"Табиғи монополия субъектісінің мәмілелері жасау жөнінде өтініштер беру және оны қару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 393-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 қаңтарда № 7370 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 71-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3515 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің мәмілелерді жасау жөніндегі өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Осы Ереженің мақсаты табиғи монополия субъектілерінің уәкілетті органға мәмілелер жасау үшін ұсынатын құжаттардың, ақпараттың (мәліметтердің) тізбесін, өтініштерді қараудың тәртібі мен мерзімдерін, табиғи монополия субъектісінің мүлкін иеліктен айыруға, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін мүлікті жалға алуға уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініштерді ұсыну тәртібін айқындау болып табылады.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуы, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субъектінің мүлкін иеліктен айыруға немесе Субъектінің мүлкімен өзге мәмілелер жасауға, Субъектінің өзінің тұтынуына арналмаған тасымалдайтын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын, акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ ол үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен оның қатысуына және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүліктерді жалға алуды жүзеге асыруға уәкілетті органның келісімін алу үшін Субъект уәкілетті органға осы Ережеге Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті органға берілетін құжаттар, ақпарат (мәліметтер) өтінішпен бірге тігілуге, нөмірленуге және өтініш беретін Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не растау құжаты болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталуға тиіс.

      Бұл ретте өтінішке қол қоятын бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға мүлікке қатысты тиісті мәміле жасалып отырған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағанын жазбаша түрде растайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұсынылған қаржылық құжаттарға, растаушы құжаттар болған кезде Субъектінің бастығы, бас бухгалтері немесе растаушы рұқсат болған жағдайда оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және Субъектінің мөрімен расталуға тиіс.";

      9-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Субъектінің өтінішін қанағаттандыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға алып келеді;

      2) Субъектінің өтінішін қанағаттандыру тиісті тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес нарық жағдайына экономикалық ақталған өтуін тежеуге алып келеді;";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның атауы табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті органның рұқсат етуші құжатындағы атауға сәйкес келмесе, бас тартады.";

      21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Субъектінің мүлкін иеліктен айыруға, Субъектінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасауға, Субъектінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуына, Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуды жүзеге асыруға уәкілетті органның келісімін алу осы мәміле жасалғанға дейін жүзеге асырылады.

      22. Субъектінің мүлкін иеліктен айыру, Субъектінің мүлкімен өзге де мәмілелер жасау, Субъектінің өзі тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуы, оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен қатысуы және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы:

      1) Субъектінің бастамасы бойынша;

      2) уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі;";

      23-тармақтың 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мәміленің мәні болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар: мүлікке меншік құқығын растайтын шарт немесе шешім (бұйрық), тіркеуші орган берген жылжымалы мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, төленбеген шоттардың (дебиторлық берешекпен мәміле жасау кезінде) тізілімі, Субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мөрмен расталған бухгалтерлік теңгерімнен үзінді көшірме - растау (үзінді көшірме иеліктен айырылатын мүліктің объектілер бойынша бөлінісіндегі атауын, үлгісін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы және қалдық құнын қамтуға тиіс), мүлікке меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

      3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;";

      25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;";

      5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субъектінің акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына уәкілетті органның келісімін алу туралы өтініш беру тәртібі;";

      26 - 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Субъект акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алған, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен ол қатысқан жағдайда Субъект мынадай құжаттарды, ақпаратты (мәліметтерді):

      1) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысын;

      2) мәміле жасау Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) көтерілуіне әкелмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына алып келмейтінін растайтын есебін;

      3) жасалатын мәміле бойынша шығындарды қоса беріп өтініш ұсынады.

      27. Дауыс құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:

      1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санынан проценттік үлесін;

      2) акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталынан проценттік үлесін;

      3) сатып алынатын акциялардың (қатысу үлестерінің) дауыс құқығы бар, дауысқа қойылатын мәселелердің тізбесін (ақпарат сатып алынатын акциялардың әрбір үлгісі бойынша жеке беріледі);

      4) Субъект дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алғаннан кейін оларға иелік етіп сайлай алатын, директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) мүшелерінің осы органдардың құрамына проценттік арақатынастағы санын көрсету қажет.

      28. Дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестері) бойынша:

      1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ акциялардың (қатысу үлестерінің) жалпы санының проценттік үлесін және акциялары (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталының проценттік үлесін;

      2) акциялар (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық акциялардың (қатысу үлестерінің) құнын;

      3) дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) дауыс беретін акцияларға (қатысу үлестерін) айырбастау мүмкіндігін көрсету қажет.";

      30-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мәміле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыретті органның өтініш берілген күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылған қорытындысы;";

      қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәміленің мәні болып табылатын мүлік туралы, акциялар (қатысу үлестері) немесе Субъектінің тасымалдайтын немесе беретін, өзінің тұтынуына арналмаған сатып алатын тауарлары (жұмыстары, қызметтері) туралы немесе Субъект жалға алған мүлік туралы ақпарат".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т.Жапсарбай) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және жарияланғаны туралы мәліметтерді кейіннен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (М.Ш. Мукушева) табыс етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Б.И.Досмұхамбетоваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады