"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелді. Ескерту. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 669 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.03.2016 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2016 № 669(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережесінде:
      4-тарау алынып тасталсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.03.2016 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       3. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 180 (26601), 2011 жылғы 9 маусымдағы № 181-182 (26602-26603) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә.Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Министр
 

Б. Жұмағұлов
 



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 506 бұйрығымен бекітілген

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2016  № 669(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады