"Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 139 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7383 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 67 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 01.07.2014 № 67 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Бас Прокуроры                        А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының   
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен   
бекітілген       

«Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі түсініктер

      1. Осы «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) құқықтық статистикалық ақпарат – адамдар, деректер, оқиғалар, жағдайлар және өзге де құқықтық көріністер мен қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық салалардағы болып жатқан процестер туралы ұсыну нысанына қарамастан материалдық (қағазда, магниттік, оптикалық) тасушыда тіркелген мәліметтер.
      2) сұрау – құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы ақпараттық қажеттілікті білдіретін мемлекеттік органның және оның аумақтық және оларға теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жазбаша өтініштері.
      3) құқықтық статистикалық ақпаратты тұтынушы – құқықтық статистикалық ақпаратты алатын және практикалық қызметінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары көрсетеді.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет 2011 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 146 Жарлығының және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі құқықтық статистикалық ақпаратты қағаз тасығышта ұсыну немесе сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда, дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

      7. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін 2011 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 146 Жарлығымен бекітілген «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 13-тармағында көрсетілген тәртіппен сұрау береді.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат www.pravstat.prokuror.kz Интернет–ресурсында, Комитеттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында орналасқан, үлгілері бар ақпараттық стендтерде орналасады. Тұтынушы құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы өтінішті ерікті түрде береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы жазбаша жүгінуін тапсырған кезден бастап стандарттың 11-тармағында белгіленген – 15 күнтізбелік күн;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің жол берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.
      12. Комитеттің немесе аумақтық органының қызметкері тексеруді Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе арқылы жүзеге асырады.  

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет
(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы 

      13. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:
      1) құпиялылық (ақпараттарды рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) толықтық (ақпараттарды рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау);
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне сұрауларды қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді және тексеруді құқықтық статистикалық ақпаратқа қол қоятын және беруді жүзеге асыратын Комитет пен оның аумақтық органдары ғана қатысады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-қызметтік бірлік арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің қосымшасына сәйкес келтірілді.

«Құқықтық статистикалық   
ақпаратты ұсыну» мемлекеттік
қызмет регламентіне    
қосымша          

«Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну»
функционалдық өзара әрекеттестік сызбанұсқасы

Процедура адымдарының алгоритмі

Рөлі

Орындау тәртібі

БАСТАЛУЫ 

(адам қызмет көрсету туралы
ақпаратты алуы қажет)
|
V
Қызмет көрсету туралы
ақпараттандыру
|
V
(өтініш беруші өтініш (сұрау) әкелді
не пошта байланысы немесе электрондық
пошта арқылы жіберді)
|
V
Өтініш беру

Өтініште қажетті мәліметтердің
барлығы көрсетілген бе?

       ЖОҚ    ИЯ
         |      |
         V      V
         |      |
         V      |
Қабылдаудан     |
ауызша бас      |
   тарту        |
    |           |
    V           V
 СОҢЫ      Өтінішті
           қабылдау
           және өңдеу
           |
           |    "АЖ"
           |--> ААЖ
           |
           V
       Орындалуы
           |
           |
           V
   Құқықтық статистикалық
ақпаратты қағаз тасығышты ұсыну
   |           |          |
   |           |          |
   V           V          V
Өтініш       Өтініш     жауап
Беруші       берушіге   өтініш
өтініш       поштамен   берушінің 
көшірмесіне  жіберілді  электрондық
өз қолымен              мекенжайына
алғаны жөнінде          жолданады
қол қояды 
   |           |          |
    |          |         |
     |         |        |
     V         V        V
            СОҢЫ


ҚР БП Құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу комитеті
және оның аумақтық
органы кеңсесінің
қызметкері
 

өтініш беруші
(оның сенім
білдірілген адамы не
өкілі) 

Комитет немесе оның
аумақтық органы
кеңсесінің қызметкері
 
 

Комитет немесе оның
аумақтық органының
прокуроры
 
 
 
 
 
 
 
 

Комитет немесе оның
аумақтық органы
кеңсесінің қызметкері
 


1. Қызмет көрсету
тәртібі туралы
ақпараттандыру
2. Өтінішті рәсімдеу
үлгісі 
 

Өтінішті Комитетке
немесе оның аумақтық
органына беру
 

1. Өтініштің
толтырылуын тексеру
және талонды ұсыну.
2. Ескертулерді және
құжаттарды қабылдаудан
бас тарту ауызша
нысанда беріледі.
3. Өтінішті тіркеу


Сұрау мәтіндерін тексеру.
(ақпараттық
қажеттілікті, мәндік
саланың сипаттамасын
немесе нақты
көрсеткіштерді анық
көрсетуі қажет)


құқықтық статистикалық
ақпаратты дайындау

  
 
 
 
 
 
 

1. құқықтық
статистикалық
ақпаратты қағаз
тасығышта ұсыну

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады