Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 463/65-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 688 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:

      Қағидалардың атауында және мәтін бойынша "аббаттандыру" сөзі "абаттандыру" сөзіне ауыстырылсын.

      2-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 2-1, 11-1, 15-1, 17-1, 20-1, 20-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Тасталған автокөлік – меншік иесі белгіленген тәртіпте бас тартқан және (немесе) 30 күннен аса жылжымайтын күйде тұрған көлік құралы.

      11-1. Қоқыс тасушы ұйым – сұрыптауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынастары бар коммуналдық қалдықтарды мамандандырылған көлікпен шығаруды жүзеге асыратын ұйым.

      15-1. Аумақтарды абаттандыру, жинау және жабдықтау паспорты – объектілерге тексеріс жүргізу нәтижелері бойынша құрастырылған және аудан әкімімен бекітілген, абаттандыру және санитарлық жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажет болып табылатын объектінің техникалық, идентификациялық сипаттамалары көрсетілген бекітілген нысанды құжат.

      17-1. Шашылған автокөлік – негізгі тораптар мен агрегаттар, шанақ бөлшектері және тиеу, шыны және доңғалағы жоқ көлік, сондай-ақ олардың идентификациясын мүмкін емес етіп тұрған терең коррозиясының расталуы.

      20-1. Арнайы коммуналдық қорғалатын тұрақ – ұсталған көліктер құралын, осы Қағидаларды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін алып қойылған аз мөлшерлі ыдысты сақтауға арналған тұрақ.

      20-2. Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – коммуналдық қалдықтардың құрамдас бөлігі болып табылатын тұтыну тұрмыстық қалдықтары.";

      3-тарауда:

      26-тармағының 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қамысты, құрайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару";

      мынадай мазмұндағы 52-1, 52-2 және 52-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "52-1. Қала аумағындағы өзендер, сутоғандар, арналар акваторияларынан қоқыс шығару және оларға жапсарласқан аумақтарды жабдықтау жауапкершілігі қызмет көрсетуші кәсіпорынға жүктеледі. Қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмысын бақылауды аудандар әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.

      52-2. Өту бөліктерінің қоршауларын, жиекжолдар және гүлзарларды, жолдарды абаттандырудың басқа да элементтерін жабдықтау олар теңгерімінде болып табылатын кәсіпорындарға жүктеледі.

      52-3. Аула аумақтарын, аулаішілік өту жолдарын және жиекжолдарды көктемгі-күзгі кезеңде лайдан, шаңнан, шағын және көп қоқыстан тазалау, оларды жуу, қардан және мұздан тазалау, сондай-ақ тазалықты қолдау абаттандыру бекітілген аумақтардың субъектілерімен қамтамасыз етіледі.";

      62-тармағының 2-тармақшасында "орын-жайлар" сөзінен кейін ",ғимараттар мен орын-жайлардың пандустары" деген сөз тіркестерімен толықтырылсын;

      64-тармақта "жаяу жүргіншілер" сөзінен кейін "24 сағаттан аспайтын мерзімге" деген сөз тіркесімен толықтырылсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Мұздың, қардың жиынтықтарын аула ішілік аумақтарға жинауға тыйым салынады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Ғимараттардың шатырын қардан, мұз құрылымдарынан оларды көше жаққа қарайтын жабынның сырғымасы бар жиекжолдарға тастап тазартуға сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін рұқсат беріледі. Қарды қалған жабын сырғымасынан, сондай-ақ тегіс төсемінен тастау ішкі аулалық аумақтан жүргізілуі тиіс. Қарды тастар алдында жаяу жүргіншілермен және әуе желілерімен, шамдармен және отырғызғылармен байланысты жазатайым уақиғалардың алдын алу үшін қорғаныс іс-шараларын (қоршаулар орнату) жүргізу қажет. Ғимараттың шатырынан тасталған қар мен сүңгі мұзды ғимараттың (объект) меншік иесі (теңгерім ұстаушы) өту бөлігіне алып тастайды және көшенің өту бөлігінен алып тастайтын кәсіпорын кейіннен шығару үшін орналастырылады.

      Шатырларды қардан тазалауды және кенереден, шатырдан және су ағатын құбырлардан мұз шорларын жоюды он бес күнде бір реттен артық ғимараттың және орын-жайлардың меншік иелері (теңгерім ұстаушы) жүргізулері тиіс.";

      4-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 70-1 және 70-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "70-1. "Жинау, санитарлық тазалау жүргізген кезде пайдаланушы ұйым санитарлық тазалау жүргізген орындардағы абаттандыру элементтерінің барлық түрлерінің (жолдар, жиекжолдар, гүлзарлар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, суқашырту) сақталуын жауапкершіліке алады.

      70-2. Барлық субъектілер меншік нысанына қарамастан, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес абаттандыру, жинау және жабдықтау паспортына ие болу қажет."

      5-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 80-3, 80-4 және 80-5 тармақтармен толықтырылсын:

      "80-3. Заңды тұлғалардан (оның ішінде ПИК), басқа да өзінің қызметін қала аумағында жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерінен, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен және пәтер жалдаушылардан коммуналдық қалдықтарды шығару уәкілетті орган энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында өткізген қалдықтарды шығару жөніндегі конкурсты (тендер) жеңіп алған қоқыс шығарушы ұйымдар шарт негізінде жүргізеді.

      80-4. Қоқыс шығаратын ұйымдар қоқысты жою жөніндегі қызметтерді шартта көрсетілген мерзімде көрсетуі және коммуналдық қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп қайта өңдеуді жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынға жеткізуді жүзеге асырады.

      Қоқыс шығаратын ұйым және мамандандырылған кәсіпорын арасындағы шарт энергетика және коммуналдық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.

      80-5. Коммуналдық қалдықтарды көшелердің өту бөліктеріне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің жапсарлас аумақтарына жинауға және орналастыруға жол берілмейді.";

      82-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қатты тұрмыстық қалдықтарға және контейнерлерден арналған алаңдарға күл тастауға және жинауға жол берілмейді. Жеке кісі тұратын және кісі тұрмайтын құрылымдардың меншік иелері күл жинау үшін сыйымдылығы 0,8 метр кубтен аспайтын контейнерлерді иемденуге құқылы.";

      мынадай мазмұнды 83-1 тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. Тамақ және басқа да сұйық қалдықтарды мамандандырылған автокөліктермен арнайы бөлінген орындарға шығару жүргізіледі. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орнында өңдеуден өткен таза контейнерлермен ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталады.";

      Контейнерлерді 10 күнде бір реттен кем емес жуып отыру қажет.";

      84-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:

      "7) контейнерлік алаңдарды кемінде 20 люкс жарықтандырылуымен қамтамасыз ету қажет.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын жерлерінен және өту жолдарынан контейнерлік алаңдарды орнату арақашықтығы коммуналдық шаруашылық объектілеріне қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес анықталады. Коммуналдық қалдықтардың көлемінің ұлғаюын ескере отырып, қажет болып табылатын контейнерлердің қойылуы есептемесінен алаңдардың өлшемі дайындалады.";

      89-тармақтағы "жарты жыл" сөзі "1 ай" деген сөзге ауыстырылсын:

      мынадай мазмұндағы 89-2 тармақпен толықтырылсын:

      "89-2. Қалдықтарды жапсарлас аумақтарға жинауға жол берілмейді.";

      6-тарауда:

      107-7-тармақ алынып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 107-10, 107-11, 107-12 және 107-13 тармақтармен толықтырылсын:

      "107-10. Астана қаласының аумағында халықтың келуіне байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды, жеке тұлғалар және шаруашылық субъектілер бекітілген аумақтарда қызметкерлерге және келушілерге арналған стационарлық дәретханалардың (немесе кәріз болмаған жағдайда биодәретханалар) болуын қамтамасыз ету қажет.

      Берілген объектілерде шұқырларды қазу құрылғысына рұқсат етілмейді.

      107-11. Дәретханалар арнайы жабдықталған орын-жайларда немесе бөлінген алаңдарда орналастырылады. Биодәретханалар орнатуға арналған алаңдар көліктердің жақындауына ыңғайлы, тегіс жер болуы керек.

      107-12. Дәретханаларды жинау, санитарлық тазарту, дезинфекциялауды теңгерім ұстауды ластану шамасына қарай, бірақ күніне бір реттен кем емес жүргізеді. Биодәретханаларды тазалауды мамандандырылған ұйым теңгерім ұстаушымен шарт жасасу негізінде кестеге сәйкес аптасына бір реттен кем емес уақытта жүргізеді. Қыс уақытында биодәретханаларды мұздап қалуды болдырмау мақсатында арнайы реагенттермен өңдейді. Дәретханалардың шамадан тыс толуына жол берілмейді.

      107-13. Дәретханаларды жабдықтау жауапкершілігі теңгерім ұстаушыға жүктеледі. Дәретханалардың техникалық талаптары дұрыс болуы керек. Дәретханаларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді теңгерім ұстаушымен жүргізеді.";

      7-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 111-1, 111-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "111-1. Кондоминимумды басқарушы орган немесе басқа тұрғын үйді басқару органы ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан соң одан әрі ағымдағы ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ көктемгі-жазғы кезеңде жыл сайынғы кір жаятын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандарын (орындықтар, урналар) жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

      111-2. Балалар ойынына арналған құм алаңдарды 15 сәуірден 15 қазанға дейінгі аралықта айына бір реттен артық жаңа құммен толтырып отыру қажет.";

      8-тарауда:

      118-тармағында "гараждар" сөзінен кейін ", гараждардың шатырлары" сөз тіркесімен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 118-1 – 118-17 тармақтармен толықтырылсын:

      "118-1. Әрбір иегер өзінің көлік құралын, оның ішінде өзіне тиесілі аумаққа немесе сол үшін арнайы бөлінген орынға (гараждар, автотұрақтар, техникалық қызмет көрсету станциялары) көшіруге жарамсыз көлік құралын сақтауға құқылы (паркинг, айлақтар).

      Көлік құралын иегерлері өз беттерінше көлік құралын паркингтерде, автотұрақтарда, гараждарда жерлерде тиісті сақтау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      118-2. Астана қаласының аумағындағы иесіз деп танылған және (немесе) меншік иелері жоқ көлік құралын жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған арнайы коммуналдық тұраққа көшірілуге жатады.

      118-3. Көлік құралының арнайы коммуналдық тұрағын жабдықтау және пайдалану уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Тасталған және (немесе) меншік иелері жоқ көлік құралын шығару жөніндегі жұмыстарды Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары ұйымдастырады.

      118-4. Меншік иелері жоқ, тасталған, және/немесе шашылған көлік құралдары мамандандарылған кәсіпорындармен (тасталған көлікті шығару жөніндегі қызмет көрсететін және оның сақталуына жауап беретін жеткізуші) арнайы коммуналдық қорғалатын тұраққа көшіріледі. Сондай – ақ, келесі белгілердің әрбіреуіне сәйкес келетін көлік құралдары көшірілуге жатады:

      қалыпты көшіруге мүмкіндік жоқ шашылған күйде болып табылатын көлік құралын;

      30 күннен аса жылжымайтын жағдайда тұрған;

      кәсіби міндеттерін тікелей орындауға байланысты жедел және арнайы қызметтерге өз жұмыстарын орындау барысында орамішілік аумақтарға өту үшін бөгет жасайтын;

      жол қозғалысына және жинау техникаларының жұмысына бөгет жасайтын;

      гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында орналасқан;

      қалалық коммуникациялық, орманды аймақтарда орналасқан;

      авариялық - жөндеу жұмыстарына, газтаратушы қондырғыларды толтыру, контейнерлік алаңдардан коммуналдық қалдықтарды жинау және өзге коммуналдық қызметтерді жүзеге асыратын қызметтерге кедергі келтіретін.

      118-5. Жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) саласындағы құзыретті уәкілетті органдармен тұрғындар өтініштері. Астана қаласы Ішкі істері департаментінің ұсынымы, пайдаланушы, коммуналдық және жол қызметтері қызметкерлерінің өтініштері және көлік құралын меншік иелерінің жеке өтініштері негізінде иесіз, тасталған және/немесе шашылған болып табылатын және көшіруге жататын көлік құралын есепке алу жөніндегі шараларды жүргізіледі.

      118-6. Жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) салаларындағы құзыретті уәкілетті органдар көлік құралын үш санатқа бөлінген картотекасы есепке алып, құрастырады:

      сөзсіз көшірілуге жататын көлік құралын;

      иегері анықталуы мүмкін көлік құралын;

      30 күн бойы қозғалыссыз тұрған көлік құралын.

      118-7. Аудан аумағында тасталған және/немесе шашылған көлік құралдарының табылуы туралы ақпарат алынғаннан кейін аудандар әкімдерінің аппараттарының сұранымдары бойынша Астана қаласы Ішкі істері департаменті органдары және жол қозғалысы (ауыл шаруашылығы немесе өзен кеме қатынасы) саласындағы құзіретті уәкілетті органдармен оларды идентификациялау, олардың меншік иелеріне оларды тіркеу және тұру орындарын белгілеу шаралары қабылданады.

      118-8. Көлік құралының иегері анықталған жағдайда құзіретті уәкілетті орган оған 5 күнтізбелік күн ішінде өз күшімен және өз қаражаты есебінен көлік құралын қайта өңдеу орнына немесе басқа да жол берілетін орынға көшіру қажеттігі туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

      Қажетті шараларды қабылдамаған жағдайда меншік иесіне әкімшілік әсер ету қолданылады, ал көлік құралы мәжбүрлі көшірілуге жатады.

      118-9. Көлік құралын иегерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, барлық қажетті шаралар қабылдағаннан соң мамандандырылған кәсіпорын көлік құралын тасталған және/немесе шашылған күйде тауып алғандығы және мәжбүрлі көшіру қажетті туралы акт құрастырады. Аталған актіге көлік құралын техникалық жағдай туралы визуалды анықталған мәлімет және оның жиынтығы, сондай-ақ қолда идентификациялық мәліметтердің: шанақ, шасси, қозғалтқыш нөмірлері, мемлекеттік тіркеу белгісінің нөмірі және олардың саны енгізіледі.

      Бұл акт құрамына Астана қаласы ішкі істер департаментінің инспекторы;

      құзыретті уәкілетті органның өкілі;

      аудан әкімі аппаратының өкілі кіретін комиссиямен қол қойылады.

      118-10. Құрастырлыған акт негізінде мамандандырылған кәсіпорын құзыретті уәкілетті органдармен келісілетін және аталған жұмыстарды орындауға арналған тапсырма болып табылатын иесіз, тасталған, және/немесе шашылған көлік құралын көшіру жөніндегі жұмыстарды орындауға жалпы тапсырма құрастырады.

      118-11. Көлік құралын арнайы коммуналдық қорғалатын тұраққа көшірілгеннен кейін мамандандырылған кәсіпорын оның құнын бағалауды ұйымдастырады.

      Көлік құралын иегеріне (ол анықталған жағдайда) оған тиесілі көлік құралын өндірістік мәжбүрлі бас тарта туралы қайталама хабарлама жіберіледі:

      көшіру себебінің негіздемесі;

      көлік құралын қазіргі сәттегі орналасқан жері;

      көрсетілген мерзім өткеннен кейін көлік құралын қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ескерту.

      Арнайы коммуналдық қорғалатын тұрақта оны иесіз деп тану рәсіміне дейін көлік құралын сақтау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

      118-12. Аудандар әкімдерінің аппараттары жергілікті баспа және электронды басылымдарда көшірілген көлік құралдары туралы ай сайын жариялауды жүзеге асырады.

      118-13. Мәжбүрлі көшірілген көлік құралдарын есепке алу тексеру актілері негізінде арнайы мекемемен жүргізіледі.

      118-14. Көшірілген көлік құралдарына меншік құқығын талап еткен жағдайда көлік құралы құқық белгілеушіге (оның меншік иесіне) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның белгіленген тарифі мен бағалауына немесе сот шешімі бойынша басқа да талаптарға сәйкес дайындау жұмыстарына байланысты шығындарды қосқанда, көшірілу және сақтау шығындарының құны толық төленгеннен соң қайтарылады.

      118-15. Мамандандырылған кәсіпорын соттың көшірілген көлік құралын иесіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны іске асыру немесе жою туралы шешім қабылдайды.

      118-16. Көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру және мамандандырылған кәсіпорын қабылдаған шешім (іске асыру немесе жою) туралы ақпарат береді:

      аудандар әкімдерінің аппараттарына;

      сот органдарының шешімдерін ескеріп көлік құралдарын шығару үшін жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) саласындағы құзіретті уәкілетті органдарға.

      118-17. Тұрақтарды көшіру, қайта өңдеу және жабдықтау жөніндегі жұмыстарды орындаушы кәсіпорындардың шығындары тасталған көлік құралдарын іске асыру және коммуналдық тұрақтарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен өтеледі.";

      10-тарауда:

      125, 125-5-тармақтарда "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" сөздері "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      125-тармақ "Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы" сөздерінен кейін 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 671 тіркелген)" сөздерімен толықтырылсын;

      125-2–тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:

      "125-2. Қала аумағын ашуға рұқсат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді және өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күн аралығында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес беріледі";

      11-тарауда:

      132-тармағы мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын:

      "4) орамішілік өту жолдарына және жолдарға, жиекжолдарға шлагбаумдар (металл қоршаулары, бетон блоктарымен және басқа да заттармен) орнату арқылы қозғалысты шектеуге тыйым салынады.";

      12-тарауда:

      135-тармақта "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау" сөздері "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 145-1, 145-2, 145-3, 145-4, 145-5 тармақтармен толықтырылсын:

      "145-1. Астана қаласының аумағында жарнамалық-ақпараттық объектілерді орнатуға берілген рұқсатынсыз, олар орналастырылатын жер учаскесінің, құрылымның, ғимараттың иегерінің келісімінсіз жарнамалық-ақпараттық объектілерді (билбордтар, плакаттар, стендтер, түсті таблодар, транспаранттар, афишалар, сілтемелер және басқа да сыртқы (визуалды) жарнамалық объектілер) орнатуға тыйым салынады.

      145-2. Жарнамалық-ақпараттық объектілердің меншік иесі жарнама объектісінің техникалық жабдықталуын, пайдаланылуын және түстер иллюминацияның дұрыстығын қамтамасыз етуге, ақаулар анықталған кезде үсті мөрді ауыстыруға міндетті. Жоғарыда аталған рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан соң жарнамалық-ақпараттық объектілер 10 күнтізбелік күннің ішінде алынып тасталуы керек.

      145-3. Жарнамалық-ақпараттық объектілерді алып тастау кезінде олардың иегерлері 10 күнтізбелік күннің ішінде аумақты абаттандыруды қалпына келтіру, ғимарат қасбеттерін жөндеу, жарнамалық-ақпараттық объектілерді пайдалану барысында туындаған ақауларды қалпына келтіру, бұрандаларды бұрауға міндетті.

      145-4. Ғимараттарда, орын-жайларда, қоршауларда, ағаштарда, электрмен жабдықтау тіреулерінде, аялдама павильондарында және басқа да осы мақсаттарға бейім объектілерде қандай да бір жарнамалар және басқа да ақпараттар жапсыруға, ілуге және өзгеше тәсілдермен орналастыруға рұқсат етілмейді.

      145-5. Жүргізуінде ғимарат мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың иелері меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және Астана қаласының әкімі бекіткен тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік маңызы бар іс-шараларға орай объектілерді рәсімдеу қажет.";

      мынадай мазмұнды 148-1-тармағымен толықтырылсын:

      "148-1. Астана қаласының коммуналдық меншігінде болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау Астана қаласы аудандары әкімдерінің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 151-1, 151-2, 151-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "151-1. Ғимараттар мен орын-жайлар, тұрғын үйлер Астана қаласының бас сәулетшісімен және Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сәулетті шамдармен жабдықталады. Сәулетті шамды жабдықтау аудандар әкімдерінің аппараттары бөлген бюджет қаражатты шеңберінде жүргізіледі, ал қалған жағдайларда ғимараттың теңгерім ұстаушысы жүргізеді.

      151-2. Ғимараттың теңгерім ұстаушысы сәулетті шамға қызмет көрсетуге шарт жасасады. Жарықтандыру құралдары, сондай-ақ кронштейндер мен тіректер таза болуы керек. Сәулетті шамдардың күймеу пайызы 5 пайыздан асып кетуі рұқсат етілмейді. Сәулетті шамдардың қатардан шыққан элементтері пайдаланушы ұйымдармен 24 сағаттың ішінде ауыстырылуға жатады.

      151-3. Сәулетті шамдарды қосу мен сөндіру автономды түрде, жүргізіледі, әрбір объект жеке, қажетті жарықтандыру кестесіне сәйкес 30 минуттан аспайтын қадаммен жарықтандырылады. Сәулетті шам белгіленген тәртіпте тіркелген, электр энергиясын есептеу құралымен жабдықталады. Әрбір объект басқару қалқанымен жинақталады.";

      14-тарауда:

      158-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Субұрқақтардың тостағандарын жуу және дезинфикциялау ай сайын жүргізіледі. Субұрқақтардың тостағандарында адамдар шомылып, жануарлар мен кір жууға рұқсат етілмейді.";

      Қағидалардың 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы


мәслихатының төрағасы

С. Хамхоев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Сәулет

      және қала құрылысы басқармасы" ММ

      (СжҚҚБ) бастығы

      С. Жүнісов


      "Астана қаласының

      Құрылыс басқармасы" ММ

      (ҚБ) бастығы

      В. Лютов


  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 463/65-IV шешіміне
1-қосымша
  Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,
жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 28/6-III
1-қосымша

Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органына қала
аумағына ашуға және абаттандыруға байланысты жұмыстарды
жүргізуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ

      ________________________________________________________

      (рұқсат қағазын алушы)

      Мекенжайы__________________________телефоны____________________

      СТН__________есеп-шоты_______________банк______________________

      ФАМ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ____________________жұмыс жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Жұмыс түрі, көлемі_____________________________________________

      _______________________________________________________________

      Қазылған жапсардың түрі және алаңы_____________________________

      Көлік жолдары (ш.м)__________________________________________________

      Жаяу жүргіншілер жолы (ш.м)____________________________________

      Көгал алаңы(ш.м)_____________________________________________________

      Жұмыс учаскесі_________________________________________________

      ____________________________________________________орналасқан.

      Жұмыс жүргізілгеннен кейін учаскені қалпына келтіруге кепілдік беріледі.

      Жұмыс басталғанға дейін коммуникациялардың өтуін анықтау бойынша жұмыс жүргізу орнына инженерлік желілердің иелері шақырылды.

      Жұмыс жүргізу мерзімі:

      Басталуы_______________________________________________________

      Аяқталуы_______________________________________________________

      Тапсырыс беруші, мердігер туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы___________________________телефон____________________

      СТН____________________есеп-шот _______ банк___________________

      ФАМ_____________________________

      "____"_________________20___ жыл

      Өтінішке қоса беріледі:

      ______________________________

      ______________________________

      ______________________________

      Жұмыс жүргізу рұқсатты беруді немесе бас тартуды сұраймын (керегін астын сызу қажет)

      - ұсынылған сенім хатқа сәйкес өкілге беру

      - поштамен жіберу

      М.О. Басшы ______________________

      Көшелерді жабуға, қозғалысты жартылай шектеуге, абаттандырылған аумақты ашуға, инженерлік желілердің өту орны ауданында жұмыс жүргізуге келісімді келесі бетінен қараңыз

      ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ КЕЛІСІМ (лауазымды тұлғаның мөрімен бекітіледі):

      1.Жұмыс учаскесі Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен тексерілді_______________________________

___________________________________"___" _________20____жыл

      2. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы (көлік жолындағы жұмыстар барысында)

      ___________________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      3. Астана қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы (көшенің көлік жүру бөлігінде жұмыс жүргізу барысында)

      ___________________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      4. Аталған аумақ қарамағындағы пәтерлер иелерінің кооративін, өндірістік кооперативін, басқа заңды немесе жеке тұлғаларды ескерту туралы белгі

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      Инженерлік желілер қарамағындағы кәсіпорындар:

      5.1________________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      5.2._______________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      5.3._______________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      5.4._______________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      5.5._______________________________________________________

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      Өтінімді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманы берді ________________________"___" _________20____жыл

      Өтінімді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманы қабылдады

      ___________________________________"___" _________20____жыл

      Рұқсат қағазы келесі себептермен берілмеді:_______________________________________________________

      ___________________________________________________________

      Астана қаласы мәслихатының

      2011 жылғы 29 маусымдағы

      № 463/65-IV шешіміне

      2-қосымша

      Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,

      жинау жұмыстарын ұйымдастыру және

      Астана қаласының аумағында

      тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына

      2004 жылғы 30 наурыздағы

      № 28/6-III

      2-қосымша

      Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органы

ҚАЛА АУМАҒЫН АШУҒА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ №____
______________________________________________________ (рұқсат қағазын алушы)

      жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі

      ___________________________________________________________

      учаскеде___________________________________________________

      ___________________________________________________________

      жабық тәсілмен (тесумен) немесе траншея қазу арқылы жүргізіледі.

      Жұмыстар мына шарттарды орындаумен жүргізіледі:

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      Осы рұқсат қағазын және жобаны жұмыс орнында әрқашан ұстау қажет.

      Рұқсат қағазда айтылған шарттармен, к е л і с е м і н.

      Рұқсат қағазды алушы (өкілі)

      Қолы _____________________ "_____" _____________20____жыл

      Рұқсат қағазды алушының мекен-жайы_______ телефон _________

      Жұмыс жүргізуге рұқсат етілді 20 ____ жыл ___________бастап

      20 ____ жыл _______аралығында

      Астана қаласының сәулет және қала

      құрылысы органының бастығы __________________________

      Рұқсат қағазды берген ____________________________________

      Рұқсат қағазды ресімдеген _________________________________

      "___" _____________ 20____ жыл

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 463/65-IV шешіміне
3-қосымша
  Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,
жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 28/6-III
3-қосымша

      № рұқсат қағазына

ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ

      Жұмысты жүргізу мерзімі

      20___ жыл ___________ бастап 20___ жыл _________ аралығында

      Учаске қалпына келтірілді және қабылданды:

      ___________________________________________________________

      (аудан әкімдігінің уәкілетті маманы: Алматы, Сарыарқа, Есіл/ керегін астын сызыңыз /)

      ___________________________________________________________

      (көшенің көлік жүру бөлігіндегі жұмыс барысында – Астана қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының уәкілетті маманы)

      Қайтару талоны Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен қабылданды ______________________________

      Қолы _________________________ " " ___________20___жыл

      Қайтару талоны қысқы абаттандыруды уақытша қалпына келтіру арқылы Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен қабылданды_____________________________________________

      Қолы _________________________ " " __________20___жыл

      Жазба мөрмен расталады. Талон Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органына рұқсат қағаз беру бөліміне бақылаудан алу және алынған рұқсат қағазын жабу үшін тапсырылады.

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 463/65-IV шешіміне
4-қосымша
  Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,
жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 28/6-III
4-қосымша

Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау
ТӨЛҚҰЖАТЫ _______________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________

      (заңды орналасқан мекенжайы, телефоны)

      1. Басқарушының аты-жөні (телефон, СТН) ____________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      2. ҚТҚ шығаруға шарт (№, күні) _____________________________

      ____________________________________________________________

      3. Қатты жабынның көлемі, м2 _______________________________

      4. Көгал алаңдардың көлемі, м2 _____________________________

      5. Ағаштар, тал-шіліктер саны, бр. _________________________

      ____________________________________________________________

      6. Кіші сәулет нысандарының саны, дана______________________

      7. Аула тазалаушылар (саны) немесе аймақты тазалауға шарт

      № __________________________________________________________

      Бұл паспортта көрсетілген ақпараттар өзгерген жағдайда, заңды тұлғаның жетекшісі ___________ ауданы әкімі аппаратын хабардар етуге және аймақты абаттандыру, жинау және таза ұстау туралы жаңартылған төлқұжат алуы тиіс.

      Қосымша: бекітілген аумақтың кестесі.

      М.О. __________________________

      (басшысы қолы, аты-жөні)

      "___" ____________ 20___жылы берілген.

      ______________ аудан әкімі __________ М.О.

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады