҮТИ пайдалануға ауыстырылмайды:
      1) пациент күнделікті помпалық терапиядан және гликемияны күнделікті өзіндік бақылауды жүзеге асырудан бас тартқанда;
      2) попмалық инсулинді терапияға қарсы көрсетілімдер болған кезде: көру (немесе) естудің нашарлығы; психикалық бұзылулар;
      3) ИҮТИ жүйесін пайдалану мен байланысты ем-шараларды жүргізуді қаламау немесе қабілетсіздігі.
      5. Пациент ИҮТИ жүйесін пайдалану жөніндегі жобадан оның тәртіпсіздігі байқалған жағдайда Комиссияның шешімімен шығарылады: өзін өзі бақылау күнделігі жоқ болған жағдайда, дәрігер-эндокринологтің тағайындамасын орындамағанда.
      6. ИҮТИ жүйесін пайдалануға пациенттерді іріктеуді Комиссия 2 кезең бойынша жүргізеді.
      1) бірінші кезең - қажетті білімі мен тәжірибелері бар болған жағдайда пациентті және оның заңды өкілін ИҮТИ аударуға дайындау:
      Қант диабеті туралы базалық білім ("Диабет мектебінде" оқыту);
      Көмірсуларды НБ (нандық бірліктер) немесе грамм бойынша есептеуді білуі;
      күніне 4 реттен кем емес гликемия деңгейінің мониторингі;
      помпамен жұмыс мүмкіндігінің техникалық бағалануы;
      ИҮТИ (помпаның ішкі түрі және оның құрылымы) жай ғана техникалық аспектілері;
      2) екінші кезең - ИҮТИ жүйесін беру және оның "Помпалық мектепте" пайдалану бойынша Комиссияның ұсынымымен 14 күннен кем емес (4 келім) оқыту.
      7. ИҮТИ жүйесін пайдалануға пациенттерді ауыстыру оның заңды өкілімен егер жоғалтқан немесе бұзылған жағдайда ИҮТИ жүйесін қайтадан берілмейтіндігі жөнінде жазбаша ескертумен жүзеге асырылады, бұл ретте, аталған жүйені әрі қарай пациентпен пайдаланылуы Комиссиямен шешіледі.
      Бірінші бару кезінде:
      Тұрақты помпалық инсулинді терапияның қағидаттары талқыланады;
      Нұсқаулықпен таныстыру, ақаулықты іздеу парақшасымен таныстыру жүргізіледі;
      Помпаны бағдарламалау, инфузиялық жүйені және базалық режимді құю және бекіту жүзеге асырылады;
      Прандиалды болюсты қолмен жүргізуге пациент және оның заңды өкілі оқытылады.
      Бірінші барғаннан кейін пациент үйіне нұсқаулығын, мәзірін оқуға помпамен қайтады, сұрақтарды жазып алады, мұқият күнделік жүргізеді, тамақ ішу уақытын, дене күші жүктемелерін, стрестық жағдайларды белгілеп отырады.
      Екінші рет келгенде (4-ші күн) эндокринолог-дәрігер:
      Помпаны пайдалануда алған білімдері мен тәжірибелерін бақылайды;
      Стандарттық базалдық мөлшерді нақтылауды және түзетеді;
      Қажетті коэффиценттерді есептейді.
      Екінші рет келгенде пациент немесе оның заңды өкілі жаттықтырушының қатысуымен өз бетінше резервуарды және инфузиялық жүйені толтырады және белгілейді.
      Үшінші рет келгенде (8-ші күн) эндокринолог-дәрігер:
      Помпаны пайдалануда алған білімдері мен тәжірибелерін бақылайды;
      Стандарттық базалдық мөлшерді нақтылайды;
      Прандиалдық болюсті реттейді;
      Үшінші рет келгенде пациент немесе оның заңды өкілі дәрігердің қатысуымен өз бетінше резервуарды және инфузиялық жүйені толтырады және белгілейді.
      Төртінші рет келгенде (12-ші күн) эндокринолог-дәрігер:
      Помпаны пайдалануда алған білімдері мен тәжірибелерін бақылайды;
      Стандарттық базалдық мөлшерді және прандиалдық болюсті нақтылайды және реттейді;
      Бозалдық режимнің әртүрлі кәсіптерін қолдану мүмкіндігімен таныстырады және оқытады;
      Уақытша базалдық режимді бекітеді.
      8. Барлық оқыту кезінде:
      Пациент немесе оның заңды өкілі гликемия деңгейін күнделікті өлшейді: ашқарынға, әрбір тамақ ішудің алдында, әрбір тамақ ішкеннен кейін 2 сағат сайын, ұйықтар алдында, өзін нашар сезінген уақытта; "Помпалық мектеп" эндокринолог-дәрігер пациенттің жинақылығын, өмірінің сапасын, шұғыл емдеуге жатқызылуын, гипогликемиялық жағдайының мөлшерін, гликированды гемоглобиннің, гликемияның деңгейін анықтау мәліметтерінің динамикасын қоса алғанда ИҮТИ жүйесінің тиімділігіне мониторинг және пациентке динамикалық бақылау жүргізеді.
      9. Пациентті ИҮТИ жүйесін пайдалануға үйретудің барлық кезеңінде және бұдан әрі 3 айда 1 рет гликированды гемоглабин деңгейін анықтауды, май айналымының көрсеткішін анықтауды (холестерин, триглицеридтер) жүргізеді.
      10. "Помпалық мектепте" қайта оқытуға пациенттерді іріктеу және аталған пациенттегі тактика мәселесін шешу үшін ИҮТИ тиімділігіне бағалауға әрі қарайғы терапия 6 айда 1 рет жүргізіледі.
      11. Пациентті ИҮТИ жүйесін пайдалануға толықтай ауыстыру жөніндегі шешім, бақылаған эндокринолог-дәрігердің ұсынысымен 1 типтегі қан дибетімен ауыратын пациентті 3-6 айлық бақылау нәтижелерінің бағалуы негізінде қабылданады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады