Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 465/65-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 691 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 219/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 мамырдағы № 56-57, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 59-60 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63, 2004 жылғы 17 шілдедегі № 95-96 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:

      1-тарауда:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Астана қаласының жасыл белдеуі – арнайы маңызы бар, қаланың аумағын қоршаған және қорғау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, оңалту және туристік қызметтерді орындайтын көгалдандырылған аумақ";

      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) санитарлық-қорғау белдеуі – қала тектес мекендер бөлігін өлшемі мен ұйымдастыру өнеркәсіптің қоршаған ортаға, сондай-ақ Астана қаласының жасыл белдеуіндегі жасыл желектерге зиянды ықпалының сипаты мен деңгейіне байланысты болатын өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөліп тұратын арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумағы";

      1-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган - жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Астана қаласы әкімдігінің табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын атқарушы органы";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) Астананың жасыл қоры – Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегіндегі жалпы, шектеулі және арнайы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтар енетін жасыл желектер аумақтарының жиынтығы";

      "21) көгалдандыру резерві аумағы – Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес қаланың жасыл қорын дамытуға арналған қолайсыз аумақтар";

      2-тарауда:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "тұрғын үй объектілерінің және қоғамдық құрылыстың меншік иелері, жалға алушылар шектеулі пайдаланымдағы жапсарласқан аумаққа көгалдандыру жүргізуге міндетті";

      тиісінше 2-тармақтың екінші абзацы үшінші абзац болып саналсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалға алушылар олардың жай-күйіне бақылау жүргізуді жүзеге асыру қажет, жасыл желектерді қанағаттанарлық жағдайын мен қалыпты дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Агротехникалық іс-шараларды жүргізумен байланысты жасыл отырғызғыларды күтіп-баптау бойынша жұмыстарды осы Қағиданың 37-1 тармағымен қарастырылған өлшемдерге сәйкестік негізінде Уәкілетті органмен белгіленген мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақ Астана қаласының коммуналдық меншігінде болады, сондай-ақ жерге құқық субъектілеріне байланысты республикалық және жеке меншікте болуы мүмкін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақ шекарасындағы жер учаскелерін шаруашылық пайдалану бойынша меншік иелерінің, жерді иеленушілердің, жалға алушылардың құқықтары шектеледі.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтардың жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аудан әкімдерінің аппараттарына ресімделеді. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағы жасыл белдеуінің жер учаскелеріне тұрақты жер пайдалану құқығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға ресімделеді;

      9-2. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақпен қамтылған жер айналымнан шығарылады. Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың жекелеген учаскелері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісім бойынша егер ұсынылған қызметтер жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақты құру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмесе және жасыл желектерді қалыпты өмір тіршілігін қамтамасыз етуге кедергі болмайтын болса, келушілерге үздіксіз қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында сатып алу, қосалқы жалға беру, кепілге қою құқығынсыз жалға беріледі";

      3-тарауда:

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органының нұсқаулық-әдістемелік нұсқауларына сәйкес, барлық агротехникалық шаралар кешенін тұрақты жүргізу, оның ішінде гүлзарлар, ағаштар мен бұталарға су құю, арамшөптер, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу, жасыл желектерді түзеу және жасарту, гүлзарларды күзеу;";

      16-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Ағаштарды жасартып қию, ағаш-бұталарды қалыпты және санитарлық қию Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органына және тиісті аудан әкімінің аппаратына хабарлай отырып жүргізіледі";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) көшелер мен алаңдарды тазалау үшін роторлы машиналарды қолдану машиналарда қардың (қар салмағының) желектерге түсуіне жол бермейтін арнайы бағыттайтын құрылғылары бар болған кезде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, жасыл желектерге қарды тастау үшін роторлы қар тазалау машиналарын пайдаланбауға;

      12) ағаштарға зиянын келтіруі мүмкін заттарды (аспалы төсектерді, әткеншекті, кір жаятын жіптерді, жарнама қалқандарын, электр сымдарын, электр және жалаушалы гирляндаларды, тікенекті сымды қоса алғанда) ілуге, бекітуге жол бермеуге;

      13) құрылыс ұйымдары құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалға алушыларына жасыл желектер аумағында жұмыстың басталғандығы туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға, құрылыс аумағындағы жасыл желектерді ағаштың діңінен 0,5 метрден кем болмайтын қашықтықта үшбұрыш етіп орналастырып, биіктігі 2 метр болатын тұтас қалқандармен қоршау, сондай-ақ қоршалған үшбұрыштың айналасына радиусы 0,5 м болатын ағаш төсем орнату;

      14) қаланың өтетін жолдарына, алаңдарға, аулалар мен жиекжолдарға төсем салу және асфальт төсеу кезінде, алдағы уақытта темір бетон шарбақты орнатумен немесе діңнің айналасындағы топырақтың нығыздалуының алдын алатын басқа да жабынды жабуымен, ағаштың айналасынан диаметрі кемінде 2 метр болатын бос кеңістік қалдыруға;

      15) кабель, кәріздік құбырлар және басқа да қондырғылар орнату кезінде траншея қазуды ағаштан діңнің қалыңдығы 15 сантиметрге дейін екі метрден кем болмайтын қашықтықта, діңнің қалыңдығы 15 сантиметрден аспайтын - үш метрден кем емес қашықтықта, шеткі қаңқа бұтағының негізінен қашықтықты есептей отырып, бұтадан бір жарым метрден кем емес қашықтықта жүргізу қажет;

      16) өсіп тұрған желектер ауданында жолдар, жиекжолдар және басқа да орын-жайларды қайта жаңарту және салуда, оларды төмендету немесе биіктету кезінде, тігінен белгілерді қолданыстағы белгілерінен 5 сантиметрден артық өзгертуге жол бермеуге";

      4-тарауда 20-тармақтың 1), 3), 4), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жасыл желектердің тізілімін қала аудандары әкімдері аппараттарынан алынған мәліметтерді жинақтау арқылы жүргізу;

      3) жасыл желектерді бұзуға, қайта отырғызуға рұқсат беру;

      4) бекітілген әдістемелер бойынша жасыл желектерге зиян келтірудің құнын бағалауды есептеу;

      6) кәсіпорындардың осы Қағиданың 37-1-тармағымен қарастырылған жасыл желектерді бұзу және қайта отырғызу жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, агротехникалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың критерийлеріне сәйкестігін анықтау."

      5-тарауда:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жасыл желектердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, гүлзарлар, гүлбақшалар. Жасыл желектерге зерттеу жүргізуді осы Қағидамен қарастырылған критерийлер негізінде Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген агротехникалық іс-шаралар жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Есептік объекті паспорты жауапты меншік иесімен бекітіледі және Астана қаласының тиісті ауданы әкімі аппаратының өкілімен және қаланың Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органымен келісіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тізілімді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру аудан әкімдері аппараттарымен жердің қызметтік тағайындауы бойынша топтаумен белгіленген нысан бойынша оларға ведомтстволық қарасты көгалдандырылған аумақтың шекараларында жүргізіледі.";

      36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бау-бақшалар, бақтар, гүл бақтары, бульварлар, жүргінші саяжолдары Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органына, аудандар әкімдерінің аппараттарына, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтың меншік иелері мен жалға алушыларына жүктеледі;";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Агротехникалық іс-шараларды жүргізумен байланысты жасыл желектерді күтіп-баптаумен байланысты жұмыстар, жасыл желектерді ағымдық және күрделі жөндеу, көгалдандыру мамандандырылған көгалдандыру ұйымдарымен және құжаттамалық расталған, тиісті біліктілігі бар бақша күтушілермен жүргізіледі, көгалдандыру ұйымдары мен бақша күтушілерді бекітілген критерийлерге сәйкестігін анықтау қаланың Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органымен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармағымен толықтырылсын:

      "37-1) мамандандырылған ұйымдардың жасыл желектерді бұзу және қайта отырғызу бойынша жұмыстарды қоса алғанда, агротехникалық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру құқығына сәйкестігі мынадай критерийлер негізінде, тиісті қорытынды берумен, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен құрылатын комиссиямен анықталады:

      1) ұйымның құқық беретін құжаттарында (жарғы, ереже) жасыл көгалдандыру, жасыл желектерді қайта отырғызумен және күтіп-баптаумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға тыйым салудың болмауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрлеріне (жалпы құрылыс жұмыстары) лицензиялардың болуы;

      2) агротехникалық жұмыстар жүргізу үшін, сондай-ақ қажеттілігіне қарай, топырағымен ағаштарды бұзу немесе қайта отырғызу үшін, растайтын құжаттарын ұсынумен, мамандандырылған техниканың болуы;

      3) растайтын құжаттарын (дипломдар, аттестаттар, сертификаттар көшірмелері) ұсынумен білікті қызметкерлердің болуы;

      4) растайтын құжаттарын ұсынумен, көгалдандыру және жасыл желектерді күту бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;

      5) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде қайта отырғызылған жасыл желектерді, жапырақты жасыл желектерге 1 жыл ішінде және қылқан тектілерді 2 жыл ішінде күтіп-баптау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға ұйымның бланкісінде бірінші басшының қолы қойылған кепілдікті міндеттеменің болуы;

      6) жасыл желектерді қайта отырғызу кезінде аудан әкімі аппаратымен келісім бойынша қайта отырғызу жүргізілетін қаланың ауданы шегінде қайта отырғызылатын ағаштарды отырғызу орнымен жоспардың немесе сызбаның болуы";

      6-тарауда:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Объектіні тексерудің бастапқы актісі (3-қосымша) және ұсынылған құжаттама негізінде Астана қаласының Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен берілетін белгіленген нысандағы (4-қосымша) рұқсат бойынша ғана жасыл желектерді бұзу және қайта отырғызуға жол беріледі."

      "Бұзу, қайта отырғызу тәртібі және бұзуға және қайта отырғызуға рұқсат беру Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен анықталады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ағаштар мен бұталарды бұзу Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен осы Қағиданың 37-1 тармағымен қарастырылған критерийлерге сәйкестігіне анықталған, белгіленген тәртіпте ресімделген рұқсаттама құжаты болған жағдайда, мамандандырылған ұйыммен жүргізіледі.

      Рұқсаттама құжаттарын алдын-ала ресімдемей, жасыл желектерді бұзуға және қайта отырғызуға жол берілмейді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желектерді бұзуды немесе қайта отырғызуды келісу мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) құрылысқа бастапқы-рұқсаттама құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгіленген тәртіпте жобаны әзірлейді;

      2) жобалау ұйымының хаты және Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның жобасы негізінде, құрылыс жүргізу болжанған учаскеде зерттеу жүргізіледі және жасыл желектерді зерттеу актісі жасалады (3-қосымша), онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың көрнекілік құрамы, жай-күйі, гүлзарлардың, шөп жабындары, гүлдердің болуы көрсетіледі;

      3) зерттеу актісі негізінде Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталарды барынша сақтап қалу мақсатында, жасыл желектердің саны мен құрылысты орналастырудың ерекше талаптарын көрсетумен, аталған учаскеде құрылысты жүргізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді;

      4) жобалау құжаттамасы Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген бастапқы-рұқсаттама құжаттамасы негізінде әзірленеді;

      5) осы Қағидамен белгіленген тәртіпте ресімделіп ұсынылған құжаттар негізінде, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган тапсырыс берушіге құнды бағалау әдістемесімен бекітілген көлемде кесілетін ағаштар мен бұталардың өтемақылық құны төлеміне шот жазып береді;

      6) жасыл желектерді бұзуға рұқсаттама берген кезде, әкімдік бағдарламаларына сәйкес бес қабатты және тозығы жеткен құрылыстарды бұзған кезде, өтемақылық құны инженерлік коммуникациялардың қорғалатын аймағында және жарық режимі аймағында орналасқан жасыл желектерді ескермей есептеледі.

      43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инженерлік коммуникацияларды күрделі және ағымдық жөндеу кезінде, жасыл желектерді бұзу рұқсат қағазы негізінде жүргізіледі;";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Төтенше және апатты жағдайларда, ірі ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс жасауына, сондай-ақ өнеркәсіптік, азаматтық маңызы бар ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылыстарынан кемінде 5 м аралықта өскен ағаштар бойынша өсіп тұрған ағаштың топырағы ғимарат үшін қауіп тудырса – жабынды, балконды, лоджийді, терезені бұзып тұрса, және егер тамыры ғимараттың қасбетін бұзып тұрса, оларды санитарлық кесуге, бұзуға рұқсат қағазы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне 3.01-01-2002 сәйкес апатты жасыл желектер ретінде беріледі, аталған желекті бұзу алдын ала рұқсатсыз жүргізіледі:

      бұзу фактісі белгіленген нысанда ресімделген, құрамында аумақтық меншік иесінің, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның өкілдерінен, тиісті ауданның әкімі аппараты өкілінің, апатты және өзге де төтенше жағдаяттарды жою бойынша жұмысты жүргізетін ұйымның өкілі болатын комиссиямен кесу орындарын мәлімдеу актісімен расталады;

      жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте ресімделген бұзу орнын мәлімдеу актісі болған жағдайда, жұмыстардың басталған сәтінен бастап 72 сағаттың ішінде бұзуға рұқсаттама береді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қалалық орта жағдайларына бейімделген жасыл желектерді қайта отырғызу жасыл желектерді бұзуға және қайта отырғызуға рұқсаттама (4-қосымша) негізінде жүргізіледі.";

      54-тармақтың 2)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуға шартты жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органмен осы Қағиданың 37-1 тармағымен қарастырылған критерийлеріне сәйкестігіне анықталған мамандандырылған ұйыммен жасыл желектерді зерттеу актісіне сәйкес жасассын;";

      Қағида мынадай мазмұндағы 9, 10 тараулармен толықтырылсын:

"9. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағы жасыл белдеуінің аумағындағы жасыл желектерді күзету, қорғау, күтіп ұстау

      60. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі аумағындағы жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне":

      1) жасыл желектерді күтіп ұстау, орман жүргізу және ағаш өсіру;

      2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ осы Қағиданың 61-тармағында қарастырылған басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) табиғи немесе жасанды жасалған су тоғандарын қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;

      5) санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуін күтіп ұстауға және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу кіреді.

      61. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі жасыл желектерін күзетуді, қорғауды және күтіп ұстауды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мыналарға шығындар қарастырылады:

      1) жасыл желектерді өрттен, өз еркімен кесуден және өзге де бұзушылықтардан күзетуге;

      2) жасыл желектерді зиянкестерден және аурулардан қорғауға;

      3) жасыл желектерді күтіп ұстау, орман жүргізуге және ағаш өсіруге;

      4) жасыл желектердің өртке қарсы құрылғыларына;

      5) орман жүргізуді және ағаш өсіруді күзету, қорғау саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;

      6) күтіп кесу және санитарлық кесу жүргізуге;

      7) орман жүргізуге және ағаш өсіруді күзетуге, қорғауға күрделі салымға.

      62. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі аумағында жасыл желектерді күзетуге, қорғауға, күтіп ұстауға байланысты емес жұмыстарды жүргізу экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда, Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімімен жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      63. Астана қаласының санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуі жасыл желектерін қорғауды жүзеге асыру кезінде Жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитарлық-қорғау аймағында құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесуге;

      2) мемлекеттік және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылық фактілері бойынша ақпарат жіберуге;

      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша жазбаша нұсқаулықтар беруге міндетті".

10. Көгалдандыру резерві аумағы

      64. Астана қаласын дамытудың Бас жоспарын ескере отырып, жергілікті атқарушы орган объектілерге жасыл желектерді келешекте орналастыру мақсатында жерді резервке қою туралы шешім қабылдайды.

      65. Жергілікті атқарушы органмен объектілерге жасыл желектерді келешекте орналастыру мақсатында жерді резервке қою туралы шешім қабылданған жерде, жасыл желектер объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады.";

      аталған Қағиданың 1, 3, 4, 7-қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Астана қаласының Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларының 5-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

С. Хамхоев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 465/65-IV шешіміне
1-қосымша
  "Астана қаласындағы жасыл
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына
1-қосымша

      Түгендеуді орындайтын ұйымның атауы____________________________

      Түгендеу нөмірі________________________________________________

Есепке алу объектісінің
ПАСПОРТЫ

      Объектінің атауы ______________________________________________

      классификациялық коды__________________________________________

      (жерлердің функционалды тағайындалуы бойынша)

      Әкімшілік-аумақтық қажеттілік

      _______________________________________________________________ (әкімшілік ауданның коды)

      Жауапты иесі __________________________________________________

      Қала құрылысы қызметін қорғау және пайдалану тәртібі, басқару

      тәртібі _______________________________________________________

      Келісілді: Келісілді: Келісілді:

      Сәулет Жауапты жасыл желектерді қорғау

      басқармасы иесі жөніндегі уәкілетті

      орган

      _______________ _____________ _________________________________

      20__жылғы "__"_____ 20__жылғы "__"_____ 20___ жылғы___"________

      Есепке алу объектісінің паспортына қосымша:

      Ахуалдық жоспар (Астана қаласында есепке алу объектісінің

      орналасқан жері)

      Есепке алу объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар)

      М1:500; М1:1000

      Есепке алу объектісінің ағаш отырғызу жоспары (түгендеу

      жоспары)

      М1:2000; М1:10000

      Жасыл екпелердің түптерін қайта есептеу ведомосты

      Түгендеуді орындайтын ұйымның тізімі

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 465/65-IV шешіміне
3-қосымша
  "Астана қаласындағы жасыл
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына
3-қосымша

Жасыл желектерді тексеру
АКТІСІ

      20___ жылғы "___" ________

      Біз қол қоюшылар ________________________________________

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

      _____________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, органның атауы)

      Мына мекен-жайда_______________________________орналасқан

      _________________________________________________ жататын

      _______________________________________________ объектісі

      бойынша

      _________________________________________________________

      Төмендегілерді белгіледі:________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Осы акт ___ данада жасалды.

      Ескерту: тексеру актісі жасыл желектерді бұзуға немесе көшіруге

      құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды ________ ____________

      (қолы) (аты-жөні)

      Жасыл желектерді қорғау ________ ___________

      жөніндегі уәкілетті органның (қолы) (аты-жөні)

      лауазымды тұлғасы

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 465/65-IV шешіміне
4-қосымша
  Астана қаласындағы жасыл
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына
4-қосымша

      Жасыл желектерді қорғау

      жөніндегі уәкілетті органның

      бастығы бекітеді

      ____________________________

      20___ жылғы "___" ______________

Жасыл желектерді бұзуға, қайта отырғызуға
№ РҰҚСАТ

      Біз қол қоюшылар ________________________________________

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

      _________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, органның атауы)

      Мына мекен жайда_________________________________________

      орналасқан

      _________________________________________________ жататын

      _______________________________________________ объектісі

      бойынша

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жағдайын

      ескеріп, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектердің бұзылуы мен

      қайта отырғызылуын келіседі:

      "- ағаш-бұта отырғызғыларының нақты (сапасын, сандық) жағдайын

      келісу".

      Рұқсаттың әрекет ету мерзімі___________________________________

      _______________ байланысты жасыл желектерді бұзу жүргізіледі.

      Сонымен қатар, бірінші басшыға мынадай талаптарды орындау

      ұйғарылады:

      1. Жасыл желектерді қорғау, ұстау және сақтау жөніндегі

      іс-шаралардың толық кешенін өткізу.

      2. Тапсырыс беруші жазбаша тәртіпте Уәкілетті органға

      орындалған жұмыс туралы, рұқсаттың әрекет ету мерзімінің

      аяқталуы жөнінде есеп беру қажет.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды ________ ____________

      (қолы) (аты-жөні)

      Жасыл желектерді қорғау

      жөніндегі уәкілетті органның

      лауазымды тұлғасы ________ ____________

      (қолы) (аты-жөні)

  Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 465/65-IV шешіміне
7-қосымша
  Астана қаласындағы жасыл
отырғызғыларды күтіп ұстау мен
қорғау 2004 жылғы 30 наурыздағы
№ 29/6-III қағидаларына
7-қосымша

Жасыл желектердің орнығуын тексеру
АКТІСІ

      Мына мекен-жай бойынша:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      20___ жылғы ___________ комиссия құрамы:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ағаштар мен бұталардың орнығуына мына мекен-жайдағы гүлзарларды

      жағдайына тексеру жүргізді:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      көгалдандыру жұмыстарының уақыты (көктем, күз, қыс)

      20____ жылғы _________.

      Мыналар белгіленді:___________________________________________

Кө галдандыр удың құ рамдас бөліктерінің объектіле рі

Ағаштар, бұ талар отырғ ызылды

(саны,

дана)

Гүлзарлар құрастырылды

(ш.м.)

Орнықпаған ағаштар мен бұталардың саны

(дана)

Сапасы қанағаттандырылмаған гүлзарлардың саны

(ш.м.)

Құлағандар %

ағаштар






бұталар






гүлзар







      Ағаштардың орнығуы (100% - % құлағандар) ______________ % тең.

      (ашып жазу керек)

      Бұталардың орнығуы (100% - % құлағандар) ______________ % тең.

      (ашып жазу керек)

      Түгенделетін ағаштар мен бұталардың жалпы жағдайлары:________

      _____________________________________________________________

      Түгенделетін гүлзарлардың жалпы жағдайлары:__________________

      _____________________________________________________________

      Комиссия құрамы:

      1. Жасыл желектерді қорғау жөніндегі

      уәкілетті органның өкілі_____________________________________

      2. Тапсырыс берушінің өкілі__________________________________

      3. Мердігердің өкілі_________________________________________

      4. Теңгерім ұстаушының өкілі_________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады