Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 29.12.2011 № А-12/324 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бап, 1 тармақ, 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға беру үйлеріндегі жалгерлік төлемақы есебінің әдістемесі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақысының көлемі, 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа түседі.
Аудан әкімінің м.а. А.Кривицкий
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ А-7/220 қаулысына қосымша
Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде
жалдау ақысының көлемі
Ақкөл ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалгерлік төлемақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
А – жергілікті мемлекеттік орган (мемлекеттік кәсіпорын) жүргізуіндегі және кондоминиум объектісі құрамына кіретін мемлекеттік жалға беру үйлеріндегі 1 шаршы метрдің жалгерлік төлемақысы айына теңгемен есептеледі;
Ц – тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрге теңгемен есептегендегі құрылыс (алу) құны;
Т – ғимаратты пайдалану мерзімінің есебі, жыл:
Р – тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, айына 1 шаршы метрге бір теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрге теңгемен есептегенде құрылыс (алу) құны (Ц) ғимаратты салудың жобалық-сметалық құжаттамасына немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша анықталады.
Ғимаратты пайдалану мерзімінің есебі (Т) «Тұрғын ғимараттар, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы объектілерге ағымдағы және күрделі жөндеу, реконструкциялау» 1.04-26-2004 ҚР СН 7 тармағына сәйкес анықталады.
Тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға қажетті төлемдер сомасы, (Р) келесі формула арқылы анықталады:
Р=Г3 /12/Sп
Г3 - тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жасауға, сонымен бірге, жер телімін ұстауға, жергілікті атқару органымен (мемлекеттік кәсіпорынмен) құрылған немесе тартылған, тұрғын үй - пайдалану қызметінің жылдық смета шығыны, жылына бір теңге;
Sп – тұрғын үйдегі тұрғын жайдың жалпы аумағының сомасы, шаршы метр.
Мемлекеттік жалдау үйлеріндегі 1 айына жалдау төлемінің көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
А=Ц/Т/12+Р
Мысалы, Ц=56 515 теңге, Т=125 жыл, Р=41,5 теңге көрсеткіштері кезінде, айына 1 шаршы метр жалдау құны: А=56 515/125/12+41,7=79,4 теңгені құрайтын болады.
Жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын 1 пәтердің жалдау ақысының құны: айына 79,4*60=4764 теңге құрайды.