"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 413 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7357 тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде:
      4-тармағында:
      1) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);";
      2) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "2) халықаралық телефондық трафикті – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);";
      5-тармағында:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын:
      "байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);";
      2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын:
      "таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);
      басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);";
      4) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2013 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).".
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р.Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      ________________ Н.Ә.Әбіқаев
      2011 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады