"Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № А-8/320 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қыркүйекте № 3404 тіркелді

     «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. «Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтарда «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
     реттік нөмірі 45-жолы, келесі редакцияда мазмұндалсын:
     «

45

KC-55

Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая

29,9

     »;
     «ҚОРЫТЫНДЫ:» жолы, келесі редакцияда мазмұндалсын:
     «

ҚОРЫТЫНДЫ:

2712

     ».
     2. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
     3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Ақмола облысының әкімі                      С. Дьяченко

     «КЕЛІСІЛДІ»

     Қазақстан Республикасы
     Көлік және коммуникация
     министрлігі
     Автомобиль жолдары
     комитетінің төрағасының
     міндеттерін атқарушысы                       А.Бакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады