Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережелеріне сәйкес, Степногорск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар–наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы Степногорск қаласы әкімі шешімінің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.
3. Осы Степногорск қаласы әкімінің шешімі Степногорск қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі А.Никишов
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Ақмола облысы Степногорск
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Асылбеков