Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орын-жай беру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 06-713қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 687 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 06-1291қ қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2011.11.30 № 06-1291қ (қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде орын-жай 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астана қаласының Қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Қ.К.Құлмұқанов

Астана қаласы әкімдігінің 
2011 жылғы 29 шілдедегі  
№ 06-713қ қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттеу баспа
материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/с

Аудан

Орналастыру орны

Қондырғы түрі

1.

Алматы

Мирзоян және Петров көшелері қиылысында («Еуразия» СҮ)

Жарнама құрылғысы

2.

Есіл

Тұран даңғылы, 37 («Хан Шатыр» СОО)

Жарнама құрылғысы

3.

Сарыарқа

Кенесары, 32 («Мемлекеттік филармония» МКҚМ)

Жарнама құрылғысы

Астана қаласы әкімдігінің 
2011 жылғы 29 шілдедегі  
№ 06-713қ қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу үшін берілетін орын-жай

Р/с

Аудан атауы

Орын-жайдың орналасқан жері
мен мекен-жайы

Орын-жайдың атауы


Сарыарқа

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ, Бейбітшілік көшесі, 11

220 бөлме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады