"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 желтоқсанда № 7348 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 72 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6265 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнде:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне жетуге жауапты мемлекеттік орган.
      Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызылмайтын экономиканың әртүрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердiң жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әрекет етеді.";
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және ол мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.";
      55-тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "төмен тұрған бюджетке шығыстардың артуына және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерінің қысқаруына әкеп соғатын облыстың өкілді және атқарушы органдарының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған жоғары тұрған бюджеттер;";
      мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:
      "10-тарау. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу тәртібі
      60. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жоспарлы кезеңге арналған жылжымалы негiзде жыл сайын әзiрленедi.
      61. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және өзіне мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы;
      2) бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы;
      3) жоспарлы кезең;
      4) "Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі" деген жолында осы бағдарлама шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік функцияларды, осы бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру қажеттілігін анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері көрсетіледі.
      Осы жол бойынша, заңнама актілерін қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің толық атауы, күні мен нөмірі, заңнама актісіне сілтеме жасалған жағдайда тиісті бапқа міндетті түрде нұсқау көрсетіледі;
      5) "Бюджеттік бағдарламаны сипаттау (негіздеме)" деген жолы бойынша шығыстардың бағытын көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаға қысқаша сипаттама жүргізеді;
      6) "Бюджеттік бағдарламаның түрі" деген жолында:
      "мемлекеттiк басқару деңгейіне байланысты" деген жолында мемлекеттік басқару деңгейіне қарай мыналарға:
      республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық;
      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық);
      республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді;
      "мазмұнына байланысты" деген жолында бағдарлама мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламаның түрі:
      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
      бюджет кредиттерін беру;
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
      күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
      мемлекеттік міндеттемелерді орындау көрсетіледі;
      "іске асыру тәсіліне қарай" деген жолында жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарламалар көрсетіледі;
      "ағымдағы/даму" деген жолы бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарлама не даму бюджеттік бағдарламасы көрсетіледі.
      7) "Бюджеттік бағдарламаның мақсаты" деген жолында бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуі тиіс белгілі бір нәтиже өткізіледі. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қол жетімді болуы тиіс.
      Бюджеттік бағдарламаның мақсаты, мемлекеттік басқару функциясына, елдің стратегиялық даму міндеттеріне, республика немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, мемлекеттік, салалық бағдарламаларға, ауданды дамыту бағдарламаларына сүйене отырып қалыптасады;
      8) "Бюджеттік бағдарламаның міндеттері" деген жолында бюджеттік бағдарламалардың түпкі нәтижесіне қол жеткізу жолдары көрсетіледі.
      Бюджеттік бағдарламаның міндеттері анық, дәл, нақты және тексерілген болуы тиіс;
      "Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар" деген бағанда жоспарлы кезеңде олардың іске асырылу мерзімдері көрсетілген міндеттерді шешуге бағытталған негізгі іс-шаралар (әрекеттер) көрсетіледі (2-4 бағандар).
      9) Бюджеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың, ауданды дамыту бағдарламаларында көзделген іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес болуы тиіс;
      10) "Тікелей нәтиже көрсеткіштері" деген жолында осы бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы келтіріледі, оларға қол жеткізу осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толық байланысты;
      11) "Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері" деген жолында халықтың өмірінің деңгейі мен сапасының нысаналы жағдайының (жағдайының өзгеруінің), әлеуметтік саласының, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздік пен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген мемлекеттік басқарудың басқа да салалары (аялары) көрсеткіштері келтіріледі;
      12) "Сапа көрсеткіштері" деген жолында мемлекеттік қызметтің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде оларды алушылардың күтілуіне және мемлекеттік қызмет стандартына көрсетілетін сәйкестік деңгейін көрсететін көрсеткіштер көрсетіледі;
      13) "Тиімділік көрсеткіштері" деген жолында бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу деңгейін немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсететін көрсеткіштер келтіріледі.
      Нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері қол жетімді және тексерілген болуы тиіс.
      Тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері, сапа және тиімділік көрсеткіштері бойынша есепті және ағымдағы жылдардың мәні, сондай-ақ өлшем бірлігі (2-баған) көрсетілген жоспарлы кезеңнің (3-7-бағандар) жылдары бойынша мәні көрсетіледі.
      14) "Бюджеттік қаражат көлемі" деген жолында есепті және ағымдағы жылдардағы, сондай-ақ жоспарлы кезеңді жылдар бойынша бөлудегі жоспарлы кезеңдегі мың теңгедегі осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының көлемі көрсетіледі (3-7-бағандар).
      62. Бюджеттік өтініммен бір мезгілде стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарламалар жобаларын ұсынады.
      63. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджетте бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметінде пысықталады және бекітіледі.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астананың бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекіткеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін жергілікті атқарушы органдармен пысықталады және бекітіледі.
      Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітілгеннен кейін, тиісті жергілікті атқарушы органдармен келесі қаржы жылының 10 қаңтарына дейін пысықталады және бекітіледі.
      64. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген;
      2) жаңа бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген;
      3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымдары өзгерген;
      4) көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларға енгізуге жол беріледі.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде бюджеттік бағдарламаны әзірлеу мен бекіту кезіндегі осы Ережемен белгіленген талаптар сақталады.
      Бюджетті нақтылауға байланысты бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда бюджетті әзірлеу мен бекіту кезінде Бюджет кодексімен белгіленген талаптар сақталады.
      "Қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары тиісті бюджеттік комиссиямен қарастырылады.";
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік рәсімдер әдістемесі департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Р. Дәленов

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің 2011 жылғы 
20 желтоқсандағы № 647 бұйрығына
қосымша           

Қазақстан Республикасының  
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiнің 5-қосымшасы

нысан             

Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

_________________________________________________________________
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
______________________________________________
бюджеттік бағдарламаның коды және атауы
_____________________ жылы

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі


Бюджеттік бағдарламаны сипаттау (негіздеме)


Бюджеттік бағдарламаның түрі

мемлекеттiк басқару деңгейіне байланысты


мазмұнына байланысты


іске асыру тәсіліне қарай


ағымдағы/даму


Бюджеттік бағдарламаның мақсаты


Бюджеттік бағдарламаның міндеттері


Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар

жоспарлы кезеңде олардың іске асырылу мерзімдері




1

2

3

4





Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

есепті кезеңі

ағымдағы жылдағы жоспары

жоспарлы кезеңі




1

2

3

4

5

6

7

Тікелей нәтиже көрсеткіштері














Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері














Сапа көрсеткіштері














Тиімділік көрсеткіштері














Бюджеттік қаражат көлемі

мың.
теңге






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады