Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 04.05.2013 № А-5/942 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі «Көкшетау қаласындағы тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы» № С-48/6 шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласындағы тұрақты автомобиль тасымалдауына тариф барлық маршрутқа бірыңғай белгіленсін, ересектерге 45 (қырық бес) теңге мөлшерінде, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - 20 (жиырма) теңге.
2. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ж.Т.Естеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов